Орташа кәсіпорындар экономикасын қолдау
Экономиканы цифрландыруды және техникалық жаңғыртуды жеделдету
мақсатында стартап пен ШОБ субъектілерін қаржыландыру мүмкіндігін
айтарлықтай жақсарту қажет. Шағын және орта бизнесті қолдау – әлемнің
көптеген елдеріндегі экономикалық саясаттың ең өзекті қажеттіліктерінің
бірі. Нарықта сұранысқа ие жақсы идеялар жасау мақсатында, Қазақстанды
қоса алғанда, қаржы институттарының жаһандық банктік дағдарыс сал-
дарынан тәуекелге ұшыраудан бас тартуының арасындағы көпірді салу
қажет. Университеттерде бизнесті ашу да қаржылық қолдауға ие болуы тиіс.
Кейбір қалаларда және ауылдық жерлерде құрылған бизнес- инкубаторлар
инфрақұрылымды арзан бағамен пайдалана алатын, сондай-ақ эко-
номикалық қолдау мен кеңестер алуға болатын, несие мекемелерінен
барынша көп қолжетімділік қажет еді. Тәуекелдерден қауіптенетін банк-
тердің қызығушылығын арттыру мақсатында, бастапқы қаржыландыру
үшін Қазақстанның Даму Банкі Германиядағы стартаптар және орта
бизнес үшін қаржы институты ретінде Германиядағы үшінші ірі банкке
айналған Германияның Кредиттік институтын қайта құру (KfW Банкі) желісі
бойынша одан әрі дамуы керек еді. Даму Банкінің ұзақ мерзімді несие-
лері мен кепілдіктері, қалыпты коммерциялық банктердің несиелерімен
қатар, Қазақстандағы жаңа кәсіпорындардың қалыптасу толқындары-
ның негізі болуы мүмкін. Қолайлы несиелер арқылы инвестицияларды
қаржыландыру Қазақстанда салық заңнамасы бойынша қолданыстағы
салық есебінен субсидиялау мүмкіндігі ретінде елеулі шектеуге ие. Бірақ
Үкімет кәсіпорындарға қолдау көрсетудің маңыздылығын түсінді; Мем-
лекет басшысы шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің маңызды-
лығын бірнеше рет атап өтті
84
. Сонымен қатар, Қазақстанның Даму Банкі
84
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл
сайынғы Жолдауы,
30 қараша, 2015 ж., 11–13 бб.
44
Қазақстан экономикасының трансформациясы
стартаптар мен ШОБ-ты қолдауға емес, ірі жобалар бойынша мөлшерле-
мелерді қойып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ
«Бәйтерек» холдингінің «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына иелік ететін
бастауыш кәсіпорындар, шағын және орта бизнесті қаржыландыруды
ауыстырады. Бұл кемшілік, себебі Даму қоры банк емес, тек қана Қор болып
табылады. Бұдан басқа, қордың несиелері жылдық 14 процентпен қам-
тамасыз етіледі
85
. Кәсіпорынның құрылу кезеңінде бұл тым жоғары баға.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті өнеркәсiптiк алаңшаға жету жолдары
тек жаңа технологияларға және «Индустрия 4.0» қадамдар жасалса ғана
табысқа жетедi. Бұл үшін елге негізгі технологияларды тарту қажет. Сонымен
қатар, Қазақстанның бүгінгі күні индустриалды мемлекет емес екендігін,
оның артықшылығына айналдыру керек. Мұнда
іс жүзінде ешқандай
өнеркәсіп жоқ болса, онда сіз тек аздаған «бұрыннан қалған затты» әкеле
аласыз. Осында қызметкерлерді қайта даярлауға қажеттілік жоқ, жұмыс
өндірісінде жаңартылу қажет емес ескі өндірістік нысандар, қызмет көрсе-
туге қажетті ешқандай жеткізу тізбегі жоқ және тұрақты табысты растауды
талап ететін үлестік меншік иелері жоқ.
Әрине, қазіргі заманғы өнеркәсіптік қоғам жайдан жай пайда болмайды.
Сондықтан маңызды мәселе – ел негізгі технологияларды тарта ала ма?
Сонымен бірге «Бәйтерек» және «Самұрық- Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры
басты рөлге ие болуы керек. Бірақ Ұлттық қор ескірген құрылымдарға тым
көп инвестиция жасайды.
Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілген жиналыста ел дамуына
жауапты мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаратын «Бәйте-
рек» ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Ерболат
Досаев 2016 жылға арнап ұсынған экономикалық есепке сәйкес, шамамен
10,8 млрд еуроға жуық мүлік шоғырландырылған (4 100 млрд теңге) және
79,3 млн еуро (30 млрд теңге) таза нәтижеге қол жеткізген
86
. 2015 жылғы
жаздың аяғындағы теңге девальвациясын ескере отырып, нетто- нәтиже
халықаралық деңгейге қарағанда, жартысынан астамға азайды. 2015 жылы
тағы 201 млн еуро (49,4 млрд теңге), ұлттық валютадағы мүлік активтері
2015 жылы 3,460 млрд теңгені құраған, демек девальвацияны ескере
85
http://www.damu.kz/303
86
http://www.akorda.kz/public/index.php/en/events/akorda_news/meetings_and_receptions/
meeting-with-baiterek- national-holding- board-chairman- yerbolat-dosayev
45
Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері
отырып баланс 14,1 млрд еуроны құрады, ал девальвацияның олардың
құнын айтарлықтай төмендетуі байқалды
87
. Қазақстанның ұлттық экономи-
касында девальвация ел активтері үшін проблема болып табылады және
халықаралық инвестициялардың мүмкіндіктерін шектейтіндігі де сөзсіз.
Тіпті банк саласының өзі теңгенің құнсыздануынан зардап шекті. Қолма-
қол ақшамен сауда жасау құқығынан айырылған «Астана» шағын банкі
құлдырағаннан кейін, 2018 жылдың тамыз айында 1 еуро = 440 теңгеден
асқан кезде ірі «Цеснабанк» та дағдарысқа ұшырай жаздады. Үкіметтің
салық қаражат есебінен банктерді құтқару туралы мәлімдемесіне қара-
мастан, Цеснабанк жағдайында Қазақстан ауыл шаруашылық несие-
лерінің көпшілігі осы банк арқылы өтетіндіктен, болжамды және ресми
түрде банкті құтқарып қалуға араласты
88
. Мүмкін, банктің иесі Президент
Әкімшілігінің бұрыннан келе жатқан басшысы болғандықтан да шығар.
Бұл қаржылық мекеме 2018 жылдың соңына дейін ғана қорғалуы мүмкін
89
.
Қазақстандағы банктер арасында турбуленттілік кезеңінде 2018 жыл-
дың маусымында Астана халықаралық қаржы орталығын (AIFC) құру
басталды. Бұған жекешелендіру саласында айтылған әсерлерден басқа,
Блокчейн (Blockchain) мен криптовалюталар саласында жақсы бизнеске
үміт бар және Үкіметтің Цифрландыру стратегиясы да осы инновация-
лық салаға нақты әсер етеді. Бұл табысқа алып келе ме, жоқ па, белгісіз.
Бірақ ресми мәлімдемелерде кей кездері Блокчейн саласындағы реттеу
туралы айтылады
90
.
Алайда, бұл қаржы өнімдері негізінен табыстылық пен тартымдылықты
реттеудің төмен дәрежесі жағдайынан туындағандықтан, Қазақстан бір
жағынан реттелмейтін нарықтың қиялын, екінші жағынан реттеу ара-
сындағы табысты жолды таба ала ма? Дегенмен, Блокчейн және крипто-
валюталар тақырыбы Қазақстанға болашақта неғұрлым маңызды техно-
логияларды қажет ететінін тағы да дәлелдейді.
Сондықтан «негізгі технологиялардың» инвестициялық стратегиясы қажет.
87
2015 жылы еуроның теңгеге шаққандағы орташа бағамы 1 еуро = 245,80 теңге болды
және 2016 жылы
1 еуро = 378,63 теңге
88
https://www.reuters.com/article/tsesnabank- capital/
update-1-kazakh- tsesnabank-says-owners-to-inject-over-100-mln-in-capital-idUSL5N1VX3ID
89
Кітаптың орыс тіліндегі нұсқасын жариялау сәтінен бері банк сатылып, First Heartland
Jýsan Bank болып аталды
90
Cointelegraph 2018 жылғы 17 қыркүйектен
46
Қазақстан экономикасының трансформациясы
«ҚазМұнайГаз» және «Эйр Астана» компанияларындағы мемлекеттік үлес-
терге иелік ететін және «Самұрық- Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқар-
масының төрағасы Өмірзақ Шөкеев Президентке 217 кәсіпорынның жос-
парлы сатылымы мен жекешелендірілуі туралы есеп берді. Сонымен қатар,
көптеген және ішінара сату да жүзеге асырылуы мүмкін
91
. Қазақстан үшін
халықаралық деңгейде сатудан түсетін түсімдерді,
шет елдерге, мәсе-
лен Германияға инвестициялау арқылы ұтымды технологиялар транс-
феріне жәрдемдесу мақсатындағы «негізгі технологияларды» сатып алуға
жұмсауды ұсынамыз.
Технологиялар трансфері қазіргі уақытта ҚР Үкіметінің күш-жігері орын-
дауға бағдарланған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға
және ақпараттық технологиялардың дамуын ынталандыруға бағытталған
«EXPO» технопаркі халықаралық технологияларын құруға және инвести-
циялау үшін АТ алаңша мен жоғары технологиялық салалар кәсіпорын-
дарын құруға ынталандырады
92
. Осыған байланысты «Алатау» иннова-
циялық паркін құру жоспарланып отыр
93
.
Бұл бастамалардың табысты болуының шешуші факторы – жұмыс берушілер
үшін жоғары білікті мамандардың жеткілікті болуы. Академиялық білім
деңгейінде студенттер мен түлектердің «интернационализмін» одан әрі
жеделдету қажет. Назарбаев Университеті сияқты осындай бірнеше уни-
верситеттермен шектеліп қалудың қажеті жоқ, бұл барлығына ортақ стан-
дарттар болуы керек. Алайда оқытудағы интернационализм халықара-
лық деңгейдегі салыстырмалылықты талап етеді. Бұл үшін жоғары оқу
орындарына (мысалы, Алматыда 42 жоғары оқу орны бар) неғұрлым
тиімді, жоғары оқу орындарын біріктіріп, халықаралық ынтымақтастық
үшін қызықты болуға, мысалы Германия университеттері үшін мүмкіндік
беретін білім беру қызметтері ұсынылмайды. Сонымен қатар, білім беру
бағдарламаларында (оқу бағдарламалары) халықаралық академиялық
стандарттарға жетуге болатын оқу компоненттері аз және барының
өзінде таңдау жасау қиын, ал барлық бағдарламалар бойынша міндетті
91
http://www.akorda.kz/public/index.php/en/events/akorda_news/meetings_and_receptions/
meeting-with-samruk- kazyna-board- chairman-umirzak- shukeyev
92
https://primeminister.kz/en/news/industrializatsiya/
premer- ministr-rk-poruchil- uskorit-razrabotku- programmi-tsifrovoi- kazahstan-14010
93
Сонда.
47
Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері
контент орта мектептің жалғасы болып табылады. Бұл кемшілік шұғыл
түрде шешілуі керек.
Сонымен қатар, көптеген университеттердің қатысуымен үздік тәжірибе
кластерлерін әзірлеу орынды. Германияда бұл тұрғыда өте жақсы тәжірибе
жинақталды. Германияда осы тақырыптық бағыт пен ынтымақтастықтан
туындайтын синергия бойынша жақсы тәжірибе жинақталған.
Бұдан басқа, басымдыққа ие жұмыс мамандықтарына, әсіресе өнеркәсіп
саласына қатысты неміс стандарттарына сәйкес, дуальды оқытуды күшейту
керек. 2012 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республика-
сының Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық ынтымақтастық
жөніндегі Германия қоғамының (GIZ) бірлескен жұмысы қуантады, бұл
ынтымақтастық ең танымал академиялық пәндер үшін құқықтық базаны
құруға әкелді. Осылайша, қазір Қазақстанда Германия стандартына сәйкес
білім алу мүмкіндігі бар
94
. Үкіметтің мәліметтері бойынша, Қазақстанда
колледждерде, оқу орталықтарында және басқа да оқу орындарында
20 000-нан астам оқу орны бар дуальды оқытуға негізделген алғашқы
жобаларды жүзеге асыруда
95
. Дегенмен, көбінесе өндірісте оқу тәжіри-
бесі жеткіліксіз. Қазақстандағы шағын және орта кәсiпорындар дуальды
оқытуды енгiзу қиындықтарымен бетпе-бет келедi. Заманауи тренинг-
тер өткізу үшін нұсқаушы- инструкторлар және көбінесе техникалық
жабдықтар жоқ. Бір кәсіпорынның білім беру инфрақұрылымын ең жаңа
технологияларды қолданумен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болған
жағдайда, тәжірибелік сабақтардың өңірлік орталықтарын немесе құзы-
реттілік орталықтарын құру ұсынылады, бірнеше компаниялар шығын-
дар мен техникалық қызмет көрсетулерді бөліседі және мемлекеттік қол-
дауды қажет етеді.
Осылайша, кәсіпорындарды қатысуға тарту, сондай-ақ білім алушы-
ларды оқыту барысында штатқа алу қажет. Бұдан басқа, өңірлік әкімдіктер
сияқты әріптестерді тартуға және нұсқаушы- инструкторлардың кадрлық
әлеуетін одан әрі дамытуға тура келеді
96
.
2018 жылдың 31 наурызында
94
Гёртц Райнер: «Қазақстан Республикасындағы дуальды білім беруді енгізу туралы
халықаралық ынтымақтастық (GIZ) бойынша неміс қоғамының рөлі» жобалық есебі.
95
https://primeminister.kz/en/news/sotsialnaya_sfera/v-2017-godu-bolee-20-tisyach-
kazahstantsev-smogut- besplatno-poluchit- rabochuu-spetsialnost-14021
96
Гёртц Райнер: «Қазақстан Республикасындағы дуальды білім беруді енгізу туралы
халықаралық ынтымақтастық (GIZ) бойынша неміс қоғамының рөлі» жобалық есебі.
48
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Қазақстан Республикасында дуалды оқытуды енгізуді көздейтін GIZ ман-
даты аяқталғаннан кейін, Конрад Аденауэр қоры жобаны бейімделген
мазмұнды екпінмен жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |