Құрғақшылықты далалы аймақта
(Алға, Әйтеке би аудандары
ж.б.) гидротермиялық коэффициент – 0,6-0,8. Аймақтың климаты
бірінші аймақпен салыстырғанда айтарлықтай құрғақшылығымен
ерекшеленеді. Белсенді температура (10
0
С-дан жоғары) жиынтығы 2600-
2900
0
С-ға жетеді, орташа жылдық жауын-шашын мөлшері – 220-250 мм,
аязсыз кезеңнің ұзақтығы – 130-140 тәулік. 1м топырақ қабатындағы
өнімді ылғал қоры көктемнің бас кезінде тіпті төменгі далалық
ылғалсиымдылық мөлшеріне де жетпейді, сондықтан көктемгі дала
жұмыстарын қысқа мерзімде іске асырған дұрыс. Жазы ыстық, құрғақ,
бұл кезең нажағайлы және нөсерлі жауын-шашын мен ерекшеленеді,
салыстырмалы ауа ылғалдылығы жаз айларында 20-35% дейін
төмендейді. Күз құрғақшылықты және желдің күшеюімен сипатталады.
3.
Достарыңызбен бөлісу: |