Биологиялық ерекшеліктері.
Ноғатық жылуға талапты, бірақ -
8ºC-ға дейінгі бозқырауды (аязды) көтере алады. Тұқымдары 1-2ºC
температурада өне бастайды, алайда оңтайлы көктеуге 6-12ºC қажет,
вегетативті мүшелерінің қалыптасуына 12-16ºC жылулық оңтайлы деп
есептеледі, ал генеративті мүшелеріне - 17-21ºC. Жалпы өсіп-жетілу
кезеңінің ұзақтығы сорттарына, өсіру ерекшеліктеріне қарай
көктегеннен кейін - 70-110 тәулік, белсенді температура жиынтығы
орташа мерзімде пісетіндерінде - 1700ºC. Құрғақшылыққа төзімділігі
жөнінен ноқаттан ғана қалысады және Қазақстанның қуаңшылықты
аудандарында
астыққа,
жасыл
балаусаға,
пішенге
өсіріледі.
Транспирациялық коэффициенті - 400-500.
Салқын әрі жаңбырлы жылдары ол тот, аскохитоз ауруларымен
залалданады. Гүлдену кезеңі созылыңқы. Ноғатық асбұршақпен
салыстырғанда топыраққа аз талап қояды, ол сортаңдау, қоңыр, жеңіл
құмдақ және саздақ топырақтарда өсе алады, бірақ өте ылғалданғанды
көтере алмайды, ең жақсылары- қара топырақтар. Ноғатық - ұзақ күннің
өсімдігі. Солтүстік Қазақстан аймағы мен Ақтөбе облыстарында
ноғатықтың Степная 287 және Кинельская 7 сорттарын өсіруге болады.
338
Достарыңызбен бөлісу: |