192
Қалыпты элемент — жоғары нақтылықты (1,0186 В) тұрақты ЭҚЖ-
нің электрохимиялық көзі. Қалыпты
элементтің қуаттылығы аз
болатындықтан, оны қорек көзі ретінде пайдалануға болмайды; оны
ЭҚЖ эталоны (өлшем) ретінде пайдаланады.
Тұрақты жұмыс тогының күші бар потенциометрлер термоЭҚЖ
(құралдардың нақтылық класы 0,05) өлшеу нақтылығын арттырады.
Алайда онымен жұмыс кезінде термоэлектрлік термометр салқын
түсуі температурасының тұрақсыздығынан туындаған ақаулар орын
алуы мүмкін. Сондықтан өндірісте мұндай потенциометрлерді
сирек қолданады.
Автоматты потенциометрлер кеңінен қолданыс тапқан. Олардың
атауы айтып тұрғандай, автоматты потенциометрлер термоЭҚЖ-ні
адамның
қатысуынсыз
өлшеуге
арналған.
Автоматты
потенциометрлер қосымша функциялардан басқа өлшеу нәтижесін
термобудың салқын түсу температурасына түзету
функциясын да
атқарады.
Потенциометрлер стандартты әдістердің пайдаланылуымен
сынақтан өтеді (МемСТ 22261—94, МемСТ 8.478—82, МемСТ 9245
— 79). Дербес қосалқы бөлшектермен жұмысқа арналған
потенциометрлер солармен бірге сыналады. Негізгі ақауды анықтау
МемСТ 8.478—82 бойынша жүргізіледі.
Автономды тексерісті және құрылымды потенциометрлер
тексеріс кезінде (рұқсат етілетін негізгі ақаудың шегінен асқан
жағдайда) қайта құрылып тексерілуі керек. Потенциометрдің
қосымша ақауын жұмыс жағдайында әр әсер ететін шама үшін жеке
анықтау керек. Әр сынақ кезінде әсер етуші шамалар қолданыстың
қалыпты жағдайына сәйкес мәнге ие болуы керек.
Егер әсер ететін шама үшін
қалыпты мән көрсетілсе, онда оны
осы мән мен әсер ету шамасының жұмыс аймағы шегі арасында
өзгерту керек болады. Егер әсер ету шамасы үшін қалыпты
диапазон көрсетілсе, онда жұмыс аумағы оны толықтай қамтуы
және тым болмаса бір бағытта оның шегінен шығуы керек. Әсер
етугі шама қалыпты диапазонның
әр шегі мен қалыпты
диапазонның таңдалған шегіне көрші жұмыс аумағыны кез келген
мәні арасында өзгеріп отыруы керек.
Потенциометрді қоршаған ауа температурасының өзгерісінен
туындаған қосымша ақауды анықтау кезінде сынауды келесі
кезектілікте орындаған дұрыс:
■
МемСТ 8.478-82 бойынша қолданысты қалыпты жағдайындағы
потенциометрдің негізгі ақауын анықтайды. Негізгі ақауды анықтау
нәтижесін пайдалануға рұқсат етіледі;
■
Кестеге сай қоршаған ауа температурасын
жұмыс диапазоны
температурасыны жоғарғы (төменгі) мәніне дейін жоғарылатады
(төмендетеді) және жұмыс режимін орнату уақыты аяқталғаннан
соң ақауды анықтайды. Потерциометрді жоғары (төменгі)
температурада ұстап тұру уақыты МемСТ 22261-94 бойынша
белгіленеді.
■
Температураның жоғарғы (төменгі) мәнінен қоршаған орта
температурасының шекті ауытқуы тексерілетін потенциометрді
қолданудың қалыпты жағдайы үшін температураның шекті
ауытқууына сәйкес келуі керек, бірақ ол ±3°С-дан аспауы қажет;
■
Қоршаған орта температурасының
қалыптыдан жоғарғы және
төменгі мәнге дейінгі өзгерісіне байланысты потенциометр
ақауының өзгерісін анықтайды.
Егер ақау өзгерісі 10.9-кестеде көрсетілген мәннен аспаса,
потенциометрлер сынақтан өтті деп есептеледі.
1 0 . 9 - к е с т е
Шама
Жұмыс аумағы шегі
Қосымша ақаудың
рұқсат етілетін
мәнінің
шегі, негізгі ақаудың
рұқсат етілетін мәнінің
шектік %-ы
Қоршаған орта
температурасы
0,0001 ден 0,001 дейінгі
нақтылық класы үшін
қалыпты мән ±2 °С
20
0,002 ден 0,01дейінгі
нақтылық класы үшін
қалыпты мән ±5 °С
50
0,02 ден 0,1дейінгі
нақтылық класы үшін
қалыпты мән ±10 °С
100
Салыстырмалы
ылғалдылық
25 тен 80 %-ға дейін
—
Атмосфералық қысым
84... 106,7 кПа
(630... 800 мм рт. ст.)
Тұрақты токтың жалпы
түрінің кернеуі
±10 В
50
194
10.9-кестенің соңы
Шама
Жұмыс аумағы шегі
Қосымша ақаудың
рұқсат етілетін мәнінің
шегі, негізгі ақаудың
рұқсат етілетін мәнінің
шектік %-ы
Жұмыс тогымен
қоректендірудің
қосымша көзінің
кернеуі(бар болса)
Қалыпты мән ±10%
50
Жұмыс тогымен
қосымша қоректендіру
көзінің жиілігі (егер бар
болса)
Қалыпты мән ±5%
Қосымша қоректендіру
көзінің ауытқу
коэффициенті (егер бар
болса) үлкен емес
10%
50
Сыртқы магнит өрісі
Тұтынушымен келісіліп
потенциометрдің нақты
типіне техникалық
жағдайда орнатылатын
нөлден жоғарыға дейінгі
мән
50
MicroCap бағдарламасында потенциометрдің макромоделін
қарастырамыз. Модель схемасы 10.13-суретте берілген.
Резистор номиналдарының мәні: R1, R5=11k; R2=1e8; R3,
R6=1k; R4, R7=10k; тұрақты ток қоректендіру көзінің кернеуі VCC,
VEE=15; конденсаторлар номиналы: С1, С2=100
П
; C3=3n.
Қоректендіру көздері операциялық күшейткішпен коннекторлар
көмегімен байланысқан, коннекторлар Component ^ ^ Analog
Primitives ^ Connectors ^ Tie командасымен беріледі. Коннектор
мәнінде
аты жазылады, мысалы жоғарғы көз үшін VEE. С атты
аналогты коннектор
R1
және
R5
резисторларының қосылыс
нүктелері үшін пайдаланылады.
Қосылысты Wire сымымен
жүргізуге болады, бірақ бұл кезде қосымша қосылыс нүктелері
пайда болмауы керек.
10.13-сурет. Micro-Cap бағдарламасындағы потенциометр
макромоделінің
схемасы
Айнымалы резистор
Достарыңызбен бөлісу: