1.2 Тұқымның даму кезеңдері
Өсімдіктердің гүлдену кезеңдерінде тозаңдану үрдісі жүреді де
іле-шала ұрықтанады. Қосарлана ұрықтанғанда еркек жынысты бір
спермий ұрғашы жынысты жұмыртқа клеткасына (жасушасына)
құйылады, басқа біреуі екіншілік ядроға қосылады. Соның нәтижесінде
ұрықтанған жұмыртқа клеткадан ұрық дамиды, ұрықтанған екіншілік
ядродан эндосперм қалыптасады. Ұрықтан тұқым, ал түйіннен (завязь)
жеміс дамиды. Ұрық пайда болғаннан толық піскенге дейін – қалыпты
өскін беру қаблетіне ие болғанға дейін – бірқатар күрделі өзгерістерге
ұшырайды, бір күйден жетілдірілген басқа күйге айналады, басқаша
айтқанда тұқымның даму кезеңдері өтеді. Бұл күрделі құбылыс және
дәнді дақылдарда барынша тыңғылықты зерттелген, әрі алты кезеңге
бөлінген (Н.Н. Кулешов, И.Г. Строна):
Достарыңызбен бөлісу: |