Конрад Аденауэр атындағы Қор



Pdf көрінісі
бет10/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Қарашығанақ
Қарашығанақ кен орнының құны энергияның тиімділігін және ішкі тұты-
нуды тек мұнай өндіруден ғана емес, сондай-ақ жергілікті газды өндіруге 
қатысуды 45%-ға арттыру бойынша жоспарларымен айқын көрінеді 
38
.
Қазақстанда газ көлемі шамамен 85 трлн текше футқа жетіп 
39
, әлемде 
18-орынға ие болса да бүкіл елдің қажеттіліктерінің бір бөлігін ғана қам-
тиды, ал оның қалған бөлігін елге Өзбекстан мен Ресейден импорт-
тауға мәжбүрлейді 
40
. Осы тұрғыдан алғанда, 2005 жылы мұнай өндіру 
кезінде ілеспе газды жағу заңға түзетулермен тыйым салынған болатын, 
ал шетелдік мұнай компанияларына мұнай көздерінен келетін газды 
кәдеге жарату немесе кері айдау керек деп айтылған. Газды кері айдау 
арқылы резервуардағы қажетті қысым сақталып, мұнай өндіруді елеулі 
38
2016 жылғы табиғи газ әлемі: Астана «Қарашығанақ» серіктестерінен $1,6 млрд үмітті, 
«Табиғи газ әлемі», 07.04.2016, http://www. naturalgasworld. com/astana-claims-1.6bnfrom-
karachaganak-partners-28955 [17.01.2017]
39
Разави, Хоссейн 2014: Орнықты энергетика секторы: Айтжанова, Ақтоты / Кацу, Шигео 
/ Линн, Йоханнес Ф. / Ежов, Владислав (басылым): Қазақстан 2050 – «Баршаға арналған
заманауи қоғамға», 113-145 бб., – мұнда: 118-бет.
40
Еникеев, Шамиль Мидхатович 2008: Қазақстан газы: экспорттық нарықтар және экс-
порттық бағыттар, Оксфорд Энергетикалық зерттеулер институты, 93-97 бб. https://www.
oxfordenergy.org/wpcms/wp-content/uploads/2010/11/NG25-KazakhstansgasExportMarketsan
dExportRoutes- ShamilYenikeyeff-2008.pdf


23
Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері
түрде арттыруға болады. Қазақстандық газдың басым бөлігі – бұл мұнай 
өнімдерінің жанама өнімі ретінде шығарылатын мұнай газы 
41
.
Бұл әсіресе Қазақстандағы ірі, бай мұнай кен орындарына қатысты: жалпы 
газ көлемінің 75% тек Қарашығанақ, Теңіз, Имашев және Қашаған кен 
орындарында ғана өндіріледі 
42
. Екінші жағынан, мұнай өндіруді ұлғайту 
үшін табиғи газды қайта кәдеге жарату есебінен, отандық энергиямен 
жабдықтауда газдың рөлі үшін тығыз шекаралар белгіленді.
Елдің батысында шығарылған газды солтүстік- батыс елді мекендеріне 
тасымалдау үшін толығымен дамыған инфрақұрылым әлі күнге дейін ішкі 
энергия теңгерімінде газдың маңыздылығын шектеді. Осыған байланыс ты, 
мақсаттың табыстылығына сәйкес «Қазақстан Республикасының 2030 
жылға дейінгі даму стратегиясы» құжатында тұжырымдалған елдегі электр 
энергиясын тұтынудағы газ үлесін едәуір арттыру үшін тиісті газ құбыр-
ларын салу бойынша елеулі күш-жігер жұмсалады.
Дегенмен, Үкімет бұл мәселені шешті. Осылайша, Алматы 2017 жылдан 
бастап Қазақстаннан Қытайға 1400 шақырымнан астам созылған газ құбы-
рының артықшылықтарын пайдаланады 
43
. Осының нәтижесінде Алма-
тыда көмір электр станцияларын газдандыру басталды. Қазіргі уақытта 
еліміздің оңтүстік- батысынан солтүстікке қарай тағы бір газ құбыры салы-
нады, оған Астана мен Қарағанды қосылатын болады.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерден екі мәселені бөліп алу мүмкіндігі бар. 
Біріншіден, газ тасымалдау инфрақұрылымына инвестициялар Қазақстан-
ның энергетикалық теңгерімінде таскөмірдің өте жоғары үлесін айтар-
лықтай төмендетуге мүмкіндік береді (бұрын: 63%), ол электр энергия-
сын беру мен жылу энергиясын өндіруде басымдыққа ие. Екіншіден, газ 
инфрақұрылымының жетіспеушілігі, сонымен бірге жаңартылатын энер-
гия көздерін, ең алдымен ауылдық жерлерде орталықтандырылмаған 
жылуды тұтынуға мүмкіндік береді, себебі инфрақұрылымның қажеттілігі, 
кейде тіпті көмірді пайдаланғаннан да төмен.
41
Еникеев, Шамиль Мидхатович 2008: Қазақстан газы: экспорттық нарықтар және экс-
порттық бағыттар, Оксфорд энергетикалық зерттеулер институты, 21 б., https://www. 
oxfordenergy. org/wpcms/wp-content/uploads/2010/11/NG25-KazakhstansgasExportMarketsa
ndExportRoutes-ShamilYenikeyeff-2008. pdf [17.01.2017].
42
Витте, Мишель: Табиғи газ: Қазақстанның басқа табиғи ресурстары, қорытынды, http://
www. edgekz. com/natural-gas-kazakhstans-natural-resource/ [17.01.2017].
43
http://www.chinadaily.com.cn/business/2017–04/15/content_28939945.htm


24
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Қашаған
Қашағанның геологиялық қорлары 38 миллиард баррель мұнайды құрайды, 
оның 
10 миллиарды өндірілетін болады 
44
. Осылайша, Қашағанда тәулігіне 
1,66 млн баррельге дейін өндіруге болады; OPEC-ке мүше ел ретіндегі 
Ангола тәулігіне осындай мұнай өндіреді 
45
. Бұдан басқа, кен орнында 
1 млрд текше метрден астам газ қоры бар. Дегенмен, кен орнын игеру 
жақында үлкен техникалық қиындықтар тудырды және түпкілікті іске 
қосу 2016 жылдың қыркүйегінде ғана ұзақ мерзімді кешіктірілумен өтті.
Бастапқыда 10 миллиард доллардан 100 миллиард долларға дейінгі жоба-
лық шығыстардың артуы, италиялық мұнай компаниясымен басқарыла-
тын «ENI» Каспий құбыржол консорциумы ішіндегі жанжалға алып келді, 
ал бұл техникалық мәселелерді еңсеруді қиындатты. Әрине, барлау жұмы-
старының құнының әрдайым жоғары болуына байланысты 2017 жылы 
Қазақстан Ресеймен бірлесіп мұнай бағасын көтеру үшін OPEC елдерінің 
өндірісіндегі төмендеуді қолдауға дайын болды, алайда Қашаған үшін 
тиісті Қағидалар шеңберінен шегінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет