Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет364/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   490
Байланысты:
index (15)

Өнімді  жинау.

 

Үрмебұршақты  жинау  екі  кезеңді  тәсілмен 

бұршаққаптарының  60-80%-ы  қоңырланғанда  және  тұқым  қатайған 

кезде  жүргізіледі.  Жинауды  қысқа  мерзімде  аяқтау  керек,  себебі 

тамырында  тұрып  қалған  немесе  дестеде  жатып  қалған  өсімдік 

тұқымдары  көп  шашылады.  Өнімді  жинауға  бұршақ  оратын  ФА-4М 

комбайны пайдаланылады. 

 

 

4 – ТАРАУ. МАЙЛЫ ЖӘНЕ ЭФИРМАЙЛЫ  ДАҚЫЛДАР 

 

4.1  Майлы дақылдар (жалпы сипаттамасы) 

 

  Тұқымдары  мен  жемістерінің  құрамында  өсімдік  майы  болатын 



өсімдіктерді  майлы  дақылдарға  жатқызады.  Майлы  дақылдар 

ботаникалық  көптүрлілігімен  ерекшеленеді,  әртүрлі  тұқымдастарға 

жатады: 

-

 



астра тұқымдасынан – күнбағыс, мақсары; 

-

 



қырыққабат  тұқымдасынан  –  ақ  және  көкшіл  сұр  қыша,  рапс, 

қышабас, крамбе; 

-

 

бұршақ тұқымдасынан – майбұршақ, жер жаңғағы; 



-

 

сүттіген тұқымдасынан – майкене; 



-

 

күнжіт тұқымдасынан – күнжіт; 



-

 

ерінгүлділер тұқымдасынан – ляллеманция, перилла; 



-

 

көкнәр тұқымдасынан – майлы көкнәр. 



Өсімдік  майларының  жануарлар  майларымен  қатар  азық-түліктік 

маңызы  бар,  өйткені  олар  жоғары  калориялы  болып  табылады.  Оларды 

тағамға, консерві, наубайхана өнеркәсібінде, маргарин өндіруде, кеңінен  

қолданады.  Азық-түліктік  майлардың  ішінде  өндірісі  бойынша  бірінші 

орынды майбұршақ майы иеленеді, содан кейін күнбағыс, жер жаңғағы, 

мақта,  рапс,  күнжіт,  мақсары  майлары  орналасады.  Олар  сыр,  сабын, 

тері,  тігін,  парфюмерия,  медицина  ж.б.  өндірістерде  кеңінен 

пайдаланылады. Олиф, стеарин, линолеум дайындауда да қолданылады. 

Техникалық майлардың  ішінде  бірінші  орында  зығыр  майы,  одан  кейін 

зәйтүн  майы,  майкене  майы  орналасады.  Аталған  дақылдар  өсімдік 

белогінің  маңызды  көзі  болып  табылады.  Майлы  дақылдардан  май 

өндіргеннен  кейінгі  қалдығында  –  күнжара  мен  шротта  (майсызданған 

күнжара)  40  %-ға  дейін  белок  болады.  Күнбағыс,  зығыр  күнжарасы 

бағалы  құнарландырылған  мал  азығы.  Май  бұршақ  күнжарасынан 

казеин,  желім,  пластмасса  өндіреді,  сонымен  қоса  оны  мал  азығына  да 

пайдаланады. Күнбағыс сабағының күлінен поташ (калий тыңайтқышы) 

алынады.  Майлы  дақылдар  өсімдіктерінің  көпшілігі  –  жақсы  бал 

әкелетін өсімдіктер. 




 

357 


Осы  заманғы  үлгіқалып  (стандарт)  талаптарына  сәйкес  адам  бір 

жылда 8,47 кг өсімдік майын (май түрінде  – 6,53 л, маргарин – 1,75 кг, 

майонез  түрінде  –  0,73  кг  ж.б.  өнімдер)  пайдалануға  тиіс.  2002  жылы 

республикамызда  104630  т  күнбағыс  майы  өндірілді,  бұл  қажет 

мөлшерінің  21,6  %,  басқаша  айтқанда  484,6  мың  т  майдың  жетіспеген 

көлемі  импорт  есебінен  толтырылды.  Соңғы  жылдары  елімізде  өсімдік 

шаруашылығында 

диверсификация 

үдерісін 

кеңінен 


қолдану 

нәтижесінде  және  нарық  экономикасының  талаптарына  сәйкес  майлы 

дақылдар өндірісі күрт артты. 

Қазақстан  Республикасында  майлы  дақылдардың  өндірістік  егістік 

аумағын күнбағыс, рапс пен мақсары алып жатыр. Ауыл шаруашылығы 

министрлігінің  деректеріне  қарағанда  2009  жылы  майлы  дақылдардың 

егістігі  1185,4  мың  га  болса,  оның  722,2  мың  гектары  күнбағыс  болды, 

майлы тұқымның жалпы түсімі 770,2 мың тоннаға жетті, ал өнімділігі  – 

6,5 ц/га. Майлы дақылдардың негізгі бөлігі Шығыс Қазақстан, Павлодар, 

СҚО,  Қостанай  (күнбағыс,  рапс),  Алматы,  Жамбыл  (майбұршақ)  және 

Оңтүстік Қазақстан (мақсары) облыстарында шоғырланған. 

Өсімдік  майлары  –  үшатомды  спирт  глицериннің  әртүрлі  май 

қышқылдарымен  байланысқан  күрделі  эфирлер  болып  табылады. 

Белоктар және көмірсуларымен салыстырғанда майлар азырақ тотыққан 

қосылыстар  және  жоғары  калориялылығымен  ерекшеленеді:  1  г  май  – 

9500 калория, 1 г белок – 4400-5500, ал 1 г көмірсулары – тек қана 4000-

4200  калория  бөліп  шығарады.  Олиф  дайындауда  қанықпаған 

қышқылдары  көп  майлар  барынша  құнды.  Майдағы  қанықпаған 

қышқылдар  мөлшерінің  көрсеткіші  – 

йодтық  сан

,

  бұл  100  г  майдың 

қанша  грамм  йодты  қосып  алатындығымен  анықталады.  Йодтық  сан 

неғұрлым  көп  болса,  солғұрлым  майдың  кебу  қабілеті  жоғары.  Барлық 

өсімдік майлары кебу дәрежесіне қарай 3 топқа бөлінеді: 

1.  Кебетін  майлар  –  йодтық  саны  130,  бұлар  техникалық  мақсатқа 

пайдаланылады (зығыр, перилла, ляллеманция, арыш майлары); 

2.  Жартылай  кебетін  майлар  –  йодтық  саны  85-130,  негізінен 

тағамға  қолданылады  (күнбағыс,  майбұршақ,    күнжіт,  рапс,  мақсары, 

қыша); 


3.  Кеппейтін  майлар  –  йодтық  саны  85-тен  төмен,  оларға  тағамға 

қолданылатын  жер  жаңғағының  майы  мен  техникалық  мақсатқа 

қолданылатын майкене (кастор) майы жатады. 

Сапалы тағамдық және техникалық майларда өте төмен мөлшердегі 

еркін май қышқылдары болғаны дұрыс (олардың болуы майды қосымша 

өңдеуді  талап  етеді).  Майларда  еркін  май  қышқылдарының  мөлшерін 



қышқылдық  сан

  көрсеткішімен  белгілейді.  Ол  1  г  еркін  май 

қышқылдарын 

нейтралдауға 

қажет 

калий 


сілтісінің 

(КОН) 


миллиграммен (мг) алған мөлшері. 

Көптеген  өсімдік  майлары  сабын  қайнатуда  шикізат  ретінде 

қолданылады.  Майлардың  мұндай  мақсатқа  жарамдылығын 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет