Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет60/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   490
Байланысты:
index (15)

Тұқымның толық пісу кезеңі

  –  оның  толық  өнгіштікке  жеткен 

кезеңінен басталады, басқаша айтқанда, тұқым барлық жағынан да жаңа 



 

39 


тіршілік үрдісін (циклын) бастауға дайын. Коллоидтар тоза бастайды, ал 

бұл  құбылыс  әлсіз  тыныс  алу  мен  қабаттас  жүреді.  Осы  күйінде  тұқым 

өнгенге  дейін  сақталады  немесе  ұзақ  сақтаудың  нәтижесінде  опат 

болады (шіриді). 

Қарастырылған  тұқымның  даму  кезеңдері  негізінен  дәнді  астық 

дақылдарына  тән.  Алайда  дәнді  бұршақ,  майлы  дақылдарды,  мал 

азықтық  шөптерде  тұқым  мен  жемістің  пайда  болуы  жобамен  дәнді 

астық дақылдарына ұқсас. Бұл танаптық дақылдарда тұқымның өзіне тән 

қоректік  заттар  синтезіне  байланысты  біраз  ерекшеліктер  байқалады. 

Мұны күнбағыс мысалында қарастырып көрейік. 

Күнбағыс  тұқымының  даму  үрдісінде  төрт  кезең  ажыратылады: 

шекілдеуік  көлемінің  қалыптасу  кезеңі,  дән  (ядро)  көлемінің қалыптасу 

кезеңі, толысу және пісу кезеңдері. 

1.  Шекілдеуік  көлемінің  қалыптасу  кезеңі  гүлденуге  дейін 

басталады  да  ұрықтанғаннан  соң  6-14  тәуліктен  кейін  аяқталады. 

Ұрықтанғаннан кейін шамамен 6 тәулікте ұзындығы, ал 8-14 тәулікте ені 

мен қалыңдығы қалыптасады. 

2.  Дән  (тұқым)  көлемінің  қалыптасу  кезеңі  ұрықтанғаннан  кейін 

басталады.  Ұзындығы,  қалыңдығы  мен  ені  төртінші  тәулікте 

айтарлықтай өсе бастайды және 12-14 – тәулік дегенде аяқталады. 

3.  Толысу  кезеңі  тұқым  көлемінің  қалыптасу  кезеңінің  соңында 

басталады  да  шекілдеуікке  құрғақ  заттардың  жинақталуы  мен  майдың 

қорлануы  тоқтағанда  аяқталады.  Әдетте  бұл  шекілдеуік  ылғалдылығы 

38-40 %-ға дейін төмендегенде іске асады. 

4. Пісу кезеңінде ылғалдылығы азайып, кебу үрдісі жүреді. Тұқым 

егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу күйіне өтеді. Пісу кезеңінің ішінде 

пісу деңгейлері ажыратылады: жинау деңгейі – шекілдеуік ылғалдылығы 

18-20  %,  шаруашылық  деңгейі  –  шекілдеуік  ылғалдылығы  –  12-14  % 

және  тамырында  тұрып  қалу  деңгейі  –  шекілдеуік  ылғалдылығы  12  %-

дан төмен. 

Жоғарыда  келтірілген  деректер  көрсеткендей,  шекілдеуіктің  даму 

үрдісінің  негізіне  ылғалдылық алынған,  алғашқы  екі  кезеңге  ғана  басқа 

белгілер  алынған.  Бұл  кескін  де  дәнді  дақылдар  тұқымдарының  даму 

кезеңдерімен сәйкес келіп тұр, тек  қана бірінші  кезеңді  – шекілдеуіктің 

қалыптасу кезеңін – тереңірек білген дұрыс. 

Сонымен, тұқым және жеміс түзу үрдісі әртүрлі дақылдарда бәріне 

ортақ биологиялық заңдылықтарда өтеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет