Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Факторлардың  жиынтық  (қосынды)  әсер  заңы



Pdf көрінісі
бет48/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   490
Байланысты:
index (15)

  Факторлардың  жиынтық  (қосынды)  әсер  заңы.

 

Бұл  заңға 

сәйкес өсімдіктердің жоғары өнімділігін әртүрлі факторлардың оңтайлы 

ара  қатынасы  ғана  қамтамасыз  етеді,  ал  ол  әр  аймақта  әртүрлі  болуы 

мүмкін. 

Өнім  өсімдік  тіршілігінің  жиынтық  нәтижесі,  немесе  барлық 

факторлардың қосынды әсерінің интегралды шамасы. 

 

Аталған заңдардан мыналар туындайды:

 

1. Кезкелген дақылдың 

жоғары  өнімін  өсімдіктерді  барлық  қажетті  факторлармен  бір  мезгілде, 

үздіксіз және жеткілікті мөлшерде қамтамасыз еткенде алуға болады. 

2.  Әрбір  фактордың  (агрошараның)  тиімділігі  өсімдіктің  басқа 

факторлармен жақсы қамтамасыз етілуіне қарай арта береді. 

3. Әрбір түр (сорт) қоршаған орта жағдайларына әртүрлі деңгейде 

бейімделеді және жеке даму заңдарына сәйкес өнім қалыптастырады, ал 

оның  негізіне  өсімдіктердің  тұқым  қуалаушылық  және  биологиялық 

ерекшеліктерімен  тығыз  байланысқан  өзіндік  ерекше  зат  алмасу  түрі 

жатады. 

4.  Өсімдіктің  әрбір  түріне  (сортына)  дамуының  әртүрлі  кезең-

дерінде әртүрлі кешенді факторлар қажет. 

5. Өсімдік шаруашылығында өсімдіктердің қажетсінуін білу, даму 

заңдылықтарын  ашу  және  оларды  білгірлікпен  пайдалану  бастапқы 

шарт,  басқаша  айтқанда  орта  жағдайларын  агротехникалық  жолдармен 

басқару тетігін іздеу (тиісті сорттарды таңдай отырып) болып табылады. 

Жоғары  сапалы  мол  өнімдерді  кешенді  ғылыми  негізделген 

агротехниканы  қолданып  алуға  алуға  болады.  Мұны  өсімдіктердің 

қажетсінуі  мен  жергілікті  жағдайларға  сәйкес  белгілі  бір  ретпен  тығыз 

байланысқан дұрыс агрошаралар жүйесін қолдану деп түсінген жөн. 



 

28 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет