Биіктаулы және таулы-орманды өте ылғалды аймақ.
Мұнда
гидротермиялық коэффициент 1,5-тан жоғары, жылумен аз қамтамасыз
етілген, белсенді температура (10
0
С-дан жоғары) жиынтығы 1000-
1800
0
С деңгейінде, жылдық жауын-шашын 500 мм-ден 1500 мм-ге дейін.
Ылғалдану жағдайларына байланысты бұл аймақта ерте жаздықтар мен
күздіктерді, асбұршақ ж.б. дақылдарды өсіруге болады.
2.
Таулы орманды-далалы өте ылғалды (солтүстігі) және
орташа ылғалды (оңтүстігі) аймақ:
гидротермиялық коэффициенті
1,0-1,5 және белсенді температура жиынтығы 1800-2000
0
С. Аймақтың
климаты өте ылғалды, салқындау болып келеді. Жауын-шашын мөлшері
аймақтың солтүстік жартысында 550-650 мм, оңтүстігінде 325-480 мм.
Аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы 100-130 тәулік, көктемгі бозқырау
орта есеппен мамырдың соңында тоқтайды, ал күзгі бозқырау
қыркүйектің бірінші оңкүндігінде басталады, жекелеген жылдары
көрсетілген мерзімдерден үлкен ауытқушылықтар байқалады. Бұл
аймақта жаздық, күздік астық дақылдарын (бидай, арпа, сұлы, қара
бидай), дәнді бұршақ ж.б. дақылдарды ойдағыдай өсіруге болады.
21
3.
Достарыңызбен бөлісу: |