солу (кәрілік) кезеңі
–
жемістер мен тұқымдардың пісуі.
Ф.М.Куперман тұжырымы бойыншы біржылдық өсімдіктерде
жастың 3 кезеңі бар: жастық шақ, есею және солу (кәрілік).
Өсімдіктердің тіршілік циклінде ол органогенездің (морфогенездің) 12
қосымша кезеңдерін (этаптарын) белгіледі, ал олар өсімдіктердің өсу
және даму сипатынан күнібұрын мағлұмат береді.
Органогенез кезеңдері (этаптары) жас кезеңдері сияқты белгілі бір
кезекпен өтеді, алайда сырт қарағанда олар бүркемелі түрде өтетіндей,
өйткені алдыңғы кезеңдерге тән ерекшеліктер өсімдіктердің кейінгі
кезеңдерінде де дами береді.
Кезеңдердің ұзақтығы, әрбір кезеңнің мүше (орган) қалыптастыру
қарқыны мен амплитудасы (шегі) сорттың тұқым қуалаушылығымен
және өсімдіктердің бейімделген басты факторларының оңтайландыру
(оптимизация) дәрежесімен анықталады.
Кез келген дақылдың өсіру технологиясы оның биологиялық
ерекшеліктеріне (қоршаған орта факторларына талаптарына) негізделіп
жасалады, сонымен бірге өсімдік тіршілігінің ұзақтығы, жарық күннің
ұзақтығына реакциясы, тозаңдану түрі, әрбір өсіп-даму кезеңінің
ұзақтығы, гүлдену ұзақтығы ж.б. ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |