Ж. Нысамбаев, Н. С. Уалиев


 АҚКЖ-ін жасаудағы ғылыми-зерттеу жҧмыстары



Pdf көрінісі
бет105/120
Дата06.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#79232
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   120
Байланысты:
Akparattik kauipsizdik zhane akparattyk korgau Nysambaev

 
12.2 АҚКЖ-ін жасаудағы ғылыми-зерттеу жҧмыстары 
 
Бҧл кезеңнің мақсаты – АҚКЖ-ін жобалаудың техникалық тапсырмасын 
жасау. Техникалық тапсырма жасалатын АҚКЖ-не қойылатын негізгі техника-
лық талаптарды, сол сияқты жҧмысты орындауға сҧраныс беруші мен оны 
орындаушы арасында ӛзара келісілген міндеттерді қамтиды. Техникалық 
талаптар негізгі техникалық сипаттамаларды, функциялардың орындалуын, 
жҧмыс режимдерін, сыртқы жҥйелермен ӛзара әрекеттесуді т.с.с. анықтайды. 
Ақпараттық қҧралдар тӛмендегідей сипаттамалармен бағаланады: 
тез әрекет ету, ӛнімділік, еске сақтау қҧрылғыларының сиымдылығы, разряд-
тылық, қҧны, сенімділік сипаттамасы т.с.с. Бағдарламалық қҧралдар опера-
тивтік және сыртқы жадтың қажетті кӛлемімен, осы қҧралдар жасалатын 
бағдарламалар жҥйесімен, ОЖ-нің бағасымен және басқа бағдарламалық 
қҧралдармен, орындалу уақытымен, қҧндылықпен т.с.с. сипатталады. 
Осы сипаттамалардың мәндерін алу, сол сияқты орындалатын
жҧмыстардың қҧрамы мен қорғау қҧралдарының жҧмыс режимін, оларды 
пайдалану реті мен сыртқы жҥйелермен ӛзара әрекеттесу ретін анықтау 
ғылыми-зерттеу жҧмыстарын жҥргізудің негізгі мазмҧнын қҧрайды. Бҧл 
кезеңде зерттеулер жҥргізу ҥшін сҧраныс беруші орындаушыны немесе 


126 
ғылыми-зерттеу мекемесін жҧмылдырады, немесе олардың бірлесе жҧмыс 
істеуін ҧйымдастырады.
Ғылыми-зерттеу жҧмысы ақпаратқа тӛнетін қауіптерді талдаудан, 
қорғалуға тиіс КЖ-ні талдаудан, және ақпараттың конфиденциалдығы мен 
маңыздылығын талдаудан басталады. 
Бәрінен бҧрын ӛңделетін, сақталатын және КЖ-ге жіберілетін ақпараттың 
конфиденциялдығы мен маңыздылығына талдау жҥргізіледі. Осы талдау 
негізінде АҚКЖ-ін жасаудың мақсатқа лайықтылығы туралы қорытынды 
жасалады. Егер ақпарат конфиденциялды болмаса және оңай қалпына 
келтірілетін болса, онда АҚКЖ-н жасаудың қажеті жоқ. Егер ақпараттың
бҥтіндігі мен конфиденциялдығын жоғалту ӛте аз ғана болса да АҚКЖ-н 
жасаудың мағынасы болмайды.
Мҧндай жағдайларда КЖ-нің штаттық қҧралдарын пайдалану жеткілікті 
және ақпаратты жоғалтудан сақтанса болғаны.
Ақпаратты талдағанда конфиденциялды ақпараттың ағындары мен ақпарат 
ӛңделетін және сақталатын КЖ-нің элементтері анықталады. Бҧл кезеңде, сол 
сияқты ақпаратқа жекелеген пайдаланушылардың және КЖ-дің бҥтін 
сегменттерінің ақпаратқа қол жеткізуін шешетін мәселелері қарастырылады. 
Ақпаратты талдау негізінде оның қозғалуына деген талаптар анықталады. Бҧл 
талаптар белгілі бір конфиденциялдылықты беру жолымен, ақпаратқа енуді 
бӛлектеу ережелерін жасау жолымен беріледі.
АҚКЖ жасауда ӛте маңызды ақпарат қорғалатын КЖ-ні талдау 
нәтижелерінде анықталады. КЖ АҚКЖ-нің ішкі жҥйесі болғандықтан қорғау 


127 
жҥйесі мен КЖ-нің ӛзара әрекеттерін ішкі, ал сыртқы ортамен ӛзара әрекетін – 
сыртқы деп анықтауға болады. (30 - сурет).
Сыртқы орта
АҚКЖ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет