216
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Климаттық жағдайлар Қазақстанның көкөніске деген сұраныста өз өнімдерін
қамтамасыз етуді қиындатады. Осыған қарамастан, соңғы жылдары бұл
мәселені шешу үшін үлкен күш жұмсалды. Бұл шағын шаруашылықтарда
және ірі көкөніс өсіру кәсіпорындарында көкөніс өнімдеріне де қатысты.
Вегетациялық кезеңде сұраныс шамамен 1,2 млн тоннаны құрайды. Мұндай
қажеттілікті өз өндірісімен қамтамасыз етуге болады. Ашық және жабық
топырақтағы көкөніс пен бақша дақылдарын өсіруде ең маңызды шаруа-
шылықтар оңтүстік және оңтүстік-батыс, сондай-ақ орталық және солтүстік
өңірлерінде орналасқан, қалалардың айналасындағы аумақтарда және
қосалқы шаруашылықтарда да өсіріледі. Қызанақ, қияр, баклажан, болгар
бұрышы, пияз, сарымсақ және жасыл дақылдар барлық жерлерде өсіріледі.
Қауын тек оңтүстік аймақтарда өсіріледі. Суару өте қажет, бұл көп жағдайда
гравитациялық суару түрінде жүзеге асырылады. Ірі фермерлер тамшыла-
тып суару сияқты үнемді технологияларды пайдаланады. Қыс мезгілінде
Қазақстан көкөністі негізінен көршілес оңтүстік республикалардан импорт-
тайды. Импортты алмастыру мақсатында жылыжайда көкөніс өсіру ісі де
дамып келеді. Егер бұрынғы жылдары осы салада жылыжайды әркім дер-
бес құрылыс түрінде қолдан жасап, өнім алса, қазіргі уақытта заманауи
жылыжай кешендерінің құрылысына көбірек инвестициялар салынуда.
Достарыңызбен бөлісу: