Макроскопиялық әдіс
.
Тұқым тазалығын анықтағанда жай
көзбен қарап немесе үлкейткіш (10-20 есе) шынылардың көмегімен
ондағы қоспаларды да анықтайды: бидай,арпа, сұлы, астық тұқымдас
шөптерде – қара күйе қапшықтары мен қастауыш (спорынья)
склероцийлерін тұқым массасына пайызбен, ал бұршақ дақылдарында –
ақ және сұр шірік склероцийлерін де тұқым массасына пайызбен
есептейді.
Люминесценттік әдіс.
Негізгі дақылдың тұқымдары қара қағаз
бетіне салынып, ультра күлгін жарықтағыш аспаптың астына
орналастырылады. Бидайдың сау тұқымдары көкшіл-жасыл немесе
көкшіл – күлгін түспен жарықталады, ал қара күйе ауруымен жоғары
дәрежеде залалданған тұқымдар қоңыр, көмескі түсте қалады.
Асбұршақ тұқымының кесел (аскохитоз) және фузариозбен
залалданған жерлері көмескі қызыл-қоңыр түспен жарықталады.
Қант қызылшасының тұқымдары құрғақ шірікпен (фомоз)
дерттенгенде тұқымның бетіндегі саңырауқұлақ пикнидалары ақ-күңгірт
түспен, ал фузариозбен залалданған жүгері тұқымы ашық қызғылт –
сары, немесе қызыл күрең түспен жарықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |