Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


ІІ.  Мемлекеттік  үлгіқалыптармен  мөлшерленетін  себу  сапа



Pdf көрінісі
бет99/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   490
Байланысты:
index (15)

ІІ.  Мемлекеттік  үлгіқалыптармен  мөлшерленетін  себу  сапа 

көрсеткіштері



Тұқым  ірілігі  мен  біркелкілігі.

  Тұқым  ірілігі  мен 

біркелкілігінің  алынатын  өнімге  әсері  ғалымдар  мен  диқан  қауымын 

ертеден  ойландырған.  Көптеген  шетелдік  ғалымдар  (Ф.  Любарский, 

1901; А. Новицкий, 1881; Габерлант, 1880; Вольни, 1881; және басқалар 

ірі  тұқымдармен  сепкенде  өнімнің  артатынына  ертеден  көңіл  аударған. 

П.А.  Костычевтың  (1887)  еңбектерінде  тұқымдық  жадығаттың  ірілігіне 

айтарлықтай  мән  берілген.  Ол  өзінің  «Тұқым  сапасының  өнімге  әсері» 

деген  монографиясында  былай  деп  жазған:  «Егістікке  барынша  жақсы, 

басқаша  айтқанда  жақсы  дамыған  ірі  және  ауырсалмақты  дәндерді 

пайдалану өзінің әсері бойынша тыңайтқыш немесе өте жақсы өңделген 

топырақтың  әсеріне  пара-пар,  сондықтан  өнімді  арттыру  жолында 

тұқымды  сұрыптауға  жоғары  да  аталған  екі  шараға  аударғандай  көңіл 

бөлген  дұрыс».  Ірі  тұқымдардың  жоғары  тиімділігі  кейінгі  кезеңдегі 

ғалымдардың  жұмыстарында  да  дәлелденді  (М.С.  Савицкий,  1956;   

И.М.  Коданев,1970;  Г.В.  Гуляев,1962;  Н.И.  Кулешев,  1963;                 

П.П. Лукьяненко, 1968; ж.б.). 

И.В.  Алехин  100  жылдан  аса  жүргізілген  эксперименттік 

зерттеулер  нәтижелерін  талдай  келіп  мынадай  қорытындыға  келген:  ірі 

тұқымдар  9-11  жағдайдың  8-10  жағдайында  кәдімгі  тұқым  мен  ұсақ 

тұқымға  қарағанда  жоғары  өнім  береді,  ал  орташа  тұқыммен 

салыстырғанда  5  жағдайдың  төртеуінде  осындай  заңдылық  байқалады. 

Ірі, біркелкі және биологиялық құнды тұқымдардан өнімнің жоғарылауы 

мен төмендеуінің  мұндай қатынасы  заңды құбылыс, ал ірі тұқымдардан 

өнімнің  төмендеуі  кездейсоқ  жағдай  немесе  белгілі  бір  зерттеушінің 

таңдап алған тәсілінің ерекшелігімен байланысты. 



 

77 


Ірі  тұқымдардың  егістіктегі  оң  әсерін  Қазақстанда  жүргізілген 

зерттеулерде  де  әйгіленді.  Бұрынғы  Қазақ  ауыл  шаруашылығы 

институтының  (В.  Ферапонтов,  1967),  Зырян  селекциялық  стансасында 

(П.Пискунов,  1965)  және  басқа  ғылыми  мекемелердің  тәжірибелерінде 

ірі тұқымдармен себілген  алқаптардан  мол астық өнімі жиналған. 

Ірі 


тұқымдардың 

артықшылығы 

көптеген 

ғалымдардың 

тұжырымы  бойынша,  оларда  қорлық  қоректік  заттар  көп  жинақталған, 

ұрықтары  ірі  және  т.б.,  осылар  олардың  биологиялық  құндылығын 

сипаттайды. 

Алайда,  ірі  тұқымдар  мен  орташа  іріліктегі  тұқымдардың 

құндылығы бір шамада болған тәжірибелер нәтижелері де белгілі. 

В.Я.  Юрьев  атындағы  Украина  өсімдік  шаруашылығы,  селекция 

және  генетика  ҒЗИ-да  И.Г.  Стронаның  жетекшілігімен  бірнеше  жыл 

бидай,  арпа,  тары  ж.б.  дақылдарымен  жүргізілген  зерттеулерде  орташа 

және  орташадан  ірі  тұқымдар  барынша  жоғары  астық  өнімін 

қалыптастырған, олар сорттың биологиялық ерекшеліктерін сипаттайды. 

Ал ең ірі және ең  ұсақ тұқымдар не төмен немесе тұрақсыз өнім береді. 

Мұндай  құбылысты  Н.Г.  Строна  ірі  тұқымдардың  анатомиялық 

құрылымы  борпас  гипертониялық  ағзалардан  қалыптасқан,  жеңіл 

жарақаттанады  және  тіршілікке  қабілеттілігі  әлсіз  болып  келетіндігімен 

түсіндіреді. 

Солтүстік Қазақстанда да кезінде жаздық бидайдың тұқым ірілігін 

астық  өнімі  мен  сапасына  әсері  жөнінде  ірі  зерттеу  жұмыстары 

жүргізілді. 

Біртұтас  әдістемемен  жүргізілген  зерттеу  жұмыстары  мен 

өнімділік  сапасын  тұқым  ірілігі    анықтай  алмайтын  эксперименттік 

нәтижелер  жинақталды.  Біздің  зерттеулер  мен  қазіргі    «А.И.  Бараев 

атындағы  АШ  ҒӨБ»  РММ-нің  бұрынғы  тұқымтану  лабораториясының  

зерттеулері осыған дәлел. Аталған лабораторияның деректері бойынша, 

оңтайлы себу мөлшерімен өсірілген Саратовская 29 жаздық бидайының 

әртүрлі  фракцияларының  астық өніміне  айтарлықтай  әсері  байқалмады: 

оңтүстік  қара  топырағы  жағдайында  (Шортанды)  әр  гектарға  3,5  млн. 

өнгіш  тұқыммен  себілген  танаптардан  жиналған  астық  өнімі  мынадай 

болды: кәдімгі тұқымнан (бақылау варианты) – 20,7; ірі тұқымнан - 20,7; 

ұсақ  тұқымнан  -  20,6;  орташа  тұқымнан  -  21,0,  орташа  және  ірі  тұқым 

қоспасынан - 21,4 ц/га алынған. 

Тұқым  ірілігінен  астық  өнімі  мен  сапасына  әсері  жаздық  бидай 

үшін  Солтүстік  Қазақстанның    қара-қоңыр  топырақтарында  кезінде 

қазіргі «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің» 

өсімдік шаруашылығы кафедрасының ғалымдарымен зерттелді. 

Танаптық және  лабораториялық зерттеу  жұмыстары  жұмсақ  және 

қатты бидай сорттарымен жүргізілді (Саратовская 29 және Харьковская 

46).  Бидайдың  екі  түрінің  де  тұқымдары  електі  (решетный)  талдау 

негізінде «Петкус» машинасында 3 ірілікке(фракцияға) бөлінді: орташа, 

ірі  және  ұсақ  тұқымдар.  Орташа  тұқымдарға  50%-дан  асқан  қатар  екі 



 

78 


електен шыққан тұқымдар жатқызылды,орташа тұқымдардан ірілерін ірі 

тұқымдарға,  ал  ұсақтарын  -  ұсақ  тұқым  фракциясына  жатқызылды. 

Төртінші  вариант ретінде кәдімгі кондициялы тұқымнан ұсақ тұқымдар 

аластатылып  «ірі+орташа»  тұқым  тобы  құрастырылды.  Бақылау 

вариантына  мұқият  тазартылған  және  семген  барлық  тұқымдары 

аластатылған кәдімгі кондициялы тұқым тобы (фракциясы)  алынды. Екі 

бидай түрі сорттарының  әрбір фракциясы жеке-жеке 5 себу мөлшерімен 

себілді:  аймақ  жағдайында  кепілдемелермен  ұсынылған  жұмсақ  бидай 

үшін 3,0 млн/га өнгіш тұқым, қатты бидай үшін -3,5 млн/га өнгіш тұқым, 

кепілденген мөлшерден 25 және 50% төмен және жоғары. 

Үш жылғы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жаздық бидайдың екі 

түрінде  тұқым  ірілігіне  қарамай    өну  қуаты  мен  өнгіштігінде 

айтарлықтай  айырмашылықтар  байқалмады.  Тұқым  іріленген  сайын 

оның  бастапқы  өсу  пәрменділігі  (қарқындылығы)  көрсеткіштері  -  100 

өскіннің массасы, тамыршалардың массасы мен саны  артты (Кесте 5). 

 

Кесте  5.  Тұқым  ірілігіне  (фракциясына)  байланысты  жаздық 



бидайдың себу сапасының өзгеруі (орта есеппен 3 жылда) (Әрінов Қ.К., 

1998) 


 

Тұқым  


ірілігі 

(фракциясы) 

Ірілігі-

не 


қарай 

тұқым 


шығы-

мы, % 


1000 

тұқым-


ның 

масса-


сы, г 

Өну 


қуаты 

(энер- 


гиясы), 

Лабора-



тория-

лық  


өнгіш-

тігі, % 


Бастапқы өсу күшінің 

қарқындылығы 

10 тәу-

лікте құм 

бетіне 

шыққан 


өскін са-

ны, дана 

100 

өскін-


нің 

масса-


сы, г 

1 өсім-


діктегі 

тамыр-


шалар 

саны, 


дана 

 

Жұмсақ бидай 



Кәдімгі 

(бақылау) 

100.0 

31,5 


88 

94 


82 

4,86 


3,8 

Ұсақ 


14,7 

22,2 


89 

92 


81 

4,05 


3,4 

Орташа 


63,0 

30,8 


90 

95 


84 

4,75 


3,8 

Ірі+орташа 

85,3 

33,8 


89 

94 


88 

5,11 


4,0 

ірі 


22,3 

38,9 


89 

94 


89 

6,13 


4,3 

 

Қатты бидай 



Кәдімгі 

(бақылау) 

100,0 

38,1 


78 

86 


71 

8,05 


4,1 

Ұсақ 


18,6 

27,3 


77 

84 


70 

6,55 


3,9 

Орташа 


56,9 

38,2 


75 

85 


67 

7,58 


4,2 

Ірі+орташа 

81,4 

40,4 


77 

86 


69 

7,92 


4,4 

ірі 


24,5 

46,1 


76 

87 


73 

8,60 


4,5 

 

Жаздық  жұмсақ  бидайда  ірі,  орташа  және  ірі  тұқым 



фракцияларының  басқаларына  қарағанда  танаптық  өнгіштігінің 

жоғарылау  тенденциясы  байқалады.  Қатты  бидай  тұқымының  барлық 

фракцияларында,  ұсақтан  басқасында,  танаптық  өнгіштік  шамамен  бір 



 

79 


деңгейде  болды.  Басқа  тұқым  фракцияларына  қарағанда  ұсақ 

тұқымдардың танаптық өнгіштігі 5-13 %-ға төмен болды. 

Жаздық  бидайдың  астық  өнімінің  12,8-17,6  ц/га  бола  отырып 

зерттеу  жылдарында  жалпы  деңгейі  ірі,  орташа  және  ірі  тұқымдар 

қоспасы,  орташа  тұқым  фракцияларының  астық  өнімінде  айтарлықтай 

айырмашылықтар байқалмады, алайда ұсақ тұқымдар көпшілік жағдайда 

статистикалық  дәлелденген  төмен  астық  өнімін  береді.  Бидайдың  екі 

түрінде  де  барынша  жоғары  астық  өнімін  төменгі  себу  мөлшерінде 

қалыптастырып,  ал  ұсақ  тұқымдар  ең  жоғары  өнімді  салыстырмалы 

жоғары  себу  мөлшерінде  қамтамасыз  етеді,  басқаша  айтқанда,  әртүрлі 

іріліктегі тұқымдардың оңтайлы себу мөлшері сәйкес келе бермейді. 

Тұқым  ірілігіне  байланысты  алынған  өнімнің  астық  сапасы 

қызығушылық  туындатады.  Біздің  зерттеулерімізде  жаздық  бидайдың 

түріне,  тұқымның  ірілігіне  қарамай  астықтың  көлемдік  массасы 

(натуралық массасы) мен шынылығында айтарлықтай айырмашылықтар 

байқалмады. Ал ақуыз  (белок) мөлшері жөнінде мынаны айтқан дұрыс: 

зерттеу  жылдарында  орта  есеппен  жұмсақ  бидай  астығында  ол 

көрсеткіш  16,1-16,9%,  ал  қатты  бидайда  -  17,6-18,1%  болды;  ұсақ 

тұқымнан  қалыптасқан  астық  өнімінде  ақуыз  мөлшерінің  және 

технологиялық сапа көрсеткіштерінің төмендеу тенденциясы байқалды. 

Сонымен,  тұқым  ірілігі  мен  біркелкілігінің  астық  өнімі  мен 

сапасына  әсеріне  байланысты  әдебиеттер  деректері  мен  өзіміздің 

ғылыми  зерттеу  нәтижелерімізге  сүйене  отырып  Солтүстік  Қазақстан 

жағдайында  төмендегідей  қорытындылар  мен  өндіріске  ұсыныстар 

(кепілдемелер)  берілген,  ал  оның  мәні  мынада:  бидай  тұқымын  себуге 

дайындағанда  оны  ірілігі  бойынша  сорттау  және  фракцияларды  жеке-

жеке егістікте себу тиімсіз; тұқымдық жадығатты мемлекеттік үлгіқалып 

талаптарына  сәйкес  себу  кондициясына  жеткізу  мақсатында  тұқым 

тобынан  ұсақ  әрі  сапасыз  тұқым  бөлігін  аластатса  жеткілікті;  орташа 

және  ірі  тұқымдардың  тұқым  тобынан  жалпы  шығымы  81-85  % 

құрайды; өндірістік жағдайда  тұқымның осы толыққұнды бөлігін тиісті 

саңылаулы  електерді  (решеткаларды)  бірден  таңдап  алып  тазалаған 

дұрыс; нәтижесінде күрделі тұқым тазалағыш агрегаттардан оның өткізу 

саны азаяды, әрі тұқымның жарақаттануы  төмендейді.  Айта кету керек, 

бұл  кепілдемелер  Солтүстік  Қазақстанның  ауыл  шаруашылығы 

өндірісінің үлкен аумағында қабылданып, енгізілген. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет