Мұғалімнің
жетекшілігімен
жаңалық ашу
бұл тәсіл индукциялық тәсіл ретінде де белгілі, ол әдіс бойынша
мұғалім оқушыларға тіл бірліктерін пайдалану бойынша мысалдар
келтіреді және оны пайдаланудың ережелерін өз бетінше құруға
көмектеседі.
Мұғалімнің
жетекшілігімен
жүретін оқылым
сындарлы оқу теориясына негізделген. Оқушылар бағалау арқылы
алынған ақпараттың негізінде оқудағы қажеттіліктеріне қарай
келесі қадамдарды бірге орындау үшін топтарға біріктіріледі.
Оқушылар мағынасын ашу, бұған дейінгі білімімен байланыстыру,
жаңа түсініктер туралы сын тұрғысынан ойлау үдерістеріне
тартылады. Бұл тәсіл кезіндегі мұғалімнің рөлі мұқият
ойластырылған сұрақ қоя отырып, оқушыларды ойлануға жетелеп,
жаңа білім алу үдерісінде қолдау көрсету болып табылады.
|