«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


FТ 1203 – ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет60/372
Дата06.02.2022
өлшемі1,66 Mb.
#79352
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   372
Байланысты:
Философия бак.

FТ 1203 – ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ 
Көлемі 6 кредит 
Авторлар: 
Нұрышева Г.Ж.
– әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы
профессор; 
Хасанов М.Ш. –
философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университеті философия кафедрасының профессоры; 
Сырғақбаева А.С.– 
философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университеті философия кафедрасының профессоры. 
 
Пікір жазғандар: 
Сәбит М.С. – 
философия ғылымдарының докторы, Алматы энергетика 
және байланыс университетінің профессоры;
 
Әбдірасылова Г.З. – 
философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университеті философия кафедрасының доценті. 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
«Философия тарихы» – «Философия» мамандығы бойынша бакалавр 
дайындауға арналған білім беру бағдарламасының міндетті пәні. Оны оқу 
барысында болашақ философтар әлемдік тарихи-философиялық үдеріс 
туралы білімге ие болады. Курс әлемдік философияның мынадай даму 
кезеңдерін қамтиды: Қазақтардың алғыфилософиясы (протофилософия), 
Ежелгі Шығыс философиясы, Антика философиясы, Қайта Өркендеу 
философиясы, Жаңа Дәуір философиясы, Европалық Ағартушылық 
философиясы, Неміс классикалық философиясы, XVIII ғасырдың соңы – XXI 
ғасырдың басындағы шетел философиясы, Қазақ философиясы.
Философия тарихын білу негізгі философиялық мәселелерді және 
оларды шешудің жолдарын түсінудің маңызды щарты болып табылады. Курс 
болашақ философ мамандардың бойында көзқарастық, адамгершіліктік және 
өмірмәндік бағдарлар қалыптастырады. 
Философияның рөлі оның зерттеу объектісі – адам, адамның 
табиғатпен, қоғаммен арақатынасы – арқылы анықталады. Философия 
адамның көзқарастық, адамгершіліктік және өмірмәндік құндылықтарын 
қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   372




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет