Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет344/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   490
Байланысты:
index (15)

Өнімді жинау

Жасымықты екі кезеңді тәсілмен бөлектеп жинайды. 

Дестелеп ору- өсімдіктің төменгі жағындағы бұршаққаптың тез піскенде 

өнім  ысырабы  көп  болмау  және  тұқымдары  қарайып,  тауарлық  сапасы 

төмендемеу  үшін  дестені  тездетіп  бастыру  керек.  Тұқымды  сақтауға 

қоймас бұрын оны тазалайды және қажет болса кептіреді. 



 

АТБАС БҰРШАҚ 

 

 

Халық  шаруашылығындағы  маңызы

Атбас  бұршақтың  астығы 

пісірілген күйінде, көжесі мен ботқасы қоректілігімен және дәмділігімен 

ерекшеленеді. Оның құрамында орта есеппен 26-34% ақуыз (белок), 0,8-

1,5%  май,  50-55%  көмірсулары  бар.  Тағамға  толық  піспеген 

бұршаққаптары  немесе  шала  піскен  тұқымдары  да  пайдаланылады. 

Атбас  бұршақты  мал  азығына    (астығы,  жасыл  балауса,  сүрлем)  және 

жасыл  тыңайтқышқа  қолданады.  Оның  бір  кг  жасыл  балаусасында  21  г 

қорытылатын протеин, 2 г кальций, 0,5г фосфор және 20 мг каротин, ал 

1кг  тұқымында  1,16-1,30  азықтық  өлшем  болады.  Атбас  бұршақ  дәнді 

бұршақ  дақылдарының  ішінде  барынша  өнімділерінің  бірі.  Оның 

әлеуетті (потенциялды) астық өнімі 25-45 ц/га, ал жасыл балаусасы 400-

500 ц/га жетеді. Экологиялық егіншілік жүйесінде атбас бұршақ өсімдік 

шаруашылығының  маңызды  құрам  бөлігі  болып  табылады.  Басқа 

бұршақ  тұқымдастар  сияқты  атбас  бұршақта  азотфиксациясы 

нәтижесінде  топырақтың  потенциалды  құнарлығын  сақтауда  маңызы 

зор. Ол өсіп-даму кезеңінде түйнек бактериялар симбмозымен 300 кг /га 

дейін  атмосфералық  азотты  сіңіреді  де  оның  жартысына  жуығын 

топырақта кейінгі дақылға қалдырады. 

 

Атбас бұршақ - ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл, Мысыр елінде, 



Грекия  мен  Римде  кең  тараған.  Оның  отаны    Жерорта  теңізі  елдері, 

Батыс  Европада  кеңінен  өсіріледі.  Алайда  Қазақстанда  оның  ауданы 

шамалы. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет