ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы мәселелер жөніндегі комиссия туралы ережеге сәйкес
Комиссия отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері міндетті
түрде шақырылады. Жоғары органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес мәселелері талқыланатын барлық отырысында БАҚ өкілдері, оның
ішінде «Хабар», «Қазақстан» және www.tengrinews.kz, www.nur.kz және
www.zakon.kz жаңалықтар сайттарының өкілдері қатысады. Комсиссия
құрамына ҮЕҰ өкілдерін енгізу мүмкіндігі қарастырылады.
Жоғарыда көрсетілген шаралармен қатар бақылау органдары БАҚ-та
жүргізілген жұмы туралы ақпараттың
жариялануы бойынша шаралар
қабылданады, бұл да сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттың құрамдас
бөлігі болып табылады.
Бұл үшін орталық және өңірлік БАҚ әлеуеті, сондай-ақ ақпаратты
жаппай таратудың басқа да тетіктері пайдаланылады.
Мәселен, 2013 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша
шыққан материалдардың саны 7 103 бірлікті құраған. Көрнекі үгіт
материалын орналастыру үшін ірі қалалардың көшелерінде, сондай-ақ
халық көп жиналатын жерлерде (вокзалдар, әуежайлар, халыққа қызмет
көрсету орталықтары және т.б.) жарнама қалқандары мен LED-экрандар
қолданылады.
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
ресми
сайтында
орналастырылған ақпаратқа сәйкес 2014 жылғы 30 маусымда онлайн
режимде облыстардың, Астана, Алматы қалалары әкімдерінің, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссия мүшелерінің,
сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен Комиссияның бірінші кеңейтілген
отырысы болды.
Республикалық және өңірлік БАҚ-та жүргізілген мониторинг нәтижесі
бойынша 2014 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша
10 950 материал жарияланған. Олардың
ішінде республикалық
телеарналарға 2 303 сюжет шыққан, республикалық газеттерде
1 790 мақала, интернет ресурстарда – 2 710 жарияланымдар жарық
көрген. Өңірлік БАҚ-та 4 147 материал жарияланған, оның ішінде
телеарналарда – 643 сюжет, газеттерде 3 096 мақала шыққан.
2014 жылы республикалық электрондық
және өңірлік БАҚ-тың
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін жариялаудағы
белсенділігі шілдеде арта түседі. Бұл өсу БАҚ-та мемлекеттік органдардың
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларын, сондай-ақ жергілікті
деңгейдегі сыбайлас жемқорлық істерін жариялаумен байланысты.
Желтоқсанда материалдардың жалпы көлемінің азаюы байқалады, бұл
ақпарттық алаңдағы тұтастай белсенділіктің төмендеуіне байланысты.
Барлығына дерлік өңірлік баспа басылымдарында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы бағыттағы: мысалы «Жемқорлыққа жол жоқ»,
«Сыбайластықпен күрес», «Жемқорлық», «Вне закона», «Борьба
с коррупцией», «Фемида», «Финпол» және т.б. айдарлар бар.
Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас
жемқорлық қылмысына қарсы күрес жөніндегі агенттігі (ҚР ЭСЖҚК)
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы
тұрақты айдарларды
62