Қазіргі заманғы өнеркәсіпті құру Қазақстанды деиндустрияландыру процесін ешбір жағдайда жалғасты-
руға болмайды; оның орнына ұлттық экономиканың қайталама секторы
перспективалы және ұзақ уақыт бойы дамыса, жақсы болады. Қазақстанға
отандық өндіріс қажет. Егер мемлекет ұлттық және халықаралық деңгейде
бәсекеге қабілетті болуды жоспарлаған болса, онда осы мақсатқа жету
үшін үш маңызды шарт қажет. Осылайша, өнеркәсіп саласы секторы:
1) заманауи және соңғы техникалық деңгейге негізделген (цифрланды-
руды қоса алғанда); 2) Қазақстанның 18 миллион тұрғыны бар нарығы
ірі халықаралық концерндер үшін тым аз. Сондықтан орташа кәсіпорын-
дар экономикасы әзірленіп, үнемі назарда болуы керек. Кейіннен, «үлкен
ойыншылардың» бірі болу мүмкіндігіне ие болу үшін жаңа сату нарығын
дамыту қажет; 3) Қазақстан әлемдік бәсекелестікте өз орнын табуы керек.