63
4.
Ұрықтың жекелеген немесе көптеген жарақаттары. Мұндай
жарақаттардан тұқымның көктеуі жиі түрде өзгермейді, алайда танаптық
өнгіштік айтарлықтай төмендейді.
5.
Эндоспермнің микрожарақаттары, олар өсімдіктердің дамуына
көп әсер етпейді.
6.
Бір мезгілдегі ұрық және эндоспермнің микрожарақаттары,
олар жалғыз ұрық жарақатындай салдарға келтіреді (жарақаттайды).
7.
Тұқым қабығының жарақаты, бұл қауіптірек, әсіресе ұрықта
болғанда, эндосперм маңындағы жарақаттың қаупі азырақ.
8.
Ішкі жарықшақ, бұл жарақат температура әсерінен ткандердің
үзілуінен пайда болады.
9.
Жоғары ылғалдылықта соққылардан туындайтын әртүрлі
жаншулар (вмятина).
Тұқымның жарақаттануы, тек қана олардың қабығы жарақаттанса
да, тұқымның қоректік заттарына микроорганизмдердің кіруіне жол
береді. Зақымданған тұқымдардың тыныс алу қуаты да жоғары. Мұның
өзі сақтауға қойған тұқымның көгеріп зеңденуіне, өздігінен қызуына
және басқа бүлінулерге әкеліп соғады.
Аталған жарақат түрлерін агрономдардың, бірінші кезекте
тұқымтану мен тұқым шаруашылығы мамандарының, білгені дұрыс,
өйткені оларды біле отырып дақыл өнімінен болатын мүмкін шығынды
болжай алады және өндегенде тұқым жарақатын азайту жөнінде
кепілдемелер бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: