Конрад Аденауэр атындағы Қор



Pdf көрінісі
бет23/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Жаңа нарықтарды игеру
Қазақстанда 18 миллион тұрғыны бар нарық болғандықтан, индустрия-
лық өндірісте ірі шетелдік инвестицияларды нақты өткізу нарығы болған 
жағдайда ғана күту керек. Үлкен аймақта сатылатын жартылай фабрикат-
тар (дайын өнім) және дайын өнімдер үшін, сондай-ақ осыған байланы-
сты логистикалық проблемаларды шешу үшін Қазақстан құрлықтық ел 
ретінде оңтүстіктегі елдерге назар аудару ұсынылады.
Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕурАзЭҚ) мүше болуына қарамастан, 
Ресей өзі үшін үнемі жаңа нарықты іздейтіндіктен, Қазақстан экспорты-
ның күрделі серіктесі болып қала береді. Бұл тұрғыда Ресей ЕурАзЭҚ ішкі 
нарығының құрылымын үнемі өз пайдасына пайдаланады, бұл 2015 жыл-
дан бері Қазақстандағы көптеген шағын кәсіпорындар үшін күрделіліктер 
туындатып келеді. 2014–2017 жж. шикізат нарығы бағасының төмендеуі 
және Ресейге қарсы санкциялардың салдарынан, Украина шығысында 
болған қақтығыстарға байланысты бұл үрдіс нашарлады.
Осыған байланысты Қытай Халық Республикасы өте күрделі серіктес 
болып табылады. Бұл, бірінші кезекте, әлеуетті іргелес өндіріспен байла-
нысты. Мәселен, Қазақстандағы қытайлық автоөндірушілер үшін қосалқы 
бөлшектер шығару идеясы және оларды Қытайға жеткізу идеясы тек 
елес секілді. Қытай Халық Республикасы Қытайда сатылатын өнімдердің 
құндылық тізбегінің кем дегенде 80% елдің ішінде орналасқанын мұқият 
қадағалап отыр.
Басқаша айтқанда, Қытайға қажет нәрсе Қытайда жасалады. Бұл «Орта 
патшалықтың» өсу қарқыны және ішкі тұтыну баяулай бастағандықтан 
да еді. Осыған орай, «Жаңа Жібек жолы» жобасын (бұдан әрі – BRI) Қытай-
дың бір жақты пайдасына арналған жоба ретінде қарастыру керек.


49
Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері
Біріншіден, BRI – ауқымды интеграциялық құрылым; бұл 65-тен астам 
ел мен мүдделі мемлекеттерді қамтитын саяси, экономикалық, ғылыми, 
мәдени және тіпті әлеуметтік бастама 
97
.
«Бір белдеу – бір жол» бастамасы – the Belt and Road initiative, BRI (OBOR – 
one belt one road деп аталатын) алғаш рет үлкен аудиторияға 2013 жылдың 
соңында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Астанадағы Назарбаев Универси-
тетінде сөйлеген сөзінде және Джакартадағы Индонезия Парламентінде 
сөйлеген сөзінде («Бір жол» бөлігі: 
«ХХІ ғасырдың теңіз Жібек жолы») 
жарияланды 
98
.
Содан бері бұл бастама Қытайдың сыртқы және ішкі саясатына, тіпті 
Қытай Халық Республикасының Конституциясына енгізілген дәрежеде 
де зор маңызға ие болды 
99
. Халықаралық деңгейде бастамада ынты-
мақтастықтың бес маңызды басымдықтары анықталды: саяси үйлестіру, 
инфрақұрылым объектілеріне қосылу, үздіксіз сауда, қаржылық интегра-
ция және адамдар арасындағы қарым- қатынас.
BRI осындай түрлі мәртебеге ие болса да, бастаманың «физикалық» негізі 
шын мәнінде географиялық көлік инфрақұрылымына негізделген. BRI кар-
тасы алты негізгі көлік дәлізін анықтайды, олардың әрқайсысы өздерінің 
микротармақтарымен («капиллярлық маршруттармен») байланысты. Осы 
филиалдардың кейбіреулері 2013 жылы бастама жарияланғанға дейін 
жұмыс істеді (немесе ішінара жұмыс істеді). Осылайша, BRI осы маршрут-
тарды «бір шатырдың астында» жүйелеуге және қажет болған жағдайда 
инфрақұрылымды кеңейтуге және жаңартуға ұмтылады. Басқа тармақтар 
97
Чин, Х. / Хи В.: «Бір белдеу – бір жол» бастамасы: 65 немесе одан көп ел. Fung Business 
Intelligence Center, 2016 ж. мамыр, (https://www.fbicgroup.com/sites/default/files/B%26R_
Initiative_65_Countries_and_Beyond.pdf)
98
Қытайдың BRI ресми интернет-порталы: BRI бастамасы жөнінде (https://eng.yidaiyilu.gov.
cn/ztindex.htm)
99
Quartz Creative: BRI бастамасы енді Конституцияның бөлігі болып табылады. 
HSBC, 2018 жылдың наурыз айы (http://www.business.hsbc.com/belt-and-road/
the-belt-and-road-initiative-is-now-part-of-the-constitution)


50
Қазақстан экономикасының трансформациясы
бастама бойынша қайта құрылуда. Қазақстан алты негізгі дәліздердің 
екеуіне қатысады 
100,101,
:
• Жаңа Еуразиялық құрлықтық көпір. Екінші еуразиялық құрлықтық 
көпір деп те аталады. Бұл – Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша және 
Германия арқылы өтетін және Роттердам (Нидерланды) портында 
аяқталатын Ляньюньган (Шығыс Қытай) портынан бастап жұмыс 
істеп тұрған темір жол желісі. BRI осы бағытпен бірнеше еуропалық 
порт мен хабты байланыстырады.
• «Қытай – Орталық Азия – Батыс Азия». Синьцзян провинциясында 
(Батыс Қытай) басталатын бұл құрлықтық бағыттар негізінен Қазақстан, 
Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан арқылы Орта-
лық Азияға өтеді; Иран мен Батыс Азиядағы Түркия, Жерорта теңізінің 
жағалауында аяқталады. Бұл тармаққа үлкен көлемдегі инвестиция 
қажет. Бұл жоба әлі де жоспарланғандай жұмыс істемейді.
Қазақстан Қытайдың BRI жоспарында ерекше рөл атқарады. BRI-дің басқа 
елдерден айырмашылығы, Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі мемлекет 
ретінде Қытайға Еуропаға арналған құрлықаралық қақпа болып табылады. 
Бұл үшін негізгі инфрақұрылым теміржол және магистральдық желілерді, 
сондай-ақ транзиттік пункттер мен логистикалық хабтарды қамтиды. Деген-
мен, BRI шеңберінде Қазақстан өзін Қытай мен Еуропа үшін транзиттік 
ел ретінде ғана көрсете алмайды. Қазақстанның көлік инфрақұрылымын 
дамыту Қытайдың тікелей қызығушылығын тудырады, сондықтан қытай-
лық инвестициялар көбіне осы салаға жұмсалады. Бұдан басқа, Қытайға 
BRI бастамасының үлкен шығындарын ескере отырып, кейін 4-тен 8 трил-
лион АҚШ долларына дейін пайда алып келуі мүмкін, бұл үлкен сома BRI 
елдерінің арасында «сыйлық» ретінде бөлінетінін елестету мүмкін емес 
102

Инвестициялардың табыстылығы туралы нақты айтар болсақ (тіпті қазір 
100
Мақала: «Бір белдеу – бір жол» бастамасы». Гонконг саудасын дамыту кеңесі, 2018 жылғы 
мамыр (http://china- trade-research.hktdc.com/business-news/article/The- Belt-and- Road- 
Initiative/The- Belt-and- Road- Initiative/obor/en/1/1X3CGF6L/1X0A36B7.htm)
101
Зерттеу: Белдеу және жол: мүмкіндіктері мен тәуекелдері. Бэккер Маккензи, 2017 
(https://www.bakermckenzie.com/-/media/files/insight/publications/2017/10/belt-road/baker_
mckenzie_belt_road_report_2017.pdf?la=en)
102
Мақала: Хо, Д.: «BRI бастамасын» қаржыландыруға жұмсалатын шығындар күрделі 
міндет болып табылады. South China Morning Post, 2017 жылғы қыркүйек, (http://www.
scmp.com/special- reports/business/topics/special- report-belt-and-road/article/2112978/
cost-funding-belt-and)


51
Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері
күтілетін күндерді айту да күрделі), Қазақстан қытайлық инвестицияларды 
ұмытып кетпеуі қажет несие ретінде қарастыруы тиіс.
Айқындылық үшін: 2017 жылы тікелей қытай инвестицияларының жалпы 
сомасы 42,8 млрд. АҚШ долларын құрады, ал Қытайға Қазақстанның 
жалпы несиесінің жалпы сомасы 50 млрд доллардан асты 
103
. Қытай үшін 
«әлемдегі ең ірі фабрика» ретінде Қазақстанның табиғи ресурстары мен 
шикізаттарын алу өте қолайлы болар еді, бірақ Қазақстан соңғы кездері 
өз экономикасын шикізат экспорттаудан әртараптандыруға тырысып 
жатыр, бұл әрине себепсіз емес. Мұнда мүдделер мәселесі туындайды: 
әрине, 
BRI барлық тараптар үшін маңызды құндылыққа ие, бірақ әркім 
өз мүдделерін көздеуі керек.
Астананы әлемдік қауымдастыққа таныстырудан басқа Қазақстан жаһан-
дық экономикалық және ғылыми прогрестің қазіргі үрдістерін зерттеп, 
өзгерістерге уақтылы бейімделуге тырысуда. Ағымдағы техникалық про-
гресс аясында Қазақстанның экономикалық дамуына бағытталған жүйелі 
саяси реформалардың саны, сөзсіз аймақтағы ең ірісі болып табылады. 
«Нұрлы жол» инновациялық және индустриалды дамуы, білім беруді дамыту, 
«Цифрлық Қазақстан», 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының 
Стратегиялық даму жоспары және «Қазақстан – 2050» ұзақмерзімді стра-
тегиясы, яғни осы мемлекеттік бастамалар мен бағдарламалар Қазақстан-
ның көп қырлы дамуының өзара байланысты аспектілеріне бағытталған 
экономикалық және ғылыми әлеуетті дамыту, заманауи индустриялан-
дыру, урбанизация, аймақтық даму, әлеуметтік жақсарту, инфрақұры-
лымды кеңейту, қайта жаңарту және жаңғырту және т. б., сондай-ақ тран-
зиттік инфрақұрылым туарлы ғана сөз қозғалып отырған жоқ 
104
.
Мысалы, «Нұрлы жол» бағдарламасы әрқашан көлік бағытын салу мен 
жөндеуге бағытталмаған (бұл бағдарламаның маңызды бөлігі болса да). 
Бағдарламаның негізгі мақсаты инфрақұрылымды дамыту және өңірлік 
экономика секторларына қолдау көрсету арқылы Қазақстанның өңірлерін 
ортақ қазақстандық нарыққа жақындастыру болып табылады. Қысқаша 
103
Мақала: Kapital.kz Медиа Порталы: Қытайдың Қазақстан экономикасына салған инве-
стиция көлемі 
42,8 млрд $ асты, 2017 ж. (https://kapital.kz/economic/60408/obcshij-obem-
investicij- kitaya-v-ekonomiku- kazahstana-prevysil-42–8-mlrd.html)
104
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты: Қазақстан Республикасы-
ның стратегиялары және бағдарламалары. Ақорда, 2018 (http://www.akorda.kz/ru/
official_documents/strategies_and_programs)


52
Қазақстан экономикасының трансформациясы
айтқанда, «Нұрлы жол» – Қазақстанның өңірлерін экономикалық дамыту 
және олардың ішкі нарыққа ықпалдастыру үшін желілерді біріктіру бағдар-
ламасы. Мұның барлығы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі тұтастай 
алғанда оның өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігіне тең екендігіне сәйкес 
келеді. Бағдарлама қысқа мерзімді (2015–2019 жж. – 5 жыл) және сандық 
түрде 9 млрд. АҚШ долларынан астам инвестицияның жалпы сомасына 
есептелген 
105
. Әрине, бұл шетелдік инвестицияларсыз жүзеге асырыла 
алмайды, бірақ бұл үшін белгілі бір кедергілер бар: олардың барынша 
айқын болуы, Қазақстанның өңірлерінің ағымдағы экономикалық дамуын-
дағы анық айырмашылық аясында уақыттың тым қатаң болуы мүмкін. 
Дегенмен, бұл шынымен дұрыс бағыттағы қадам.
Бұл BRI бастамасымен ұштасуда, сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасы 
сыртқы нарықтарға қолжетімділікті кеңейту үшін Қазақстанның ішкі 
нарығын лайықты дайындаудың алғышарты болып табылатын дәрежеге 
дейін жеткізеді.
Бірақ логистикалық инфрақұрылым мәселесіне қайта оралайық: «Нұрлы 
жол» бағдарламасы бойынша облыста автожолдардың едәуір ауқымын 
салу және жаңғырту жоспарланып жүзеге асырылды. Бұл бағыттардың 
кейбірі, әрине BRI үшін маңызды, өйткені олар транзиттік автобустың 
желісіне кіреді және онымен Қазақстанның аймақтарын байланысты-
рады. Олардың ішінде ең маңыздысы: 
106
• «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобаны. Қытайдың шығыс 
жағалауында Ляньюньганнан – Ресейде Санкт- Петербургке дейін. 
Санкт- Петербургтен Балтық елдері арқылы Батыс Еуропаға қарай 
жүре аласыз; Ресей астанасы Мәскеуден (ресейлік бағыттағы марш-
рутта орналасқан) – Беларусь арқылы. Қазақстанда Қытайдан Ресейге 
маршрут Орынбор бағытында Қорғас, Алматы, Қордай, Тараз, Шым-
кент, Қызылорда және Ақтөбе арқылы өтеді.
• «Астана – Өскемен» автобаны. «Орталық – Шығыс» бағыты. Павло-
дар және Семей арқылы өтіп, Қазақстанның астанасын Павлодар 
105
«Бәйтерек» ұлттық холдингі: «Нұрлы жол» бағдарламасы (http://www.baiterek.gov.kz/ru/
programs/nurly-zhol/)
106
Инвестициялар және даму министрлігі: «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамыту 
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат (http://mid.gov.kz/ru/kategorii/
informaciya-o-realizacii- gosudarstvennoy-programmy- infrastrukturnogo-razvitiya- nurly-zhol)


53
Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері
және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімшілік орталықтарымен 
байланыстырады.
• «Астана – Ақтөбе – Атырау – Ақтау» автобаны. «Орталық – Батыс» бағыты. 
Елорданы мұнай мен газға бай батыс Қазақстанмен байланысты-
рады; Ақтау портында Каспий теңізінде аяқталады. Қазіргі уақытта 
автобанның күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмыстың аяқта-
луы 2020 жылға жоспарланған.
• «Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда» автобаны. «Орталық – Оңтүстік» 
бағыты. Ол елорданы («Астана – Алматы» тас жолы арқылы Қараған-
дыға) оңтүстік өңірлермен байланыстырады. Осы уақытқа дейін бұл 
бағыт нашар болды; Бағдарламаның бір бөлігі ретінде шамамен 
1000 км жол қайта жаңғыртылады.
• «Алматы – Өскемен» автобаны. Қазақстанның оңтүстік- шығысындағы 
бағыт Алматыдан Қапшағай және Талдықорған қалалары арқылы 
Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығына барады. Бұл 
бағыттың маңыздылығы – «Достық» шекара бекетін «Батыс Еуропа – 
Батыс Қытай» автомагистралімен байланыстырады. Қазіргі уақытта 
жөндеу жұмыстары жүргізілуде және 2018 жылдың аяғына дейін 
аяқталады деп күтілуде.
Ішкі тармақтар ірі қалалар логистикалық түйіндер болып табылады, олар 
Қазақстан елордасы Астана қаласындағы негізгі хабпен (орталық) бай-
ланысқан. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі 
Астана арқылы өтпейді, бірақ Астана дәл осы дәлізбен бірнеше ұлттық 
автомагистральдар жүйесі арқылы байланысады, мәселен: «Ляньюнь-
ган – Алматы – Астана – Ақтөбе – Санкт- Петербург».
Кеңес Одағынан тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның теміржол желілері 
тұрақты дамып келеді. Қазақстан аймақтарын біртұтас ішкі желіге тиімді 
қосу үшін қосымша тармақтар құрылды; Қазақстан қазірдің өзінде дамыған 
темір жол желісіне ие. Дегенмен, негізгі мәселе BRI транзиттік дәліздерінің 
контексінде жеке желілердің өтуі жеткіліксіз болуы мүмкін, өйткені желілердің 
60%-ы тек бір жолға ғана ие. Осы бағытта «Нұрлы жол» бағдарламасының 
теміржол желілерін дамыту жөніндегі негізгі жұмысы жүзеге асырылуда 
107
.
107
2015–2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік 
бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі коми-
тетінің веб-сайтында (http://kfm.gov.kz/ru/activity/strategy-and-program/state- program-on-
infrastructure- development-nurly.html)


54
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Қазақстанның теміржол желісіндегі транзиттік дәліздер негізінен Транс-
азия теміржолы, ТРАСЕКА (Transport Corridor Europe- Caucasus- Asia) және 
«Солтүстік – Оңтүстік» дәлізіне шоғырланған. Олардың ішінде Қазақстан-
дағы Трансазия теміржолы – Қазақстанның халықаралық континентальды 
BRI (Жаңа Еуразиялық құрлық көпірі) бағыты. ТРАСЕКА-ның BRI-ден жоғары 
болуы екіталай, өйткені бұл дәліз Ресейге жоспарланған және салынған, 
ал Ресей үшін маңызды және сондықтан да Қытай, яғни BRI үшін геосаяси 
ойыншы болып табылады. Сондай-ақ, «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі Жаңа 
Жібек жолының географиялық жағынан сәйкес келмейді.
Қазақстанның теміржолдары стратегиялық инфрақұрылым болып сана-
лады және сондықтан жекешелендіруге жатпайтындықтан, олар толық 
мемлекеттік болып табылады. Сондықтан «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық 
теміржол компаниясы (бұдан әрі – ҚТЖ) бүкіл Қазақстан теміржол желісінің 
жалғыз операторы болып табылады; бұл «Самұрық- Қазына» мемле-
кеттік холдингіне (бұдан әрі – СҚ) иелік ететін 100% мемлекеттік компа-
ния. Осылайша, ҚТЖ мен СҚ ұйымдастыру процестері Қазақстандағы 
темір жолдардың тиімділігіне тікелей әсер етеді және BRI-дің ЕО – Қытай – 
ЕО бағытында көлік қатынасының тиімділігіне жанама әсер етеді. Әрине, 
мемлекеттік кәсіпорындар құрылымдарын жетілдіру үшін әлі де көп орын 
бар; негізінен ескі «ұқсас» корпоративтік мәдениетті ҚР цифрландырудың 
мемлекеттік міндеттеріне және BRI цифрлық қағидасына сәйкес келетін 
цифрлық мәдениетке айналдыру тұрғысынан. «Цифрлық Қазақстан» 
мемлекеттік бағдарламасының негізінде ҚТЖ көптеген мультимодаль-
дық тасымалдауды басқарудың автоматтандырылған басқару жүйесі, 
пойызды цифрлық басқару орталығы, цифрлық теміржол вокзалы, авто-
маттандырылған теміржол дөңгелектерін диагностикалау жүйесі, трафикті 
оңтайландыру жүйесі және басқа да әкімшілік жүйелер, қызмет көрсету, 
қауіпсіздік, бақылау, энергияны оңтайландыру, пойыздарды орналастыру 
және т. б. салаларындағы мониторингтеу жүйелері сияқты бірқатар шара-
ларды іске асыруға бастамашы болды 
108
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет