49
(оптимум) температура бөрту жылдамдығын арттырады және
ферменттер қызметін күшейтеді.
ХІХ ғасырдың 70-жылдарындағы Ф. Габерландтың зерттеулері
көрсеткендей, екпе дақылдардың жылуға қажеттілігі жөнінен бір-бірінен
айырмашылықтары анағүрлым көп. Ол тұңғыш рет көптеген екпе
дақылдар тұқымының ең аз, колайлы және ең жоғарғы өну
температураларын белгілеп берді. Кейінірек В.Н. Степанов (1948)
зерттеулерімен екпе дақылдар тұқымының өнуіндегі температура шегі
егжей-тегжейлі анықталды.
Тұқымның ең төменгі өну температурасы: бидай, қара бидай, арпа,
сұлы, асбұршақ, ноғатық, сиыр жоңышқа үшін 1-2
0
С, қарақұмық пен
ноқатта – 3-4
0
С, тары мен жүгеріде – 8-10
0
С. Көптеген ғалымдардың
тұжырымы бойынша әртүрлі танаптық дақылдарда оңтайлы температура
да әртүрлі: астық дақылдарының бірінші тобында (бидай, қара бидай,
арпа, сұлы) және кейбір дәнді бұршақ дақылдарында (ноғатық ж.б.) – 20-
22
0
С, астық дақылдарының екінші тобында (тары, жүгері, шәй жүгері
ж.б.) – 26-28
0
С. Ең жоғарғы (мах) температура – тиісінше астық
топтарында 30-32 және 38-40
0
С.
Дала жағдайында егін көгінің пайда болуына қажетті ең аз
температура лабораториялық жағдайғы тұқым өну температурасынан
анағұрлым жоғары болатындығы. Көптеген дақылдар үшін бұл
айырмашылық 2-3
с
С деңгейінде.
Тұқымның өнуіне ең кажетті жағдайдын бірі тұкымның тыныс
алуына және эндоспермдегі қорлық қоректік заттардың тотығуына
жеткілікті мөлшерде
оттегінің
кажеттігі болып табылады. Оттегі
жетімсіз болғанда анаэробтық тыныс күшейеді, мұның өзі өсуге кедергі
келтіретін тотықпаған метаболиттердің жинақталуына әкеліп соғады.
Аэрацияның болуынан және көмірқышқыл газының 17%-ға дейін
кобеюінен тұқымның өнуі қысымшылықпен өтеді, ал ол 35%-ға
жеткенде тұқымдар өліп қалады (Қ. М. Фирсова, 1969).
Өну кезінде тұқымда қоректік заттар гидролизге ұшырайды да өсу
нүктесіне оның өнімдері түседі. Өсу, жаңа құрылымның пайда болуы
көп энергия қажет етеді. Бұл энергия тұқымда оның тыныс алуы кезінде
бөлініп шығады (бұл кезде қорлық қоректік заттар – көмірсулары,
майлар - тотығады). Сондықтан өну-өсу кезінде тұқымның тыныс алу
қарқыны артады.
Физиологияда тұқымның өнуі түп тамырлардың ұшы пайда
болғанда аяқталады деп есептеледі, ал өсімдік шаруашылығында – егін
көгінің пайда болуы мен тамамдалады.
Тұқымның өсіп-өну үрдісін И.Г. Строна 5 кезеңге бөлді:
1.
Достарыңызбен бөлісу: