Жартылай құрғақшылықты аймақ
(Ойыл, Мұғалжар
аудандары ж.б.). Топырақтары негізінен ашық қара-қоңыр, тұзды
дақтармен қоңыр (құба) топырақтар да кең тараған. Гидротермиялық
коэффициенті 0,4-0,6, белсенді температура жиынтығы 2800-3200
0
С,
жылдық жауын-шашын мөлшері 180-225 мм, оның 90-125 мм
өсімдіктердің өсіп-даму кезеңдерінде түседі, аязсыз кезеңнің ұзақтығы
140-150 тәулік, қысы суық және қар аз түседі.
4.
Шөлейтті аймақ
(Байғанин, Шалқар аудандары) қоңыр, ашық
қоңыр топырақтары және сорлы кешендерімен ерекшеленеді. Аймаққа
өте құрғақшылықты климат тән: гидротермиялық коэффициенті 0,4
және одан да төмен, белсенді температура жиынтығы 3200
0
С-дан
жоғары, орташа жылдық жауын-шашын 200 мм-ден аспайды, аязсыз
кезең 5 айға созылады, қар қабаты 15-20 см, қысы суық, жазы ыстық,
құрғақ әрі ұзақ, жаз кезеңінде небәрі 15-20 мм ылғал түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |