Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Өсіру жағдайлары мен агротехникалық шаралардың танаптық



Pdf көрінісі
бет81/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   490
Байланысты:
index (15)

Өсіру жағдайлары мен агротехникалық шаралардың танаптық 

өнгіштікке әсері.

 Агротехникалық, экологиялық, метереологиялық және 

басқа  жағдайлардың  өзара  күрделі  қатынасы    тұқымның  танаптық 

өнгіштігіне әсер етеді. Агротехникалық жағдайлары жоғарылаған сайын, 

неғұрлым  топырақ  қасиеттері,  ауа  райы  жағдайлары  мен  тұқымның 

көктетілуіне  қажетті  факторлары  толығырақ  ескерілсе,  солғұрлым 

тұқымның танаптық өнгіштігі жоғары болады.  

 Көптеген  зерттеулер  көрсеткендей,  тұқымның  танаптық  өнгіштігі 

алғы  дақылға,  топырақ  өңдеу  мен  тыңайтқыш  қолдану  жүйесіне,  себу 

мерзімі,  тұқымның  сіңіру  тереңдігі  мен  мөлшеріне,  егістікті  күтіп-

баптау шараларына байланысты өзгереді. 

Дәнді және басқа танаптық дақылдарға  алғы дақылды таңдағанда 

алғы  дақылдардың  биологиялық  және  морфологиялық  ерекшеліктерін, 

олардың  топырақтағы  су-ауа  ережелеріне,  арамшөптермен  ластануына, 

микробиологиялық,  фитопотологиялық  қасиеттеріне  әртүрлі  әсерлерін 

есте ұстаған дұрыс 

ҚР  ауыл  шаруашылығы  министрлігінің  «А.И.  Бараев  атындағы 

АШҒЗИ  ҒӨБ»  РММ-нің,  «С.Сейфуллин  атындағы  АТУ»-нің, 

облыстардың ауыл шаруашылығы тәжірибе стансалары мен сорт сынау 

телімдерінің  (учаскелерінің)  зерттеулері  бойынша  жақсы  алғы 

дақылдардан кейін  орналастырғанда  нашар алғы дақылдарға қарағанда 

дәнді,  майлы  және  мал  азықтық  дақылдардың  далалық  өнгіштігі  3-10% 

жоғары  болды.  Мәселен,  жоғары  да  аталған  университеттің    өсімдік 

шаруашылығы  кафедрасының  көпжылдық  деректеріне  қарағанда 

Саратовская  29  жаздық  бидайының  далалық  өнгіштігі  сыдыра 

жыртқышты сүр танабында 62,5%, сүріден кейінгі екінші бидайда 56,1% 

болды  және  егін  өніміне  елеулі  түрде  әсер  етті.  Ақмола  облысының 



 

58 


Шортанды сорт сынау телімінде жаздық Саратовская 29 бидайының егін 

көгінің  толықтығы  таза  сүр  жерде  79%,  жүгеріден  кейін  71%.  Қатты 

Харковская 46 жаздық бидайында тиісінше – 64 және 63% болды. 

М.Қ.  Сүлейменовтың  көпжылғы  ғылыми  деректерінде  жаздық 

бидайдың  егін  көгінің  орташа  көрсеткіші  сүрі  жерде  83%,  ал 

жазықтілгішті  сүдігерде  79%  болды.  Оның  тұжырымы  бойынша 

зерттелген  сорттардың  егін  көгінің  толықтығында  айтарлықтай 

айырмашылықтар байқалмаған. 

Көпжылғы  байқаулар  көрсеткендей,  ғылыми  тәжірибелерде, 

өндірістік  егістіктерде  дәнді  астық  дақылдарынан,  көпжылдық 

шөптерден  кейін    орналастырғанда  жаздық  бидай  тұқымының  далалық 

өнгіштігі  төмендейтіні  дәлелденді,  бұл  әсіресе  өте  құрғақшылықты 

жылдары ерекше байқалады.  

Мезгілінде және толық егін көгін алуда топырақты себуге сапалы 

дайындаудың  маңызы  зор.  Топырақты  өңдеу  оның  гидротермиялық 

және  ауа  ережелеріне  айтарлықтай  әсер  етеді.  Топырақты  негізгі  өңдеу 

тереңдігі  мен  егіннің  көктеуіне  үлкен  ықпал  етеді.  Көптеген  ғылыми 

мекемелердің , өндірістік ісссананың көпжылдық деректеріне қарағанда  

топырақты  аудара  жыртуды  жазықтілгішті  өңдеумен  алмастырғанда  

топырақ    жел  эрозиясынан  қорғалады,  топырақ  және  атмосфералық 

жауын шашынды тиімді пайдаланудың нәтижесінде дәнді дақылдардың 

жаппай  егін көгі  қалыптасады  да  соңынан  мол  өнім  жинауға  мүмкіндік 

жасалады.  Мұнда  жиі  түрде  сүдігерді  жазықтілгіштермен  саяз  өңдеу 

ылғалдың  жақсы  сақталуын,  жаздық  бидай  мен  басқа  дақылдардың 

толық егін көгін алуды қамтамасыз етеді. 

Себу  алдындағы  топырақ  өңдеу–борпас  және  тұқым  орналасатын 

тығыз  төсеніш  қабат  жасайды.  Еліміздің  әртүрлі  топырақ-климат 

аймақтарында  жүргізілген  зерттеулерге  қарағанда  себу  алдындағы 

топырақты  тығыздау  тұқымның  танаптық  өнгіштігіне  оң  әсер  ететінін 

көрсетті.  Тығыздаудың  нәтижесінде  жоғары  себу  қабатына  қарай 

ылғалдың  капиллярлы  жылжуы  жүреді,  топырақ  жақсы  қызады, 

тегістеледі  және  осылар  тұқымның  біркелкі  тереңдікке  сіңірілуін 

қамтамасыз етеді де жаппай егін көгін береді. Себу алдындағы тығыздау 

әсіресе  жеңіл,  нашар  тығыздалған  топырақта  және  ұсақ  тұқымды 

дақылдарды сепкенде өте тиімді. 

Ең  қолайлы  агротехникалық  мерзімде  себу  —  тұқымның далалық 

өнгіштігін  арттырудың  басты  шарттарының  бірі.  Себу  мерзімі 

дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, сонымен қатар температура 

мен егілетін топырақ қыртысының ылғалдылығына байланысты. Сепкен 

уақыт  пен  өркеннің  пайда  болған  кезеңіндегі  топырақ  пен  ауаның 

температурасы  арасында  тура  тәуелділік  бар.  Ал  тұқымның  топырақта 

жатқан  мерзімінің  ұзақтығы  мен  оның  далалық  өнгіштігінің  арасында 

кері қатынас байқалады. Мәселен, оңтайлы (оптималды)  уақыттан ерте, 

қызбаған,  салқын  топыраққа  сепкенде  тұқымдар  бөртеді,  бірақ  сылбыр 

енеді,  өркеннің  пайда  болу  уақыты  созылады.  Мұндай  егістіктер 



 

59 


арамшөптермен  ластанады,  тұқымның  далалық  өнгіштігі  қатты 

төмендейді. 

Орта  есеппен  9  жылда  Ақмола  облысы  жағдайында  жаздық 

бидайдың танаптық өнгіштігі 5-мамырда себілгенде – 76%, 20 мамырда - 

80%  және  5-маусымда  -  77%  болды.  Ал  Қостанай  облысында  аталған 

мерзімдерде себілгенде – тиісінше – 77, 86 және 76%-ды құрады. 

Павлодар  облыстық  ауыл  шаруашылығы  тәжірибе  стансасының 

зерттеулерінде  қарақұмықтың  себу  мерзімі  тұқымның  танаптық 

өнгіштігіне,  себуден  егін  көктегенге  дейінгі  кезең  ұзақтығы,  егіннің 

ластану деңгейі мен астық өніміне айтарлықтай әсер етті (Кесте 4). 

 

 

Кесте  4.  Қарақұмықтың  себу  мерзімінің  тұқымның  танаптық 



өнгіштігіне,  себу–көктеу  кезеңінің  ұзақтығына,  егіннің  ластануы  мен 

астық өніміне әсері (Б.А. Мұстафаев, 2003) 

 

Себу мерзімі   Танаптық 



өнгіштік,% 

Себуден 


көктеуге 

дейінгі 


тәулік саны 

Егінді  жинау 

алдындағы 

арамшөптер 

саны, м

2

/дана 



Астық  өнімі 

ц/га 


25 мамыр 

66,6 


13 

173 


9,7 

30 мамыр 

74,2 

11 


110 

12,5 


5 маусым 

75,7 


81 


12,8 

10 маусым 

74,4 

10 


54 

11,7 


 

Ерте  себілген  тұқымның  далалық  өнгіштігінің  азаюы  ұзақ  уақыт 

салыстырмалы  төмен  температураның  (+14,5°)  әсерінен,  ал  кеш 

себілгенде — топырақтың беткі қыртысының кеуіп кетуінен болады. 

Ақмола  облысының  қара-қоңыр  топырақтарында  С.  Сейфуллин 

атындағы ҚазАТУ- нің  өсімдік шаруашылығы кафедрасының жүргізген 

зерттеулерінде  тарының  егін  көгінің  жиілігі  20  және  30  мамырда 

себілгенде  тыңайтқыш  енгізілген  танапта  тыңайтқыш  енгізілмегенге  

қарағанда  анағұрлым  жоғары  болды  және  мол  астық  өнімін 

қалыптастырды. 

Егіс  нормасы  мен  себу  әдісі  де  әртүрлі  далалық  өнгіштік 

көрсеткішіне әкеліп соғады. 

Себу  жиілігі  соған  сәйкес  (қоректену  алаңы)  өсімдік  тіршілігінің 

алғашқы  күндерінен-ақ  әсер  ете  бастайды.  С.  Сейфуллин  атындағы 

Қазақ  агротехникалық  университеті,  ҚР  АШМ-нің  «А.И.  Бараев 

атындағы  ҚАЗАШҒЗИ  ҒӨБ  орталығы»  РММ  және  баска  ғылыми 

мекемелердің көп жылғы зерттеулерімен мынадай заңдылық анықталды:  

дәнді,  дәнді  бұршақ,  май  және  кейбір  мал  азығындық  дақылдардан 

басқаларында,  әртүрлі  тұқымдар  және  әдістермен  сепкенде  далалық 

өнгіштің өзгермегені байқалды. 

Тұқым  сіңіру  тереңдігі  далалық  өнгіштікке  айтарлықтай  әсер 

ететін  фактор.  Оның  өзі  тұқымның  ірілігіне,  топырақтың  механикалық 




 

60 


құрамына,  топырақтың  егістік  қыртысының  ылғалдылығы  мен 

тсмпературасына  тәуелді.  Н.Қ.  Ижиктің  деректері  бойынша  жаңбырдан 

кейін жеңіл сазданған ауыр топырақтарда дәнді дақылдар тұқымының ең 

жоғары  далалық  өнгіштігі  оларды  1-2  см  тереңдікке  сіңіргенде 

байқалады.  Сіңіру  тереңдігін  4-5  см  өсіргенде  тұқымның  далалық 

өнгіштігі  жаздық  бидайда  —  26,  арпада  —  25,  сұлыда  —  16, 

қарақұмықта — 28 пайыз кемиді. 

С.  Сейфуллин  атындағы  Қазақ  АТУ-нің  өсімдік  шаруашылығы 

кафедрасының  зерттеулері  көрсеткендей,  егістік  қыртысының  қолайлы 

ылғалдылығына  жаздық  бидай  тұқымының  сіңіру  тереңдігінің  артуына 

қарай  далалық  өнгіштік  азайды.  Атап  айтқанда,  Саратовская-29 

бидайының  далалық  өнгіштігі  әртүрлі  тұқым  сіңіру  тереңдігінде 

мынадай  болды:  5  см  —  70,  7,5  см  —  58,  10  см  —  34,  Харьков  46 

сортында тиісінше 68, 53 және 31 пайыз. 

Егінді  баптап-күтудің  агротехникалық  шаралары  да  тұқымның 

далалық  өнгіштігіне  үлкен  ықпал  жасайды.  ЬІлғал  жетімсіз, 

структуралы,  жеңіл  және  орташа  топырақтарда,  немесе  топырақтың 

егістік қыртысы борпылдақ болып келгенде себуден кейінгі топырақтың 

ережесін  жақсартады,  капиллярлық  байланысты  қалыпқа  келтіреді. 

Себуге  дейін  және  сепкеннен  кейін  топырақты  тығыздау  арқылы 

тұқымның  далалық  өнгіштігін  арттыру  еліміздің  әртүрлі,  оның  ішінде 

Солтүстік Қазакстан аймағында көптеген ғалымдармен дәлелденді. 

Жауын  шашыннан  кейін  шаңдатылған  сазды  және  саздақ 

топырақтарда  қабыршақ  пайда  болады,  оның  үстіне  ол  кепкен  сайын 

оның  қалыңдығы  мен  тығыздығы  арта  береді.  Тығыз  қабыршақтан 

топыраққа  ауаның  енуі  қиындайды  да  өскіндердің  көп  бөлігі 

қабыршақты  жарып,  жер  бетіне  шыға  алмайды  да  опат  болады 

нәтижесінде  тұқымның  танаптық  өнгіштігі  күрт  кемиді.  Топырақ 

қабыршағын  оның  түзіле  бастағанында  құртқан  дұрыс.  Жұқа 

қабыршақты жеңіл сеткалы тырмалармен оңай құртуға болады. 

Тыңайтқыш кез келген танаптық дақылдардың өнімін арттыратын 

әсерлі  фактор  бола  отырып  егін  көгінің  қалыптасуына  да  ықпалдылық 

жасайды.  Органикалық  және  минералдық  тыңайтқыштардың  әсерінен 

топырақтағы 

микробиолгиялық, 

физикалық-химиялық 

ережелер 

өзгеретіні  белгілі.  Аталған  осы  өзгерістер  тұқымның  танаптық 

өнгіштігіне  әсер  етпей  қоймайды.  Көптеген  зерттеулер  көрсеткендей, 

оңтайлы  мөлшердегі  органикалық  тыңайтқыштар  әдетте  тұқымның 

танаптық  өнгіштігін  арттырады,    өйткені  олар  топырақтың  су- 

физикалық, химиялық қасиеттерін жақсартады. 

Минералдық  тыңайтқыштардың  танаптық  өнгіштікке  әсері 

тыңайтқыш  түріне,  енгізілу  мөлшері  мен  тәсіліне,  сонымен  қатар  себу-

көктеу  кезеңіндегі метереологиялық жағдайларға  байланысты өзгереді. 

Тұқымның көктеуіне барынша зиянсыз түрі – минералды тыңайтқышты 

топырақтың  тереңірек  қабатына  енгізу  (сүрі  танабына  немесе  сүдігер 

дайындағанда)  Мұндай  жағдайда  тұқымның  танаптық  өнгіштігі 




 

61 


артатынын 

көптеген 

ғалымдар 

айқындады. 

Минералды 

тыңайтқыштарды  топырақ  бетіне,  себу  алдындағы  топырақ  өңдеумен  

қатар енгізу тұқымның танаптық өнгіштігін төмендетуі мүмкін. 

Себу  кезінде  енгізілген  тыңайткыштар,  егер  тыңайтқыш 

түйіршіктері  мен  тұқым  арасында  ауа  қабаты  болмаса,  тіпті  аз 

нормасының өзі тұқымның далалық өнгіштігін төмендетеді, бұл топырақ 

ерітіндісінің  концентрациясы  тұқым  мен  тыңайтқыш  түйірлерінің 

түйіскен жерінде жоғары болуынан. 

Өсімдік  өскіндері  мен  көктеріне  аса  қауіптісі  минералды 

тыңайткыштарды  тұқыммен  араластырып  топыраққа  енгізу  болып 

табылады  (экономикалық  тиімді  болғанмен).  Бұл  жағдайда  тұқым  мен 

тыңайткыштардың  түйісу  мүмкіндігі  егін  себуге  дейін  де,  сепкеннен 

кейін  де  аса  зор.  Тұқымды  тыңайтқыштармен  араластырып  қана  себу 

қажеттігі  туса,  онда  мұңы  дәл  себер  алдында  жүргізген  дұрыс.  Осы 

мақсат 

үшін 


бейтараптанған 

(нейтралданган) 

суперфосфат 

пайдаланылады.  Ол  үшін  тұқым  құрғақ  болуы  қажет.  Тұқымды  азот 

және  калий    тыңайтқыштарымен  араластыруға  болмайды.  Тұқым  мен 

суперфосфатты  күні  бұрын  араластырғанда  тұқымның  далалық 

өнгіштігі, әсіресе жалаңаш тұқымды астықтардың, барынша төмендейді. 

Далалық  өнгіштікке  себу  алдында,  егін  көгі  пайда  болғанға  дейін 

және  алдыңғы  дақыл  үшін  енгізілген  топырақ  гербицидтері  (егер 

олардың  улылығы  топырақта  ұзақ  уақыт  сақталса)  әсер  етеді. 

Сазданатын  ауыр  топырақтарда  суару  мен  жаңбырдың  әсерінен 

қабыршақ  пайда  болуы  себепті  егін  көгінің  пайда  болуы  тежеледі  де 

танаптық (далалық) өнгіштік төмендейді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет