ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
Сыбайлас жемқорлық әрекетінің күрделі психологиялық тетігін және
оның әрбір элементі қажетті өзара байланыс пен өзара тәуелділікте
қаншалықты болғанын түсіну үшін қазіргі заманғы сыбайлас жемқордың
бейіні мен оның психологиялық портретін қарастыру керек.
Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдар арасында жүргізілген
психологиялық зерттеу психологиялық бейінді және олардың аз ғана
адамдар тобымен араласуға ұмтылысы, жақын қарым-қатынастар
орнату кезінде абай болу, сыбайлас жемқорлық құрбандарына қатысты
аяушылықтың жоқтығы сияқты бірқатар қасиеттерді айқындап берді [2].
Олар, әдетте өздерінің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ешқашан жаза
болмайды деп ойлайды.
Атап айтқанда, қазіргі сыбайлас жемқорлықтың ашықтық және
арсыздық сияқты сипаттамасы анықталып отыр. Жасырын, «қауіпсіз»
парақорлық үздіксіз
дамитынын атап өту керек, өйткені жемқорлар
жасампаздығының жоғарылығы күмән тудырмайды. Шетелдік
зерттеулердің деректеріне сәйкес сыбайлас жемқорлық бойынша айла-
шарғыларда зияткерлігі жоғары және мәселелерді стандартты түрде емес
шешетін шығармашыл адамдардың мейлінше жолы болады. Нәтижесінде
кейбір сыбайлас жемқорлық схемалары мен сыбайлас жемқорлық
әрекетін ұйымдастыру тәсілдері әккілікпен және жетілгендігімен таң
қалдырады [2, 57-б.].
Сыбайлас жемқорлыққа дендеген тұлғаның психологиялық портреті:
өмірді материалдық игіліктер алу арқылы бағалау, молшылық өмірге
ұмтылуды бақыт көрсеткіші деп санау, рухани әрекет ұстанымдарын ой
елегінен өткізбей уәждеу және құрылымдау, өмірге қанағаттанушылықтың
төмен деңгейі,
өзін-өзін барабар бағаламау, сыртқы бақылау фокусы
(адамның өз өміріндегі оқиғалар үшін жауапкершілікті сыртқы
факторларға: басқа адамдарға, тағдырға, кездейсоқтыққа, қоршаған
ортаға жабу бейімділігі), әрекет етудің серпінді типі (сыртқы
әсерлерге
аяқ асты эмоциональдық әрекет жасайтын мінезі бар адам) [2, 328-б.].
Сыбайлас жемқорлық әрекеті құрылымындағы психологиялық
тетікті талдау. «Психологиялық тетік» деп кейбір функциональдық
тұтастықты сипаттау түсініледі және қандай себептерге орай қандай да
бір феноменнің пайда болатыны сипатталады. «Сыбайлас жемқорлық
әрекетінің психологиялық тетігін» сипаттау үшін бұл процес қалай,
қандай түрде жүзеге асырылатын, адамның бұл әлеуметтік әрекетін
қоғам мен өзі қалай реттейтінін, бұл әлеуметтік құбылыс негізінде қандай
психологиялық
процестер, функциялар, феномендер жатқанын ұғыну
қажет [4].
Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігін талдау
ауытқитын әрекеттің психологиялық тұжырымдарына негізделген.
Оларға фрустрация теориясын (Дж. Доллард, 1939; Э. Фромм, 1994),
«үйретудің» бихевиористік теориясын (В. И. Полтавец, 1998) жатқызуға
болады.
Бірінші теорияның мәні ауытқымалы әрекеттің өмірлік маңызды
жеке қажеттіліктердің фрустрация (қол жеткізудің мүмкін еместігі)
нәтижесі ретінде сипатталатынын білдіреді. Осылайша ол пайда болған
80