2. Тұқымның жарақаттануын анықтайтын жанама әдістер.
Тұқымды 0,2%-ды формалин ерітіндісінде өңдеу. Ол үшін тұқым
формалин ерітіндісінде 10 секунд бойы дәріленеді де 2 сағат бойы
тұншықтырылады (брензт астында), соңынан стандартты тәсілмен
көктетіледі. Өнгіштік пен өну қуатының (энергиясының) бақылау
вариантынан төмендеуі жарақаттану деңгейі жөнінде мағлұмат береді.
Бастапқы өсу күшінің пәрменділігі бойынша тұқымның
жарақаттануын анықтау. Анықтау мемлекеттік үлгіқалып талаптары
бойынша жүргізіледі. Тұқым топырақ толтырылған сауытта көктетіледі
және өнгіштіктің төмендеуі бойынша тұқымның жарақатталу деңгейі
анықталады.
Күкірт қышқылының әлсіз ерітіндісінде ылғалдандырылған
төсеніште тұқымды көктету әдісі. Анықтау мемлекеттік үлгіқалып
талаптарына сәйкес әдеттегі көктету әдісі мен анықталады, алайда
төсеніш
0,05-0,07%
күкірт
қышқылының
ерітіндісінде
ылғалдандырылады. Мұндай концентрациялы күкірт қышқылы
жарақаттанған
тұқымдардың
көктеу
үрдісін
қиындатады
да
танаптық(далалық) жағдайларға жақындатады. Бұл әдіс тұқымның
танаптық өнгіштік көрсеткішіне таяу деректерді береді, ал ол ауыл
шаруашылығы өндірісі үшін өте маңызды.
Тұқымның жарақаттануын жанама әдістердің бірімен анықтағанда
есте ұстайтын жәйт, тұқымның өнгіштігі, өсу күші жарақаттанудан ғана
67
емес, басқа да себептерге байланысты. Сондықтан көктету нәтижелерін
тұқымда байқап қарап, зақымданған мөлшерімен қоса бағалаған мақұл.
Достарыңызбен бөлісу: |