164
Қазақстан экономикасының трансформациясы
тоқтатып, сол себептен Қытай өнімдері қазақстандық нарықта кең сұра-
нысқа ие болды. Бұдан басқа, Қазақстан қытайлық тауарларды көршілес
елдерге, негізінен Өзбекстан мен Ресейге қайта экспорттаудан қосымша
табыс ала бастады.
Қаржылық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Қазақстанның кез кел-
ген қаласында юаньді айырбастау мүмкіндігі пайда болды, ал 2010 жылға
қарай Қытайдың төлем жүйесі China Union Pay бүкіл ел бойынша кеңінен
таралды. Қазір China Union Pay карталарын ұстаушылар Қазақстандағы
көптеген сауда орталықтарында сатып алуды жеңілдете алады, бұл ТМД-ның
көптеген елдерінде бұрын- соңды болмаған жағдай.
А лайда, пос ткеңес тік кеңіс тік тегі
интеграциялық фак торлар
Қазақстан – Қытай экономикалық ынтымақтастығына әсер ететін жаңа
факторға айналды. 2011 жылы Қазақстан, Ресей және Беларусьті қамти-
тын Кедендік одақ жұмыс істей бастады, ол
2015 жылдан бастап толықтай
Еуразиялық экономикалық одаққа айналды. Жаңа одақ бір жағынан кеден
шекаралары мөлшерлемесін жоғары деңгейге көтерді, екінші жағынан
Қазақстан, Ресей және Беларусь экономикалық кеңістігін біріктірді.
Бұл жаңа экономикалық жағдайды қалыптастырды. Бір жағынан, баж
төлемдерінің артуы қытай тауарларын жеткізудің жоғары деңгейін төмен-
детті, екінші жағынан, Қытайдағы жалақы өсімінің арқасында қытайлық
тауарлар да қымбаттады. Нәтижесінде Беларусь, Ресей және Қазақстан
тауарлары Қытай тауарларына қарағанда арзан болды, бұл Қытайды жаңа
ынтымақтастық жолдарын іздеуге мәжбүр етті
2
.
2012 жылы Си Цзиньпин басқарған қытай басшыларының «бесінші буыны»
билік тізгінін қолдарына алған соң, қытайлық мүдделер үшін маңызды
аймақтардың бірінде жаңа экономикалық және саяси шындықтарға бара-
бар жауап беру қажеттігін түсінді.
2013 жылдың қыркүйек айында Си Цзиньпиннің Орталық Азия аймағына
алғашқы сыртқы сапарының бірі ретінде Қазақстанға келуі екі ел ара-
сындағы қарым- қатынастың басты оқиғасы болды. Іс жүзінде бұл сапар
барысында Қытай көшбасшысы экономикалық қарым- қатынастарды
2
王志远. 从欧亚联盟看中亚国家的区域正整合
. (Ван Чжиюань.
Еуразиялық одақ тұрғысынан
Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық интеграциясына шолу.). //
中亚国家发展报告
. 2013
/
主编: 孙力, 吴宏伟
(Орталық Азия мемлекеттерінің дамуы баяндамасы. 2013 ж. / Сунь Ли,
У Хунвэй баспасы). –
北京
165
Қазақстан және Қытай: «Бір
белдеу
–
бір жол»
стратегиясының факторы
тереңдетудегі жаңа серпілістің бастауы болатын «Жібек жолы экономи-
калық белдеуін» жаңа стратегия деп жариялады.
Си Цзиньпиннің сапары барысында қол қойылған келісімшарттардың
жалпы сомасы 30 миллиард долларға жуық болды
3
. Негізгі мәміле CNPC-тің
Қазақстанның ең перспективті мұнай өндіру жобасына – Қашаған кен
орнына енуі болды. Қытай компаниясы жобадан шыққан американ-
дық ConocoPhillips-тің үлесіне ие болды: олар 8,4% үшін 5 миллиард дол-
лар төлеп, бәсекелестікте үнділік ONGC-ті (Exxon Mobil, Royal Dutch Shell,
Eni, Total, «ҚазМұнайГаз» және жапондық Inpex консорциумға қатысады)
жеңіп кетті. CNPC сонымен бірге Қашағанның екінші кезегін игеру үшін
«ҚазМұнайГазға» 3 млрд доллар қарызға берді.
Осылайша, «Бір белдеу – бір жол» стратегиясының парадигмасында
Қазақстан және Қытай арасындағы қатынастарды дамыту үшін негіз
қаланды.
Достарыңызбен бөлісу: