Қолбас қорғаны. N 48º 58, 781'
; E 48º 52, 832'
. Ерте темір дәуірі
. Құрманғазы ауданы Үштаған ауылынан солтүстік-шығыста -10,1 км,
қашықта.Қорғандардың диаметрі -15 м, биіктігі -0,9 м. Биік төбеде, Қолбас
қорымының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Құрылысы құмды
топырақтан үйілген. Үстін шөп басқан. Үстінде және жиегінде ордың
орындары бар.
Азғыр қорғаны. N 47º 50, 432'; E 47º 55, 197'. Ерте темір
дәуірі.Құрманғазы
ауданы
Азғыр
ауылынан
шығыста
500
м,
қашықта.Қорғандардың диаметрі -10 м, биіктігі -1 м. Биік төбеде орналасқан.
Құрылысы құмды топырақтан үйілген.
Құдайберген қорғандары (4). N 47º 41, 584'; E 48º 37,317. Ерте
темір дәуірі. Құрманғазы ауданы, Асан ауылынан оңтүстік-шығыста 27 км,
қашықта. Нысан Құдайберген деп аталатын биік төбеде орналасқан. Әртүрлі
көлемдегі 4 қорғаннан тұрады. Қорғандардың диаметрі - 20-30 м, биіктіктері
- 2-3 м, аралығында. Биік төбеде, оңтүстіктен солтүстікке қарай қатарласа
орналасқан. Құрылысы тас араласқан құмды топырақтан үйілген. Батыс
жиегінде қиыршық тас өндірген, каръер қазылған. 1 сурет.