Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


ПОТЕНЦИОМЕТР ҚҰРЫЛҒЫСЫ МЕН ӘРЕКЕТ



Pdf көрінісі
бет99/116
Дата06.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#81594
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   116
Байланысты:
5ddcb76d5d423 1574745965

 ПОТЕНЦИОМЕТР ҚҰРЫЛҒЫСЫ МЕН ӘРЕКЕТ 
ПРИНЦИПІ
 
 
 
 
 
Электронда 
потенциометрлер 
тұрақты 
токтың 
электр 
қозғалтқыш күштерін үздіксіз өлшеуге арналған, жеке жағдайда 
электронды 
потенциометр 
температураны 
өлшеу 
үшін 
пайдаланылады. Температураны өлшеу кезінде потенциометр 
кірісіне термоэлектрлік түрлендіргіш жалғанады.
Құрал жасау өнеркәсібі электронды потенциометрдің бірнеше 
түрін шығарады. Ақпаратты беру формасына байланысты 
потенциометрге келесі шифрлар беріледі:

ӨЖПК — өздігінен жазатын потенцометрлік компенсатор;

КПК — көрсеткіш потенциометрлік компенсатор;

АПК — айналмалы шкаласы бар потенциометрлік көрсеткіш 
компенсатор.
Сонымен бірге потенциометрлер миниатюрлі (КПК, ӨЖПК-1, 
АПК1), шағын габаритті (ӨЖПК-2), қалыпты (дискілі диаграммалы 
ӨЖПК-3), ұлғайтылған габаритті (ӨЖПК-4) болып бөлінеді.
Барлық аталған потенциометрлер өлшеу функциясынан басқа 
бірқатар функцияларды орындай алады, олардың қатарына мыналар 
жатады:

Қандай да бір берілген мәнге жеткені туралы сигнализация
(макс. — мин. — қалыпты);

Тапсырма бойынша параметрді реттеу;

МӨҚЖ-мен 
(мемлекеттік 
өнеркәсіптік 
құралдар 
мен 
автоматизация құралдарының жүйесі) байланыс үшін сигналды 
түрлендіру. 
Бұл 
үшін 
құралдарға 
МӨҚЖ-ның 
түрлі 
тармқтарымен байланыс орнатуға арналған сәйкестірілген 
сигналдарды шығыста алу мақсатында орнатылған өлшеу 
түрлендіргіштері пайдаланылады.
Шығыс 
сигналының 
түріне 
қарай 
түрлендіргіштерді 
пневматикалық, жиілік, ток және кернеу түрлендіргіштері деп 
бөледі. 
Өлшеу құралы ретінде потенциометр жұмысы өлшеудің нөлдік 
(компенсациялық) әдісіне негізделген. Өлшеудің компенсациялық 
әдісі өлшенетін мәні анықтала алатын ЭҚЖ кернеу түсуімен 
теңестіруге негізделген.
Компенсациялық әдістің негізгі артықшылығы термоЭҚЖ мәні 
термоэлектрлік термометр тізбегінің кедергісіне байланысты 
болмайтындығында.
ТермоЭҚЖ өлшеудің компенсациялық әдісін тиімді қолдану 
үшін құрамында қалыпты элементі болатын тұрақты ток күші бар 
потенциометр пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет