Ж. Нысамбаев, Н. С. Уалиев



Pdf көрінісі
бет88/120
Дата06.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#79232
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   120
Байланысты:
Akparattik kauipsizdik zhane akparattyk korgau Nysambaev

10.2 Стеганография 
 
Ақпаратты тҥрлендірудің басқа криптографиялық әдістеріне қарағанда 
стеганография әдістері сақталатын немесе берілетін ақпараттың мағынасын 
ғана емес, жабық ақпараттың сақталуы мен берілуі фактісін де жасырады. 
Компьютерлік жҥйлерде стеганографияны қолдану жаңа ғана басталуда. 
Дегенмен жҥргізілген зерттеулер оның перспективалы екенін кӛрсетіп отыр. 
Стеганографиялық барлық әдістердің негізінде жасырын ақпаратты ашық 
файлдар арасында бҥкпелеу жатыр. Компьютерлік жҥйелердегі мульти-
медиалық файлдарды ӛңдеу стеганографияның алдында практика жҥзінде 
шексіз мҥмкіндіктер ашып отыр.
Стеганография ол байланыс жоқ кезде байланысты ҧйымдастыру әдісі болып 
табылады.Оның криптографиядан айырмашылығы берілетін хабарламаны
криптография арқылы қорғағанда оның мәтін екенін бірден тҥсінеді, ал 
стеганография әдістері жасырын хабарланады, мазмҧнсыз мәтін ретінде 
тҥрлендіріліп, оларды қатар етіп тҥзеді, сонда оның жасырын хабарлама екенін 
кӛпшілік тҥсінбейді.
«Стеганография» сӛзі грекшеден аударғанда «жасырын жазу» дегенді 
білдіреді. (steganos-жасырын, қҧпия, gcaphу-жазу, деп аударылады) Стегано-
графияға кӛптеген жасырын байланыс тҥрлерін жатқызуға болады, олар мысал 
ҥшін, кӛрінбейтін сия, микрофотосуреттер, белгілердің шартты тҥрде орнала-
суы, ӛзгеріп тҧратын жиіліктерді пайдаланатын байланыстың жасырын 
қҧралдары т.с.с.
Стеганографияның қауіпсіздікті қамтамасыз ӛтудегі ӛз орны бар, ол 
криптографияны ауыстырмайды, бірақ толықтырады. Стеганография әдістерін 
қолданғанда ол хабарламаның жіберілгендігі жӛнінде мәліметті табу ықтимал-
дығын азайтады. Ал егер бҧл хабарлама шифланған болса, онда оның тағы бір 
қорғаныс деңгейі болады деген сӛз. 
Қазіргі замандағы есептеу техникасының және хабар берудің жаңа 
каналдарының дамуы мәліметтерді компьютерлік файлдар есептеу желілері 
кӛмегімен берудің жаңа стеганографиялық әдістері кӛбейді. Бҧл мағынада 


102 
компьютерлік стеганографияның жаңа бағыты пайда болуы туралы айтуға 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет