Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет94/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   490
Байланысты:
index (15)

Тұқымның  аурулармен  залалдануы.

  Аурулармен  зақымданбаған 

тұқымдық  жадығатты  егістікке  пайдалану  -  ауыл  шаруашылығы 

дақылдарынан  мол  әрі  сапалы  өнім  алудың  бір  кепілі.  Тұқымтану 

іссанасында тұқымның аурулармен дерттенуін (залалдануын) анықтауға 

үлкен  мән  беріледі.  Ауру  тұқым  жиі  түрде  дақылдың  өсіп-дамуын 

әлсіретіп, кейіннен оның өнімі мен сапасын төмендетеді. Сондықтан да 

тұқымның аса қауіпті аурулармен залалдануына жол берілмейді, немесе 

мемлекеттік үлгіқалыптармен(стандарттармен) щектеледі. 



 

75 


Тұқымдық  жадығаттың  аурулармен  залалдануын  анықтағанда 

саңырауқұлақ  және  бактериялық  аурулардың  бар-жоғын,  олардың  түр 

құрамын,  олармен  залалдану  дәрежесін  белгілейді.  Аурулармен 

залалдану нәтижелерін дақылға және ауру түріне байланысты массаның 

пайызымен  немесе  1  кг  тұқымдық  жадығатқа  есептегендегі  санымен 

анықтайды. 

Тұқымның 

аурулармен 

залалдануын 

анықтаудың 

мемлекеттік 

үлгіқалыптармен 

(МҮҚ, 

МСТ) 


бірнеше 

әдістер 


қарастырылған. Төменде екі әдіс баяндалған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет