Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Тұқымның  тіршілікке  қабілеттілігі



Pdf көрінісі
бет64/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   490
Байланысты:
index (15)

Тұқымның  тіршілікке  қабілеттілігі

  –  тұқымдық  жадығаттағы 

тірі тұқымның пайыз мөлшері. 

Тұқым  тірі  организм  болғандықтан  шектелген  тіршілік  ұзақ-

тығымен сипатталады. Тұқымның белгілі бір уақыт өткеннен кейін өсуге 

бейімділігі  өсімдік  түрі  мен  әртүрлі  басқа  факторларға  байланысты. 

Тұқым 

биологиялық

  және 


шаруашылық

 

тіршілік  ұзақтығымен,  ұзақ 

өміршендігімен 

ажыратылады. 

Қалыпты 

жағдайда 

сақталған 

тұқымдардың  өну  қабілетін  сақтауын  биологиялық  тіршілік  ұзақтығы 

деп  атайды  (сыналған  үлгіден  бірен-сараңы  өнсе  де).  Шаруашылық 

тіршілік ұзақтығы (ұзақ өміршеңдігі) – кондициялық сапасы сақталатын 

кезең ұзақтығын көрсетеді. 

Тіршілік ұзақтығына қарай тұқымдар 3 топқа бөлінеді: 

1. 

Микробиотиктер 

– тұқым өнгіштігін 3 жылға дейін сақтайтын 

өсімдіктер (су күріші, пияз, ағаш өсімдіктері ж.б.). 

2. 


Мезобиотиктер

  -  өнгіштігін  3-15  жыл  (көптеген  танаптық 

дақылдар – бидай, арпа, сұлы ж.б.) бойы сақтайды. 

3. 


Макробиотиктер 

–  тұқым  өнгіштігін  15-100  жылға  дейін 

сақтай алатын өсімдіктер жатады (кейбір бұршақ тұқымдас шөптер – ақ 

беде т.б.). 

Тұқымның тіршілік ұзақтығы: 

1.

 



Тұқым  мен  жемістің  жабу  тканьдерінің  қасиеттеріне  тәуелді. 

Өткізгіштігі аз және тығызырақ қабықты тұқымдар борпылдақ қабықты 

тұқымдарға  қарағанда  ұзақ  өміршеңдігімен  ерекшеленеді.  Қолайлы 

жағдайда  сақталған  тұқымның  шаруашылық  ұзақ  өмірлігі  бұршақ 

тұқымдас  шөптерде  20-22  жыл,  дәнді  бұршақ  дақылдарда  18-20  жыл, 

бидай,  арпа,  сұлы,  жүгері,  күріш  тұқымдарында  5-7  жыл,  қара  бидайда 

2-3 жыл. 

2.

 



Химиялық  құрамына  тәуелді,  өйткені  оған  тыныс  алу 

қарқындылығы  мен  осыдан  өрбитін  барлық  зақымдарға  байланысты. 

Белокқа бай тұқымдардың тіршілігі ұзақ, крахмал көп тұқымдарда аздау, 

ал  құрамында  майы  көп  тұқымдардың  тіршілік  ұзақтығы  қысқа  болып 

келеді. 

3.

 



Нақты  аймақтың  тұқымның  толысу  және  пісу  кезеңдегі 

метеорологиялык  жағдайларына  байланысты.  Жарық  және  жылы  ауа 

райы  түқымның  жақсы  пісуіне  және  ұзақ  тіршілікті  тұқым 

қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Керісінше,  бұлыңғыр  әрі  салқын  ауа 




 

43 


райы  пісу  сапасын  нашарлатады.  Мұндай  тұқымның  тіршілігі  қысқа. 

Тұқым  ұзақ  тіршілігіне  табиғат  әсерінен  жапырылып  қалған 

есімдіктердің теріс әсерлілігі байкалады. 

4.

 



Сақтау  жағдайларына  байланысты,  ең  алдымен  сақтау 

уақытындағы  тұқым  ылғалдылығына  тәуелді.  Тұқым  ылғалдылығы 

неғұрлым  жоғары  болса,  солғұрлым  тыныс  алу  қарқынды  жүреді, 

қорлық қоректік заттар ыдырайды және өнгіштігі кемиді. 

Аталған  түсініктердің  агрономдар  үшін  маңызы  зор,  әсіресе  ауыл 

шаруашылығы  дақылдарының  сақтық  және  ауыспалы  тұқым  қорын 

сақтағанда. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет