Қазақстан және Германияның экономикалық қарым-
қатынастары: жағдайы мен перспективалары
Ерболат Сейілханов
Әлемде болып жатқан жылдам өзгерістер тек жаңа сын-тегеуріндерді ғана
емес, экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері мен бағыт-
тарын да туындатады. Бұл Қазақстан және Германия арасындағы қарым-
қатынастарға да едәуір байланысты.
Қазіргі уақытта еуропалық елдердің арасында ГФР Қазақстанның жетекші сауда
серіктестерінің бірі болып табылады. ҚР Ұлттық банкінің ақпараты бойынша
2016 жылғы екіжақты сауданың көлемі 3 млрд 986 млн еуроны құрады, ал 2017
жылы ол 4 млрд 856 млн еуроға дейін, яғни 20%-ке өсті. Сауда көлемінің өсуін
сарапшылар теңге бағамының тұрақтандырылуы мен әлемдік мұнай бағасы-
ның артуымен байланыстырады, бұл қазақстандық тарапқа 2014–2015 жыл-
дары күрт өзгерген сауда позицияларын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Қазақстан Германияға негізінен шикізат пен металдарды экспорттайды.
Мұнай бүкіл экспорттың 91%-ды құрайды, ал экспорттың қалған бөлігін
жалпы қара металдар (2,4%), бейорганикалық химия (2,2%), түсті метал-
дар (1,7%), балық (0,7%), майлы дақылдар мен басқа өсімдік дақылдары
(0,6%) және басқалар құрайды.
Тұтастай алғанда Германиядан Қазақстанға импорт өнеркәсіп өнімдерімен
ұсынылған, онда жетекші орын машина жасау өнімдеріне (49%) және
фармацевтикалық өнімдерге (9,4%) тиесілі. Бұдан басқа, Германия көлік
құралдарын, өнеркәсіптік қондырғыларды, химиялық өнімдерді, пласт-
масса және болаттан жасалған өнімдерді жеткізеді.
Германиямен экономикалық байланыстарды дамытудың маңызды бағыт-
тарының бірі инвестициялық ынтымақтастық болып табылады. Қазақстан
Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2005 жылдың қаңтарынан 2018 жыл-
дың қаңтарына дейін Германиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың
жалпы түсімі 4,231 миллиард АҚШ долларын құрады (345,5 млн – 2017 ж.,
249,8 млн – 2016 ж., 319 млн – 2015 ж.,). Сонымен бірге, Қазақстан Республика-
сының экономикасына неміс инвестицияларының 90%-нан астамы шикізат-
тық емес секторға, атап айтқанда өңдеу өнеркәсібін, химия өнеркәсібін,
құрылыс материалдарын, көлік және агроөнеркәсіп кешенін құрайды.
154
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар, неміс компанияларының және банк-
тердің өкілдіктерін қоса алғанда, неміс капиталы бар 1450-ден астам эко-
номикалық құрылым тіркелді. 900-ден астам неміс кәсіпорыны белсенді
жұмыс істейді. Өндіріс, құрылыс, көлік және байланыс, ауыл шаруашы-
лығы, қызмет көрсету және экономиканың басқа салалары бойынша ынты-
мақтастық жүзеге асырылуда. Қазақстанда танымал неміс концерндері
«Даймлер», «Фольксваген», «Ман», «Сименс», «Байер», «БАСФ», «Хайдель-
берг цемент», «Кнауф», «РВЕ», «Бош», «МЕТРО» және басқалар ұсынылған.
Көлік логистикасы саласындағы ынтымақтастық қарқынды дамып
келеді. Қытайлық Жаңа Жібек жолының («Бір жол – бір белдеу») баста-
масы арқасында Қытайдан Еуропаға контейнерлік қозғалыстың геоме-
триялық прогрессияда өсуі байқалады.
2017 жылғы 12 шілдеде Германияның Федералды Президенті Ф.-В. Штайн-
майердің Астанаға ресми сапарының қорытындысы туралы да айтып өту
керек. Осы сапар барысында тараптар туризм, көлік, энергетика, машина
жасау, жаңартылатын энергия көздері, бөлшек сауда және ауыл шаруа-
шылығы сияқты салаларда шамамен 1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі
екіжақты инвестициялық құжаттар топтамасына (21 жоба) қол қойды.
Мұның барлығы Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық бай-
ланыстардың дамып келе жатқанын дәлелдейді, олар бір-бірін өз аймақта-
рындағы негізгі стратегиялық серіктес ретінде көреді.
Сонымен бірге, екі ел арасындағы сауда- экономикалық ынтымақтастық
перспективаларын талдау Қазақстан мен Германия мүддесі үшін табы-
сты іске асырылуы мүмкін елеулі пайдаланылмаған әлеуеттің бар екенін
көрсетеді. Бұл қандай мәселе?
Екі ел де толыққанды жұмыс істемейтін артықшылықтарға ие. Атап айтқанда,
Қазақстанның материалдық сауда тұрғысынан өте қолайлы геоэкономи-
калық жағдайы бар. Біздің тікелей көршілеріміз – Қытай (1,5 млрд адам),
Ресей (147 млн адам),
Орталық Азия (52 млн адам), Каспий теңізі арқылы
Әзербайжан (10 млн адам) және
Иран (82 млн адам).
Сонымен қатар 18 миллион адам тұратын Қазақстанды осы елдермен
теміржол және автокөлік желілері, сондай-ақ Каспий теңізіндегі теңіз
порттары байланыстырады. Көлік логистикасы тұрғысынан Қазақстан
ірі қойма сыйымдылықтары бар хабтарды ұйымдастырудың ең ыңғайлы
155
Қазақстан және Германияның экономикалық қарым- қатынастары: жағдайы мен перспективалары
жері болып табылады, бұл аймақтық тұтынушыларға тауар жеткізудің
қашықтығын және уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Сол себепті де, жергілікті жұмыс күшінің салыстырмалы түрде арзан
бағасына байланысты, Қазақстандағы өндірістің өзін шоғырландыру
пайдалы болуы мүмкін. Елімізде барланған (2005 жылы) 5 мыңнан астам
пайдалы қазбалардың кен орындары 46 трлн АҚШ долларынан асады,
220 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлері (2017 жылы шама-
мен 30 млн гектарға пайдалануға болатын), қолайлы инвестициялық
ахуал және инвестициялық заңнаманың құқықтық тұрақтылығы, сон-
дай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ пен Шанхай ынтымақтастық
ұйымы шеңберіндегі Қазақстанның халықаралық интеграциясы – осы-
ның бәрі Қазақстанның экономикалық перспективаларының өте кере-
мет екенін көрсетеді.
Әрине, аталған неміс серіктестерінің көпшілігі мұны біледі және қазірдің
өзінде пайдаланады, өйткені Германияның Қазақстанмен экономикалық
арақатынасы Орталық Азия елдерімен жасалатын жалпы тауар айналы-
мының 82%-ы, шамамен 6 млрд АҚШ долларын құрайды. Ал былтыр Гер-
мания экспортының көлемі 1,3 трлн триллион долларды (!) құрады, яғни
біздің өңірде және көршілес аймақтарда сауда- саттықты дамыту үшін
бұрынғыдай резервтер бар екендігі анық. Сонымен қатар, Орталық Азия
елдерінің көпшілігінің ішкі нарықтары әлі де толыққанды тауарлармен
толықтырылған жоқ.
Осыған байланысты, «Өзбекстанның ашылуы» – бұл аймақтағы сауда-
экономикалық қатынастардың барлық кешенін қайта құруға, сондай-ақ
Орталық Азияға сыртқы (оның ішінде инвестициялық) қызығушылығын
нығайтуға мүмкіндік беретін өте жақсы фактор. Көптеген сыртқы эконо-
микалық ойыншылар үшін Өзбекстан және оның Қазақстанмен қатынасы
күрделі салымдардың өте тиімді саласы болып табылады. Бұл ел табиғи
ресурстарға (газға, алтынға) бай, адамдары еңбекқор, өнеркәсіп және
ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Өзбекстанға шетелдік қызығушы-
лықтың айтарлықтай көрсеткіші ретінде жақында Ташкент пен ЕҚДБ ара-
сында қол қойылған 1 млрд еуроға жуық кредиттік келісімдер топтама-
сын атауға болады.
Қазақстан шетелдік озық технологиялар мен менеджментті тартуға мүдделі,
оны Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасынан да, 2012
156
Қазақстан экономикасының трансформациясы
жылғы Германиямен шикізат, өнеркәсіптік және технологиялық сала-
лардағы серіктестік туралы келісімнен де көруге боолады. Біздің еліміз
дамыған ауыл шаруашылығы және жақсы ұйымдастырылған көліктік-
логистикалық инфрақұрылымы бар қуатты индустриалды мемлекет
болуға ұмтылады, сондықтан осы кезеңде «шикізатты технологияларға
айырбастау» қағидаты Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатында
басымдыққа ие. Осыған байланысты, Германияның Қазақстанға ұсына-
тын бәсекеге қабілетті салалары бар.
Қазақстан Германиямен ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ретінде
индустрияландыру, химия өнеркәсібі, энергетика және энергия тиімділігі,
құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және транзит саласындағы жобаларды
қарастырады. Бұдан бөлек, «Индустрия 4.0» неміс платформасын қолдану
арқылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру
бойынша ынтымақтастықты нығайту жоспарлануда. Біздің еліміз алдағы
жылдары есептелген жекешелендірудің «екінші толқынында» неміс іскер
топтарының қатысуын құптайды.
Қазақстан мен Германияның экономикалық ынтымақтастығын институ-
ционалдық қолдау екі елдің тиісті министрліктері мен ведомстволары –
Қазақстан- Герман іскерлік кеңесі, «Қазинвест» АҚ және Германия эконо-
микасы Шығыс комитеті тарапынан қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, екіжақты сауда- экономикалық қатынастар аясында біздің
елдеріміздің мүдделерін толығымен және өзара тиімді қанағаттандыруға
ықпал ететін бірқатар сала бар. Бұдан басқа, ынтымақтастықты табысты
дамыту, тиімді серіктестікті дамыту үшін және Қазақстан мен Германия-
ның іскер топтарының бизнес- жобаларын іске асыруға (атап айтқанда,
неміс компаниялары Ойлер Гермес және Г. Паппенбургке қатысты мәсе-
лелерді шешу) кедергі келтіретін мәселелерді шұғыл түрде шешу қажет.
Ең алдымен ынтымақтастық парадигмасына өзгерістер мен толықтыру-
лар енгізу қажеттілігіне назар аударғым келеді. Менің ойымша, екі эконо-
миканың өзара
іс-қимылында «зәкірлі инвесторлар» деп аталатын мәсе-
ленің маңыздылығын жоққа шығармай, қазіргі жағдайдағы орта және
шағын кәсіпорындар арасындағы көлденең байланыстарға ынтымақта-
стықтың басты жағын ауыстыру тиімді болады.
157
Қазақстан және Германияның экономикалық қарым- қатынастары: жағдайы мен перспективалары
Бұл біздің елдеріміздің сауда әрі инвестициялық әріптестігінің тұрақты-
лығын қамтамасыз ететін, жыл сайын қарқынды өзгеріп келе жатқан тұты-
нушылық сұранысқа неғұрлым икемді жауап беруге мүмкіндік береді. Тағы
бір маңызды жағдай – ынтымақтастықтың мұндай формасы жұмыспен
қамтамасыз ету міндетіне қатысты, себебі ол ШОБ, яғни еңбек нарығында
бос орындардың негізгі жеткізушісі болып табылады. Бұл өте маңызды,
себебі роботтандыру және цифрландыруды жетілдірудің (және сәйкесінше,
жұмыс орындарын қысқартуға алып келетін) табыстылығын негізге ала
отырып, жаңа технологиялық құрылымға көшу қазірдің өзінде жақын
болашақтағы жетекші әлеуметтік мәселелердің санатына нәтижелі жұмыс-
пен қамтуды шығарады.
Германияның Еңбек және әлеуметтік істер министрі Хубертус Хайль
Frankfurter Allgemeine Zeitung (06.08.2018) газетінде: «неміс сарапшыла-
рының айтуынша, 2030 жылға қарай автоматтандыру Германиядағы әрбір
төртінші жұмыскерге әсер етеді» деп атап өтті. Сондықтан еңбек нарығында
болашақ өзгерістерге дайын болу үшін – Индустрия 4.0, үздіксіз білім әрбір
мамандықтың ажырамас бөлігі болуға тиіс. Неміс министрінің айтуынша,
жұмысшылардың қажетті біліктілігіне жауапкершілік ең алдымен жұмыс
беруші тарапынан жүктелуі тиіс және үкімет бұл үшін қажетті құқықтық
базаны құруы керек. Экономикалық ауытқуға түспеу үшін Қазақстан мұндай
мәселелерді назарға алуы керек деп есептейміз. Осылайша, Индустрия
4.0 саласы бойынша оқыту және үздіксіз білім Нұр- Сұлтан мен Берлин
арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін тағы бір өріс болуы мүмкін.
Германиядағы жұмысымның тәжірибесінен, халықаралық деңгейде шағын
және орта кәсіпорындар арасында байланыс орнатудың қаншалықты қиын
екенін білемін. Біріншіден, тараптар туралы ақпараттың кейбірі мен басқа
адамдардың қажеттіліктері туралы ақпараттың жетіспеушілігі бар, мемле-
кеттік органдардың және экономикалық өзара іс-қимылдың орталық орган-
дарының айқын себептермен ірі компаниялардың басымдықты мәселе-
леріне бағытталғаны сияқты тиімділік мәселесі де бар. Осыған орай, ШОБ
арқылы экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа ынтымақта-
стық платформаларын құру қажеттілігі бар. Мүмкін болатын шешімдердің
бірі ретінде олардың қызмет түрлерін, кәсіпорындардың электронды ката-
логын, өндірістік қуаттардың қысқаша сипаттамасын, ынтымақтастық
бағыттарын және қызығушылықтың заңды ерекшеліктерін көрсете оты-
рып ұсынуға болады. Бұл ынтымақтастық мәселелерін талқылауға кірісу
158
Қазақстан экономикасының трансформациясы
үшін ықтимал серіктестермен «таныстыру» мүмкіндігін береді. Екінші
қадам ретінде әлеуетті инвесторлар үшін қызықты жобалар (идеялар)
орналастыратын платформада электрондық «жобалық алмасуды» іске
асыруға бағытталған жұмыс болуы мүмкін. Осындай платформаларды
құру өңірлік тұрғыдан ұтымды болып көрінеді, өйткені шағын және орта
кәсіпорындар өздерінің табиғаты бойынша орталықтандыруды және
ауыр бюрократияны қажет етпейді. Жалпы «қорғаншылық» мәселелерін
және олардың мүдделерін білдіруді Қазақстан Республикасының Сауда-
өнеркәсіптік палатасы және Германияның тиісті құрылымдары (іскерлік
бірлестіктері) жүзеге асырады.
Сондай-ақ ШОБ-тің, әдетте, шет елге инвестициялар үшін еркін айналым
қаражаты жоқ екендігін атап өткен жөн. Сондықтан экономиканың осы
сегментінде жобаларды іске асыруға несие беретін банк секторы ШОБ
ынтымақтастық жүйесінің маңызды элементі болуы керек. Осы бағытта
2018 жылы 4 шілдеде ашылған «Астана» халықаралық қаржы орталығы
(АХҚО) тиімді алаңша болуы мүмкін.
АХҚО бірқатар артықшылықтарға ие, соның арқасында мұнда өте тар-
тымды
бизнес- климат құрылды. Ағылшын заңдарына негізделген айрықша
юрисдикциядан басқа, салық жеңілдіктері, шетелдік жұмыс күшін ақысыз
жалдау, қолма-қол ақшасыз төлемдер мүмкіндіктері, АХҚО бағалы қағаз-
дар нарығының жаңалығы, оның ішінде жаңа кәсіпорындардың акция-
ларын шығаруымен сипатталады, сондықтан инвестицияларды тартуға
мүмкіндігі бар, оның ішінде шағын және орта бизнесте де. АХҚО менеджері
Қ. Келімбетовтың айтуынша, 2020 жылға қарай Астана қор биржасында
500 компанияны тіркеу жоспарлануда (ашылған кезде – 55). Қ. Келімбетов:
«Біз Дүниежүзілік Банк, ХВҚ, ЕҚДБ, АДБ, Азия инфрақұрылымдық инвести-
циялық банкі, ШЫҰ елдерінің жаңа Даму банкі сияқты барлық көп жақты
қаржы институттарымен ынтымақтастық жасаймыз. Олардың барлығы
АХҚО-ның стратегиялық әріптестері болып табылады», – деді.
Кредиттік қауіпсіздік схемаларын жетілдірудің маңызды қадамы Қазақстан
үшін несие желісін жаңартуға мүмкіндік беретін неміс сақтандыру компа-
ниясы «Ойлер Гермес» мәселесін тезірек реттеу еді.
Менің пікірімше, Қазақстанның кемшілігі – senior official – неміс жоғары
лауазымды тұлғаларының, нақтырақ айтқанда жоғары лауазымдар-
дан зейнеткерлікке шыққан қарт адамдардың әлеуетіне қызығушылық
159
Қазақстан және Германияның экономикалық қарым- қатынастары: жағдайы мен перспективалары
танытпауы. Іс жүзінде, бұл – зияткерлік және кәсіби тәжірибенің «алтын»
резерві, олардың жаңа істерге қатысуы өндірістің барлық салаларында
(тек осы ғана емес!) Қазақстанның белсенділігін едәуір арттыра алады.
Олар өз саласының ерекшеліктерімен жақсы таныс, неміс нарығын біледі
(сұранысқа ие неміс компанияларын ұсына алады: қызметтер, тауарлар,
технологиялар), сондай-ақ олардың әлемнің кез келген елінде маңызды
байланыстары бар.
Тиісті бағдарламаларды ұйымдастыру, Қазақстанда жұмыс істеу және
тұру үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы олардың арасында өмірлік
белсенділігін ұзартқысы келетіндер болады деп сенемін. Сонымен бірге,
Қазақстан мен Германия арасындағы қарым- қатынастардың болашағына
назар аудару қажет. Бұл ынтымақтастыққа екі елдің жастарын да бел-
сенді тарту керек деген сөз. IT-стартаптар Халықаралық орталығы бұл
үшін жақсы мүмкіндіктерге ие бола алады деп ойлаймын, бірақ әр түрлі
технопарктер, ғылыми- зерттеу зертханалары, Қазақстанның жоғары оқу
орындары жастармен алмасуға қосылса жақсы болар еді. Айтпақшы, қазір
Германияда әртүрлі мамандықтар бойынша 300-ге жуық қазақстандық
студенттер мен магистранттар оқиды. Сонымен қатар, Германияда инже-
нерлік білім әлемдегі ең үздіктердің бірі болып саналады, ал неміс тілінде
білім алу бұл жерде тегін деп те айтуға болады! Қазақстандағы инже-
нерлік кадрларға деген сұранысты ескере отырып, білім беру саласындағы
ынтымақтастықты нығаятынына, осылайша Германияда оқып жүрген жас
қазақстандықтардың саны арта түсетініне сенімдімін. Сонымен қатар, Гер-
маниядан шақырылған жас мамандардың саны көбеюі үшін тиісті сайттар
жасап және Қазақстаннан Германияға көшіп келген қоныс аудару корпу-
сының өкілдерін (1 млн адам) де осы үрдіске қатыстыруға болар еді. Олар-
дың көпшілігі орыс тілін біледі, жергілікті халықпен қарым- қатынас про-
цесін едәуір жеңілдететін қазақтың тілін біледі. Осыған байланысты неміс
қоғамының қамқорлығымен құрылған неміс жастарының одағы екіжақты
байланыстарды дамытуда оң рөл атқара алады. Қазақстан азаматтары
неміс визаларын ресімдеудің жеңілдетілген тәртібі және Германия Феде-
ративтік Республикасы азаматтарының ұзақ мерзімді қазақстандық виза-
лары жастар алмасу саласындағы ахуалды айтарлықтай жеңілдетер еді
1
.
1
Қазақстанда қазіргі кезде ГФР азаматтарын қатысты 30 күн мерзімге дейінгі визасыз
режим бар.
160
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Қазақстандағы жобаларды іске асыру, ең алдымен, инновацияларға ұмты-
латын адамдарға қызығушылық тудыруы мүмкін, олар негізінен бәсекеге
қабілетті «тың» идеялар тұрғысынан бизнес- идеяларды жүзеге асыруға
тырысады. 3D-басып шығару, интернет- жарнама, компьютерлік желілер
мен коммуникация секілді ең жаңа жоғары технологиялар саласындағы
жобалар немесе салалық мамандықтар бойынша әлі ұсынылмаған (аз ұсы-
нылған) салаларда әсіресе тартымды болуы мүмкін.
Әрине, көлік және ауылшаруашылық машиналарын жасау, машина жасау
және құрал- жабдықтар, химия өнеркәсібі, энергетика және байланыс,
ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін ірі
компаниялар арасында белсенділік орын алады. Яғни, қарапайым тілмен
айтқанда, Қазақстанда өңдеуге болатын кез келген шикізатқа сұраныс бар
және біздің еліміз бай шикізаттың үлкен қорларын әлемдік нарықтарға
жеткізу мүмкіндігіне ие.
Осыған байланысты, инвесторлар үшін жақсы жаңалық Ақтауда 2018 жылы
12 тамызда өткен «Каспий бестігі» саммитінде Каспий теңізінің құқықтық
мәртебесі туралы конвенцияға қол қою болып табылады. Осы құжатты
дайындауға 26 жыл қажет болды, оның барысында Каспий маңы мемле-
кеттері басшыларының бес саммиті және жұмыс топтарының 52 кезде-
суі өтті. Сарапшылар бұл келісім Каспий теңізіне қатысты барлық мәселе-
лердің 60-тан 70 пайызына дейін реттейтін негізгі құжат екенін атап өтті.
Бұл ресурстарды зерттеуге, инвестициялар тартуға және Каспий теңізінің
ресурстарын пайдалануды бастауға жеткілікті.
Облыстағы мұнай қоры 50 миллиард баррель шикі мұнай, табиғи газ-
дың қоры –
300 триллион текше фут деп бағалануда. Бұл аспект бұдан
әрі келіссөздер тақырыбы болып қала береді. Теңіз түбінің бөлінуі Кас-
пий теңізінде сақталған мұнай құбырларының үлкен көлемін пайдалану
үшін экономикалық тұрғыдан маңызды болып табылады, ол құрылатын
құбырлар бағытына әсер етеді.
«Рейтер» агенттігі Каспий теңізінің жер қойнауын бөлу туралы келісім
болмаған жағдайда мұнай және газ кен орындарын игеру мәселесі ашық
күйде қалар еді деген пікір білдірді. «Рейтер» компаниясы Вуд Маккензи
консалтингтік фирмасының сарапшысы Эшли Шерманның пікірін келтіреді.
Оның айтуынша, жаңа кен орындарының арқасында мұнай өндірудің
айтарлықтай өсуі күтілмейді, өйткені олар зерттелген ірі кен орындарынан
161
Қазақстан және Германияның экономикалық қарым- қатынастары: жағдайы мен перспективалары
әлдеқайда аз. Сондықтан Конвенцияға қол қою аймақ үшін маңызды
оқиға болып табылады.
Өз кезегінде Қазақстан Германияға жетекші мұнай жеткізуші бола отырып,
Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне үлкен үлес қосады. Зор ауқым-
дағы инвестициялар мен ең алдымен энергияны үнемдеу және балама
энергетика салаларында озық неміс технологияларын енгізу аясында
Германияның энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қосқан
үлесін арттыру ниеті бар.
Германия Балтық және Солтүстік теңіз порттарында дамыған көлік
инфрақұрылымына ие, ол біздің ел арқылы Қытайдан Еуропаға теміржол
арқылы контейнерлік тасымалдауларды белсенді түрде жүзеге асырады,
сондай-ақ халықаралық көлік және логистика саласында үлкен әлеует
пен инновацияға ие.
162
Қазақстан экономикасының трансформациясы
163
Қазақстан және Қытай: «Бір белдеу
–
бір жол» стратегиясының факторы
Достарыңызбен бөлісу: |