Тұқымның (дәннің) толысуы.
Қорлық заттардың қарқынды
түрде жинақталуымен сипатталады. Азотты заттар амин қышқылдары
мен төмен молекулалы ақуыз (белок) түрінде жинақталады, көмірсулары
(углеводтар) сахароза мен глюкоза – фруктоза түрінде және крахмал
синтезделеді, ал май синтезі өте аз мөлшерде болады.
Тұқым бұл кезеңде негізінен қалыңдығы мен көлденеңіне
барынша ұлғайып өседі, эндосперм ткандары толығымен құралады.
Құрғақ заттардың молаюына байланысты (толық пісудегі мөлшердің 85-
90 %) тұқым ылғалдылығы 40 %-ға дейін төмендейді. Бұл кезеңнің
ұзақтығы 20 тәуліктей, бірақ ауа-райы құрғақ, әрі ыстық болғанда 12-15
тәулікке дейін қысқарады да, күн салқын әрі ылғалды болғанда 25-30
тәулікке дейін созылады. Бұл кезеңді екі сатыға ажыратуға болады:
сүттене пісу
-дәннің консистенциясы сүт тәрізді ақ масса, қабығы
жасыл түсті;
қамырлана пісу
– эндоспермі қамыр түстес күйге ие
болады, дән қабығы сарғыштана бастайды, өйткені хлорофилл жоғалады
(ол тек қана дән тілігінде сақталады). Өсімдік сарғая бастайды, жасыл
түс жоғарғы жапырақтар мен масақша қауызында ғана сақталады.
4.
Достарыңызбен бөлісу: |