Өнімді жинау
.
Майбұршақ піскен кезде оның жапырақтары
сарғайып түсіп қалады, сабағы мен бұршаққаптары қоңырланады,
тұқымдарында сортқа тән түс қалыптасады, қатаяды (шайқағанда
бұршаққап ішінде сылдырлайды). Піскен бұршаққаптар жарылмайды,
дәні шашылмайды. Тұқымдары біркелкі піспейтіндіктен, жинауды
жеделдету үшін хлорат-хлорид кальциін пайдаланып (40-50 л/га),
егістікті АН-2 ұшағымен десикация жасайды.
Майбұршақтың бұршаққаптары толық піскенде комбайнмен тікелей
жинайды. Бөлектеп жинау тәсілі майбұршақ өсімдігінің сабақтары мен
бұршаққаптары сарғайған кезеңде қолданылады.
Егін жинау кезінде- ақ тұқымды қоспалардан тазартады. Тұқымды
ылғалдылығы 13-14% болғанша кептіреді де сақтайды. Сақтау үшін
қойма құрғақ және жақсы желдетілетін болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |