Ж. Нысамбаев, Н. С. Уалиев


 Формальды емес модельдеудің арнайы әдістері



Pdf көрінісі
бет108/120
Дата06.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#79232
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   120
Байланысты:
Akparattik kauipsizdik zhane akparattyk korgau Nysambaev

 
12.4. Формальды емес модельдеудің арнайы әдістері 
 


130 
Формальды емес модельдеудің арнайы әдістері жҥйелердің формальды 
емес теориясына негізделген. Жҥйелердің формальды емес теориясының негізгі
 
қҧрамда бӛліктері мыналар: 

кҥрделі жҥйелер жҧмысының процестері мен архитектурасын 
қҧрылымдау; 

бағалаудың формальды емес әдістері; 

оптимальды шешімдерді іздеудің формальды емес әдістері. 
Қҧрылымдау дегеніміз ҧйымдастыру-техникалық жҥйелерге тән болатын 
жҥйелерді формальды суреттеуді дамыту. Қҧрылымданған процестің мысалы 
ретінде конвейерлі ӛндірісті алуға болады. Мҧндай ӛндірістің негізінде 
тӛмендегі екі принцип жатыр: 

ӛндірістің технологиялық процесін қатал тҥрде регламенттеу; 

орындаушылар мен қҧрал-жабдықтарды мамандандыру.
Ӛндірілетін ӛнімдер конструкциясы тӛмендегі талаптарға жауап береді деп 
есептеледі:

жасалған бҧйым конструктивті, иерархиялық элементтерден (блоктардан, 
тҥйіндерден, схемалардан, детальдардан, т.с.с.) тҧрады; 

конструктивті 
шешімдер 
мен 
технологиялық 
операциялардың 
максималды қарапайымдылығы, біріңғайлылығы мен стандарттылығы; 
Қазіргі кезде КЖ-дегі техникалық қҧралдарын ӛндіру процесі жеткілікті 
тҥрде толық қҧрылымдалған. Қҧрылымдық программалау да қҧрылымдық 
процестер қҧрамына енеді. Қҧрылымдық программалаудың принциптері мен 
әдістерін жалпылау негізінде зерттелетін жҥйелер мен олардың жҧмыс істеу 
процестерін қҧрылымдалған тҥрде сипаттаудың шарттары тҧжырымдалған [8]: 
1.
негізгі элементтер мен олардың ӛзара байланысын бейнелеудің 
толықтығы; 
2.
барабарлығы; 
3.
сипаттаудың элементтерінің ішкі ҧйымдастырылуы мен элементтердің
ӛзара байланысыының қарапайымдылығы; 
4.
элементтердің ішкі қҧрылымы мен олардың ӛзара байланысының 
біріңғайлылығы мен стандарттылығы; 
5.
модульділік; 
6.
моделдің басқа компоненттерін онша ӛзгертпей белгілі бір 
компоненттердің қҧрылымдарын кеңейту мен ӛзгерту мҥмкіндігі деп тҥсінуге 
болатын икемділік; 
7.
сәйкес профильдегі орташа біліктілікті кез келген маманның модельді 
зерттеу мен пайдалана алу мҥмкіншілігі. 
Жҥйелерді жобалау процесінде олардың сипаттамаларын алу қажет. Кейбір 
сипаттамалар ӛлшеу жолымен алынуы мҥмкін, ал кейбіреулері аналитикалық 
қатынастарды пайдалану арқылы, сол сияқты статистикалық мәліметтерді 
ӛңдеу нәтижесінде алынуы мҥмкін. Дегенмен кҥрделі жҥйелердің аталған 
әдістермен алынбайтын сипаттамалары да болады. АҚЖ-нің мҧндай 
сиапаттамаларына кейбір қауіптерді іске асыру ықтималдылықтары қорғау 
жҥйесінің тиімділігінің жекелеген сипаттамалары тағы басқаларын жатқызуға 
болады.


131 
Кӛрсетілген сипаттамалар бір ғана қол жетерлік әдістермен – формальді 
емес бағалау әдістерімен алынуы мҥмкін. Бҧл әдістердің мәні сипаттамаларды 
алуға білімдердің сәйкес облыстарындағы маман экспериментатордыі тарту 
болып табылады.
Бағалаудың формальді емес әдістерінің ішінде кӛп тараған эксперттік 
бағалау әдістері деп аталатындары. Экперименттік бағалау әдісі маман 
экспериментаторларды 
таңдау 
алгоритмін 
қолдану, 
әрбір 
тәуелсіз 
эксперименттің бағалау ережелерін кӛрсету және алынған нәтижелерді 
статистикалық ӛңдеу болып табылады. Эксперттік бағалау әдістері бҧрыннан 
қолданылып келеді және жақсы меңгерілген. Кейбір жағдайларда олар жҥйенің 
сиапттамаларын алудың жалғыз ғана мҥмкін әдістері болып есептеледі.
Оптималь шешімдерді табудың формалді емес әдістері екі топқа бӛлінуі 
мҥмкін: 

кҥрделі мәселені формальді сипаттауға келтіру және мәселені
формальді әдістермен шешу;

оптималь шешімді формалды емес тҥрде іздеу.
Ақпаратты қорғау жҥйесін моделдеу ҥшін мәселелін шешуді формалды 
алгоритмдерге келтіретін тӛмендегідей теориялар мен әдістерді пайдалану 
тиімді:
1.
жиындардың айқын емес теориясы; 
2.
конфликтілер теориясы; 
3.
графтар теориясы; 
4.
формальді эвристикалық әдістер; 
5.
эволюциялық моделдеу. 
Жиындардың айқын емес теориясының
әдістері элементтердің белгілі бір 
жиынтығы жатуының айқын емес шарттарын сандық тҥрде бағалау ҥшін 
аналитикалық ӛрнектер алуға мҥмкіндік береді. Жиындардың айқын емес 
теориясы қорғау жҥйелерін модельдеу шарттарымен жақсы сәйкестеледі. 
Себебі моделдің мәліметтері (мысалы қауіптердің сипаттамасы мен қорғау 
механихмдері) қатаң тҥрде анықталмаған болады.
Конфликтілер теориясы
– кҥрделі адам-машина жҥйесін зерттеудің 
салыстырмалы тҥрдегі жаңа бағыты. Кездейсоқ қауіптер негізінде ӛріс алатын 
қаскҥнем мен қорғау жҥйесінің арасындағы конфликтілер теориясын 
қолданудың классикалық мысалы болады. Тайталысатын екі жақ қарама – 
қарсы мақсаттарды кӛздейді. Конфликт процесстердің бір мәнді елестігі мен 
алдын ала білудің нашарлығы, екі жақтың ӛз мақсаттарын оперативті тҥрде 
ӛзгерту жағдайында дамиды. Конфликтілер теориясы ойындар теориясын 
дамытылған тҥрі. Ойындар теориясы мыналарға мҥмкіндік береді: 

мәселені қҧрылымдау, оны кӛрнекі тҥрде елестету, сандар бағалаулар,
реттеу, қолайлы ету, егер олар бар болған кҥнде, басым стратегияларды
анықтау; 

стохастикалық модельдермен сипатталатын мәселелерді аяғына дейін
шешу; 


132 
Ойындар теориясы
орташа тиімді және оптималь шешімді табуға 
мҥмкіндік жасайды. Ол орташа тәуекелді минимизациялау принципіне 
сҥйенеді. Мҧндай әдіс әрқайсысы ӛзінше бірегей болатын жақтардың нақты 
конфликтілерін толық бейнелей алмайды. Конфликтілер теориясы ойындар 
теориясының осы кемістіктерін толықтыруға әрекет жасайды. Дегенмен ол кең 
тараған жоқ және ары қарай даму ҥстінде. 
Графтар теориясының
ақпаратты қорғау жҥйесін зерттеуге ең кӛп 
дәрежеде қолданылатыны – Петри желілерінің аппараты. Петри желілеріндегі 
тҥйіндердің шарттарын басқару қаскҥнемнің қорғанышты бҧзу процестерін 
модельдеуге мҥмкіндік тудырады. Петри желілерінің аппаратты АҚЖ-нің 
тиімділігін зерттеу процесін формальдауға мҥмкіндік жасайды.
Формальды- эвристикалық әдістерге
қатаң математикалық, логикалық 
қатынастарға негізделмейтін, бірақ білімі мен интуициясы бар адамның 
тәжірибесіне негізделген оптималь шешімдерді іздестіру әдістерін жатқызамыз. 
Эвристикалық әдістердің ішінде кең тарағандары – 
лабиринттік
және 
концептуалдық 
әдістер. 
Лабиринттік модельге сәйкес мәселе шешімінің мҥмкін болатын 
жолдары лабиринтті тҥрінде бейнеленеді. Мҧнда адамның лабиринттің 
перепективалы емес жолдарын қиып тастауға қабілеті бар деп есептеледі. 
Нәтижеде қалған жолдардың ішінен қойылған мәселені шешуге әкелетін жол 
ҥлкен ықтималдықпен табылады.
Концептуалдық әдіс амалдарды орындауды концептілермен жҥргізеді. 
Концептілер деп жалпыланған элементтер мен олардың арасындағы байланыс-
тарды тҥсінеміз. Концептілер қҧрылымданған модельді қҧру процесінде адам 
арқылы, мҥмкін ойланбайтын, алынады. Концептуалды әдіске сай концептілер 
жиыны әмбебап болады және оған адам адамға тән есептеу механизмдері, 
қатынастарды трансформациялау мен қалыптастыру сәйкес болады. Адам 
қҧрылымдалған модельмен ойша эксперимент жҥргізеді және шешімді табу 
кҥрделі болмайтын лабиринттің шектелген учаскесін табады.
Эволюциялық модельдеу
иммитациялық модельдеудің бір тҥрі болады. 
Оның ерекшелігі - модельдеу процесінде модельдеу алгоритмі жетілдіріледі.
Шешімдерді тікелей табудың формальды емес әдістерінің мәні - 
адамның модельді жасауда ғана емес оны іске асыру процесіне де қатысуында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет