Басқа өсімдіктер тұқымының қоспасы.
Мемлекеттік үлгіқалып
(МҮҚ) талаптары бойынша тұқымның тазалығын пайыз өлшем
бірлігімен негізінен жалпы қоспалар (қоқыс) мөлшерін анықтайды.
Сонымен қатар тұқымның егістік сапасына 1кг тұқым үлгісіне
есптегендегі мәдени өсімдіктер мен арамшөптер тұқымдарының жеке-
жеке сандары ескеріледі және ол көптеген танаптық дақылдар үшін
МҮҚ–пен мөлшерленген. Атап айтқанда, І,ІІ,ІІІ-ші сыныпты (класты)
бидай тұқымдарында тиісінше барлығы - 10, 40, 200 дана/кг тұқым
рұқсат етілсе, оның ішінде арамшөптер тұқымдары – тиісінше 5, 20, 70
дана/кг; тарыда - І, ІІ және ІІІ - сыныптарында барлық басқа қоспалар
тиісінше - 16, 100және 200 дана/кг; ал тек қана арамшөптер саны
тиісінше - 10, 75 және 150 дана/кг; күнбағыста бұл көрсеткіштер
тиісінше - 5, 15, 35 және 2, 5, 15 дана/кг, ал майлы зығырда – тиісінше
сыныбына қарай 200-150, 550-500 және 1550 дана/кг. Ал жекелеген
дақылдарға (жоңышқа, еркекшөп, судан шөбі т.б.) басқа өсімдіктер
тұқымдары (мәдени, арамшөп) сыныбына қарай санмен емес пайызбен
белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |