Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Топырақ жағдайларының тұқымның далалық өнгіштігіне әсері



Pdf көрінісі
бет80/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   490
Байланысты:
index (15)

Топырақ жағдайларының тұқымның далалық өнгіштігіне әсері.

 

Топырақтың мәденилендірілген және құнарлық күйі, оның механикалық 



құрамы, 

физикалық-химиялық 

қасиеттері 

тұқымның 

далалық 

өнгіштігіне барынша әсер етеді. Әсіресе себу-көктеу кезеңіндегі топырақ 

жағдайларының  (негізінен  ылғалдылықпен,  температуралық  ережемен 

және  топыырақ  аэрациясымен  байланысты)  әсерін  атап  өткен  дұрыс. 

Тұқымның өнуі мен көктеуіне қоршаған ортаның негізгі факторларының 

(ылғал,  жылу,  ауа)  әсері,  жоғарыда  аталып  өткендей,  топырақ  арқылы 

іске  асады.  Сондықтан  тұқымның  танаптық  өнгіштігін  арттырудағы 

егістік  қабатының  оңтайлы  температурасын,  ылғалдылығы  мен 

аэрациясын білу өте маңызды. 

Зерттеулерден  белгілі  болғандай  дер  кезінде  жаппай  және  толық 

егін  көгін  алу  үшін  топырақтың  тұқым  сіңірілген  қабатында  пайдалы 

ылғал қоры жаздық бидай үшін 13-14 мм және күздіктер үшін 11-12 мм 

болғаны абзал. 

Тұқым сіңірілген топырақ қабатының ылғалдылығы төменгі ылғал 

сыйымдылықтың (ТЫС) 70%-нан кем болмауы керек. Ылғалдылық 90%-

дан  асып  кетсе  топырақтағы  ауаның  жетімсіздігінен  далалық  өнгіштік 

төмендей бастайды. 

Топырақтағы  ылғалдың  тапшылығы  тұқымның  танаптық 

өнгіштігін  күрт  төмендетеді.  Сілтілі  қара  топырақтарда  топырақ 

ылғалдылығы  17,05%  болғанда  бірен  саран  ғана  егін  көгі  шықты,    19% 

ылғалдылықта  –күздік  бидай  тұқымы  87,3%  егін  көгін  берген,  ал  21% 

және одан жоғары ылғалдылықта танаптық өнгіштік 96-97% жеткен (   ). 




 

56 


Тұқымның  көктеуіне  қажетті  температуралық  ереже  «Тұқымның 

өнуі  және  егін  көгінің  пайда  болуы»  бөлімінде  баяндалған.  Бұл  жерде 

мынаны  атаған  жөн:  топырақтың  тұқым  сіңірілген  қабатында  жаппай 

және  толық  егін  көгін  алуға  барынша  оңтайлы  температура:  астық 

дақылдарының бірінші тобында - 16-18°С, екінші тобы үшін - 20-22 °С. 

Тым  төменгі,  сол  сияқты  тым  жоғары  температуралар  тұқымның 

танаптық өнгіштігін төмендетеді. 

Далалық  өнгіштік  кенеттен  салқындап  және  ұзаққа  созылғанда, 

толассыз  ақ  жаңбырларда  және  сепкеннен  кейін  топырақтың 

тығыздалуынан  ерекше  төмендеп  кетеді.  Мүның  бәрі  өскіннің  пайда 

болуын көп уақытқа дейін кешеуілдетеді. 

Топырақтың  физикалық,  механикалық  қасиеттері  де  тұқымның 

өнуі  мен  өсуіне  тікелей  де,  өсіп  келе  жатқан  өркендерге  белгілі  кедергі 

келтіріп,  жанама  түрде  де,  топырақтың  су,  жылу  және  ауа  режемлерін 

өзгертіп әсер етеді. 

Тұқымның  өнуі  мен  өркеннің  пайда  болуына  топырақтың  егістік 

қыртысының тығыздығы маңызды рөл атқарады.  Топырак қыртысының 

өзгеруіне  қарай  оның  жылу,  су  және  ауа  режімдері  де  өзгереді,  ал  бұл 

өркеннің  пайда  болу  динамикасы  мен  тұқымның  далалық  өнгіштігін 

өзгертеді.  Қорытылған  деректер  бойынша  көпшілік  далалық  дақылдар 

үшін  орташа  саздақ  топырақтарда  ең  қолайлы  тығыздык  1,1-1,2  г/см

3



Мұндай  тығыздықтағы  топырақта  тұқым  мен  топырақ  бөліктерінің 

қабысуы, түйісуі жақсартады да өркендер біркелкі пайда болады. 

Топырақ  тығыздылығының  өркендерге  әсерін  тексерген  көптеген 

зерттеушілер  топырақтың  eгic  қыртысының  ылғалдылығы  төмен 

болғанда  топырақты  тығыздау  жақсы  нәтиже  беретіндігін  дәлелдеді: 

соның  әсерінен  тұқымның  топырақпен  түйісуі,  тұқымның  топыраққа 

сіңірілу  біркелкілігі,  олардың  сумен  қамтамасыз  етілуі  жақсарады. 

Топырақтың  қалыпты  және  мөлшерден  тыс  ылғалдылығында 

тығыздықтың  қолайлы  мөлшерден  жоғары  көтеру  өскіннің  пайда 

болуын  бөгейді,  әрі  өнгіштікті  төмендетеді.  Сондықтан  топырақты 

тығыздаушы  құралдармен  өндегенде  олардың  оған  әсер  ету  дәрежесін, 

сонымен  қоса  қалыптасқан  ауа-райы  мен  топырақ  жағдайларын  білген 

жөн. 

Топырақ  құрамына  әртүрлі  түрлі  қосылыстар  түрінде  көптеген 



химиялық  элементтер  кіреді,  олардың  салыстырмалы  мөлшері  кең 

шеңберде  өзгереді.  Жоғары  концентрациялы  тұз  ерітінділері  тұқымның 

өнуіне, көктеуіне және танаптық өнгіштікке теріс әсерін тигізеді. Бидай 

басқа  астық  дақылдарына  қарағанда  топырақ  ерітіндісінің  реакциясына 

өте  сезімтал,  ал  сұлы  мен  қара  бидай  тұқымдары  айтарлықтай  қышқыл 

ортада көбірек зардап шегеді. 

Тұқымның  танаптық  өнгіштігін  микроорганизмдермен  кейбір 

арамшөп  өсімдіктерінің  (жабайы  шомыр,  кәдімгі  майда  шөп  ж.б.) 

олардың  теріс  әсері  әсіресе  төменгі  температура  мен  жоғары  топырақ 

ылғалдылығында  күшейе  түседі.  Топырақ  токсиндерінің  ықпалымен 




 

57 


тамыршалар  қысқарады  және  майысады,  колеоптиле  жарақаттанады, 

қысқарады, әрі өскіндер бұратылады. Токсиндерден төмен сапалы бидай 

тұқымдары  (жарақаттанған,  астық  кенесімен  залалданған)  жоғары 

сапалыға қарағанда көбірек зардап шегеді. 

Топырақка  сіңірілген  тұқымдар  және  олардың  өркендері  әртүрлі 

топырақ  зиянкестерімен  закымдалады,  мұның  өзі  далалық  өнгіштікті 

төмендетеді. 

Бүл 


орайда 

сымқұрттар 

(шыртылдақ 

коңыздың 

личинкалары)  (жалған-сымқұрттар  -  қара  қоңыздың  личинкасы)  өте 

қауіпті.  Егер  бір  шаршы  метрде  8-ден  көп  жоғарыда  аталған 

коңыздардың  личинкасы  болса,  онда  олар  көптеген  өсімдіктердің 

далалық өнгіштігі мен тірі қалуын төмендетеді. 

Сонымен  топырақ  жағдайлары  тұқымның  танаптық  өнгіштігіне 

тұрақты әсер ететін фактор болып табылады. Оның ықпалының деңгейі 

топырақтың,  су,  температура,  ауа  ережелері,  микробиологиялық, 

энтомологиялық,  физикалық  –  химиялық  қасиеттеріне  тікелей 

байланысты. Тұқымның өніп көктеуі мен танаптық өнгіштігіне қолайсыз 

жағдайлардың  әсерін  нақты  қалыптасқан  жағдайға  байланысты  белгілі 

бір шараларды қолдана отырып азайтуға болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет