13
Физиократтар экономикалық ғылымда айтарлықтай бетбұрыс жасады.
Олар бірінші болып өндіріс аясына көңіл бөлді. Олардың ойынша,
байлықтың
көзі сауда емес, өндіріс. Өндіріс ретінде олар ауыл
шаруашылығы саласын ғана жақтады, яғни ауыл шаруашылығындағы
жұмысшылардың еңбегі
арқылы ұлттық табыс жасалады, ал жер
табиғаттың
берген сыйы, олай болса,
жерден алынған өнім ғана
қосымша пайданы арттыра алады деп дәріптеді. Бұл жерде ауыл
шаруашылығынан басқа экономиканың салалары (өнеркәсіп, сауда,
т.б.) «өнімсіз» деп саналды. Физиократтардың
жеткен жетістігі
болып олардың алғаш рет ұлттық экономика шеңберінде (әсіресе,
Кенэнің Францияның ұлттық шаруашылығын зерттеуі) ұдайы өндіріс
үдерістерін зерттеуі табылады. Сонымен,
физиократизм
– бұл
пайда табудың жолы, ең алдымен, ауыл шаруашылығы саласында
қалыптасатын және өндіріс аясын зерттейтін экономикалық
теорияның бір бағыты.
Достарыңызбен бөлісу: