251
Қазақстан еңбек нарығын құқықтық реттеу:
проблемалары және шешімдер
жұмыспен қамтығандар санатына немесе басқа да санаттарға қосу нәти-
жесінде пайда болуы мүмкін
4
.
Қазақстандағы еңбек нарығын халықаралық бағалауына орай, Дүни-
ежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) «Жаһандық
бәсекеге қабілеттілік индексі (The Global Competitiveness Index)» (бұдан
әрі – Индекс) зерттеу нәтижелерін талдауға тура келеді.
Осы зерттеудің үш негізгі қорытындыларының бірі 2017 жылға еңбек
нарығына қатысты. Еңбек нарығының икемділігі мен қызметкерлерді
қорғау төртінші индустриалды революция дәуірінде олардың біртұтас
өркендеуін қамтамасыз етуі
қажет екендігі атап өтіледі
5
.
Индекс 12 индикатордан тұрады, олардың бірі – еңбек нарығының тиімділігі.
Оның мәні еңбек нарығының икемділігін бағалауға негізделеді, бұл жұмыс-
шыларға экономикалық ынталандыруды барынша тиімді пайдалану және
олардың жұмыс орындарында бар күш-жігерін жұмсау мүмкіндіктері
қаншалықты жақсы екендігін көрсетеді. Индекс бойынша тиімді еңбек
нарығы қызметкерлерге және жұмыс берушіге төмен шығындармен қыз-
меткерлердің бір шаруашылық қызметтен екіншісіне жедел қозғалысына
ықпал етеді. 2017–2018 жж. индекс бойынша Қазақстан еңбек нарығының
тиімділігі бойынша 35-орында. Айтпақшы, бұл – жалпы саны 12 көрсеткіш
қамтылған рейтингтегі ең жоғары көрсеткіш.
Еңбек нарығының көрсеткіштері мен жалғаспалы индикаторлары еңбек
қатынастарын ырықтандырудың 2015 жылғы реформасын көрсетпейтіні
өте қайшылықты. Керісінше, Индекс деректері бойынша еңбек нарығы
Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі қабылданғаннан кейін
неғұрлым тиімді және икемді болды.
Осылайша, 2013–2015 жылдар аралығында Қазақстан еңбек нарығының
тиімділігі тұрғысынан әлемде 15-орынға ие болды, ал төлемақының
икемділігі бойынша
20–24 орынды иеленді. Бұл күмән тудыруы мүмкін,
себебі 2015 жылы реформалаудың басты себебі еңбек нарығының икемділігі
мен тиімділігінің жеткіліксіздігі болды.
4
Кулекеев Ж. А. Қазақстанның еңбек нарығының 10 ерекшелігі //
Қолданбалы экономика
зерттеулер орталығының ресми сайты [электронды ресурс]: https://cipe. kz/ru/articles/
macroeconomics. html?id=107. Ақпарат алынған күн: 2018 жылғы 10 маусым.
5
The Global Competitiveness Report 2017–2018 / World Economic Forum: Geneva, 2017.
[Electronic resource] www. weforum. org/gcr. Accessed: 29 May 2018.