Толық пісу
сатысы (кезеңі)
екі деңгейге бөлінеді: толық пісудің
басы және толық пісу. Толық пісудің бас кезінде тұқым қатты,
тырнақпен із де салынбайды, ылғалдылығы – 20 – 18%. Бұл деңгейде
егінді комбайнмен тікелей орып жинау ұсынылады. Толық пісу кезіндегі
тұқым ылғалдылығы – 17 – 16%, ол жеңіл аздаған шығынмен үгітіледі,
құрғақ, сапалы.
Тұқымның толысуы мен пісуі сыртқы ортаның факторларына
байланысты: жылуға, топырақ пен ауаның ылғалдылығына, топырақтың
құнарлылығына, өсімдіктің жарықталуына т. б.
Қоршаған орта кезеңдер мен кезеңдердің ұзақтығын ғана емес,
сонымен бірге олардың сипатын өзгертеді және бұл түқымның себу мен
өнімдік қасиеттеріне әсер етеді. Егер тұқымның қалыптасуы мен
толысуы кезеңінде ауа-райы ыстық, әрі құрғақ болып топырақта ылғал
аз болса, онда дәнді «ыстық үрады», немесе ол «демікпеге» ұшырайды,
Кейде өсімдіктің әлсіреуі одан әрі созылып, дәннің қатты сусыздануына
әкеліп соғады, биохимиялык үрдістер өзгереді, солардың салдарынан
семіп калған 1000 дәннің массасы төмен тұқым алынады.
Тұқымның қалыптасу, толысу және пісу процесінде оның
химиялық құрамында айтарлықтай өзгерістер болады, бұларға
тұқымның биологиялык сапасы да тәуелді.
Тұқымның пісуіне қарай бірте-бірте май, углевод және белок
түріндегі пластикалық заттар жиналады. Егер толысу кезінде олар жеңіл
ерігіш жай қосылыстар интенсивті түрде кірсе, пісу соңында олар нашар
еритін күрделі қосылыстарға айналады да қоректік заттардың қоры
ретінде жинақталады. Негізгі қоректік заттардан басқа тұқымда
ферменттер (биологиялық катализаторлар), өсіргіш заттар, органикалық
қышқылдар, алкалоидтар, минералды заттар т. б. жинақталады.
Толысу-пісу ұзақтығына және қоректік заттардың тұқымға келіп
түсу интенсивтілігіне ауа райы және агротехникалық жағдайлар елеулі
38
әсер етеді. Ауа райы ыстық және құрғақ, топырақта ылғал жеткіліксіз
болғанда тұқымға түсетін пластикалық заттар азаяды «демікпе» және
«ыстық ұруы» кезінде мүлде тоқтайды, осылардың нәтижесінде егін
өнімі мен сапасы нашарлайды. Мұндай жайт Солтүстік Қазақстан
жағдайында толысу-пісу кезеңінде құрғақшылық ұзаққа созылғанда
дүркін-дүркін байқалып тұрады.
Салқын әрі жаңбырлы ауа райы тұқымның толысуы мен пісуін
ұзартады, дәннің химиялық құрамы өзгереді, өйткені кейбір заттар
өзінің түпкі күйіне айналып үлгермейді. Төменгі температурада және
ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында тұқымда белоктың
мөлшері азаяды.
Тұқымның тамырында тұрып піскенімен оның дамуы әлі
аяқталған жоқ.
5.
Достарыңызбен бөлісу: |