Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет41/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   490
Байланысты:
index (15)

Батыс  Қазақстан  облысы. 

Облыс  климаты  жауын-шашынның 

аздығымен,  ауа  мен  топырақтың  құрғақшылығымен,  қатты  желдермен 

ерекшеленеді.  Орташа  жылдық  жауын-шашын  мөлшері  300  мм-ден 

(солтүстік-шығыста)  190  мм-ге  дейін  (шөлейт  аймақта).  Жылдың  жылы 

кезеңінде 90-135 мм ылғал түседі. Жылдық жауын-шашынның түсуінде 

екі көп мөлшері (максимум) байқалады: біріншісі – маусым және шілде, 



 

23 


екіншісі – қазан айлары. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 4,5 айдан (облыстың 

солтүстігінде)  5,5  айға  дейін  (оңтүстігінде).  Облыс  климатына  кеш 

көктемгі  және  ерте  күзгі  бозқыраулар,  атмосфералық  және  топырақ 

қуаңшылығы,  аңызақ,  қатты  желдер  (кейде  шаң  және  құмды  дауылға 

айналады)  тән  болып  келеді.  Жоғарыда  айтылғандарға  сәйкес,  өнім 

деңгейін  топырақ  ылғалдылығы  анықтайды.  Негізгі  ылғалдану  көзі  – 

облыс  бойынша  атмосфералық  жауын-шашын.  10

0

С-дан  жоғары 



температура  жағдайында  мұнда  135  мм-ден  90  мм-ге  дейін  ғана  ылғал 

түседі,  ал  облыс  аумағында  булану  мөлшері  850  мм-ден  (солтүстігінде) 

1300  мм-ге  дейін  (оңтүстігінде)  өзгереді.  Жылдарға  қарай  облыста 

түсетін  ылғал  мөлшері  біркелкі  емес.  Облыста  оңтүстік  қара-

топырақтары,  қара-қоңыр  топырақтардың  барлық  типтері  және  қоңыр 

(құба)  топырақтар  кең  тараған.  Қоңыр  (құба)  топырақтар  негізінен 

облыстың  оңтүстігінде,  ал  барынша  құнарлы  топырақтар  облыстың 

солтүстік  аудандарында  (оңтүстік  қара  топырақтары  мен  күңгірт  қара-

қоңыр топырақтарн) және бүкіл жыртынды жерлердің 64% алып жатыр. 

Жоғарыда  келтірілген  табиғи  ауа  райы,  топырақ-климат 

жағдайларының 

көрсеткіштері 

аймақтардың 

биоклиматтық 

потенциалдарын  толығырақ  бағалауға  мүмкіндік  береді,  өсімдіктер 

тіршілігінің  реттелмейтін  факторларына  олардың  биологиясын  терең 

білу  негізінде  қоректік  технологияны  тиімді  пайдалануға  және 

бейімдеуге,  сонымен  бірге  реттелгіш  факторларды  үйлестіруге  әсер 

етеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет