Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет2/116
Дата06.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#81594
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116
Байланысты:
5ddcb76d5d423 1574745965

ISBN 978-601-333-371-7
 (каз.)


Құрметті оқырман! 
Бұл оқулық «Цифрлық ақпаратты өңдеу жөніндегі шебер» 
мамандығы бойынша оқу-әдістемелік кешеннің бір бөлігі болып 
табылады. 
Оқулық «Электроника және цифрлық схемоаехника негіздері» 
жалпы кәсіптік пәнін меңгеруге арналған. 
Жаңа буынның оқу-әдістемелік кешені жалпы білім беретін 
және жалпы кәсіптік пәндер мен кәсіптік модульдерді меңгеруге 
мүмкіндік 
беретін 
дәстүрлі 
және 
инновациялық 
оқу 
материалдарынан тұрады. Әр кешен жалпы және кәсіптік, сонымен 
қатар жұмыс берушінің талабын ескерілген құзырлықтарды меңгеру 
үшін қажетті оқулықтар мен оқу құралдарын, оқу және бақылау 
құралдарын қамтиды. 
Оқу басылымдары электронды білім беру ресурстарымен 
толықтырылады. Электронды ресурстар интерактивті жаттығулар 
мен тренажерлары бар теориялық және практикалық модульдерден, 
мультимедиялық нысандардан, қосымша материалдар мен 
Интернет 
ресурстарына 
сілтемелерден 
тұрады. 
Оларға 
терминологиялық сөздік, оқу үдерісінің негізгі параметрлері: 
жұмыс уақыты, бақылау және практикалық жұмыстарды орындау 
нәтижесі тіркелетін электронды журнал кіреді. Электронды 
ресурстар оқу үдерісіне оңай бейімделеді және түрлі оқу 
бағдарламаларына сәйкестендіріле алады.


Кіріспе
Қазіргі заманды адам қызметінің барлық саласында мықтап 
орын алған электроника құралдарынсыз елестету мүмкін емес. 
Телевидение, радио, спутниктік байланыс және навигация, мобильді 
байланыс, Интернет — бұл салалардың барлығы – электроника 
саласының жетістіктері. 
Электроника — ғылым мен техниканың материалдардағы 
физикалық үдерістерді және түрлі мақсаттағы құрылғылар жасауға 
көмектесетін электромагнит өрісінің қасиеттерін зерттейтін саласы. 
Электрониканың бастау көзі болып ХІІІ-ХІХ ғасырлардағы 
физиктердің 
жұмысы 
табылды. 
Электронды 
элементтерді 
қолданудың алғашқы жемісі телефон байланысының ұзақтылығын 
арттыру үшін онда триод лампаларын пайдалану еді.
Алыс аймақтармен байланыс орнатып, ақпарат алуға деген 
ұмтылыс радиобайланыстың дамуына ықпал етті. Радиобайланыста 
ақпарат жеткізу алыс қашықтыққа тарала алатын электромагниттік 
толқын көмегімен жүзеге асырылады. Радио бағдарламалар 
тыңдаушылардың назарын өзіне қаратып, кей жағдайда жалғыз 
ақпарат көзі болып табылды. Кейіннен радиобайланыстың тағы бір 
бағыты – телевидение пайда болды. Ол танымдық, сауықтыру 
қызметін атқарады, әлемнің ең алыс нүктесінен тікелей көрсетілім 
жүргізуге, телемәтін арқылы қосымша ақпараттық хабарлама 
жеткізуге мүмкіндік береді.
Радиобайланыс 
бағытының 
бірі 
болып 
радиолокация 
(радиотолқын көмегімен нысанның тұрған орнын табу және 
анықтау) табылады. Радиолокаторлар ұшақтарды, кемелерді, 
бұлттардың шоғырлануын анықтауға, планеталардың локациясына 
және ғарыштың зерттеулерде пайдаланылады. Радиолокация 
көмегімен планеталардың орбиталық қозғалысы, сондай-ақ олардың 
өз өстерін айналасында қозғалыс жылдамдығы анықталады. 
Электрониканың алға басуы 1948 жылы транзисторды ойлап 
табумен байланысты. Транзистор және басқа да жартылай өткізгіш 
құралдар өнәркәсіпте және тұрмыстық техникада белсенді түрде 
қолданыла бастады. 
Жартылай өткізгіш құралдар негізіндегі құрылғылар лампалы 


құрылғыларға қарағанда айтарлықтай сенімді болды. 
Электроника дамуындағы қарышты қадам шағын корпустағы 
мыңдаған элементтерден тұратын интегралдық схеманы құру болып 
табылды. Техниканың, космонавтика мен ядролық физиканың 
дамуы көп санды элементтері бар аппаратура құруды талап етті. 
Күрделі 
есептеулерді 
жүргізу 
үшін 
электронды-есептеуіш 
машиналарды шығару қажеттілігі туындады. Микроэлектроника 
миниатюрлық орындаудағы құрылғыны іске асыруға мүмкіндік 
берді. 
Электроника жетістіктерінің бірі – спутниктік навигация. 
Спутниктік навигация — жер үстіндегі және ғарыштық жабдықтан 
тұратын, жерүстіндегі, су және әуе нысандарының орналасқан 
жерін, қозғалыс уақыты мен параметрлерін анықтауға бағытталған 
кешенді электронды-техникалық жүйе.
Дербес компьютердің пайда болғанынан бері отыз жылдан сәл 
көп уақыт өтті. Алғашқы үлгілерінің фунционалдық мүмкіндіктері 
шектеулі болды, дегенмен, ол электроника және есептеуіш техника 
саласындағы серпіліс еді. Заманауи компьютер хабарламаны 
жеткізуге және өңдеуге, бейне конферения жүргізуге, күрделі 
есептерді орындауға және түрлі физикалық құбылыстар мен 
үдерістерді үлгілеуге мүмкіндік береді. Компьютердің басты 
есептеуіш құрылғысы — процессор, миллиондаған транзистордан 
тұрады. Транзистор есептеуіш жүйені құруға қажетті «кірпіш» 
болып табылады.
Өмірдің қазіргі ағымы шешімді жедел қабылдауды талап етеді. 
Мобильді байланыстың дамуы хабарламаны уақытында жеткізуге 
және керек ақпаратты дер кезінде білуге мүмкіндік берді. Мәселен, 
мобильді телефон байланыс қызметін ғана атқарып қоймайды, ол 
навигация қызметін, Интернетке кіруді, түрлі қызметтер мен 
сервисті қолдануды жүзеге асырады.
Электроника элементтерінің көмегімен адамзат күн энергиясын 
электр тогына айналдыруды үйренді. Күн батареялары энергиялық 
тиімді ғимаратты қоректендіру құрылымының ажырамас бөлігіне 
айналды, онсыз спутниктің жұмысы мүмкін емес. Күн энергиясы 
жер бетінде энергияның преспективті көздерінің біріне айналуда.
Электроника элементтерінің одан әрі дамуы жеткізілетін 
ақпараттық 
хабарламалар 
сапасының 
артуымен, 
жеткізу 
жылдамдығының өсуімен, интерактивті сервисті қолданумен, 
электронды 
құрылғылардың 
функционалдығын 
арттырумен 
байланысты.
Бұл оқулық «Цифрлық ақпаратты өңдеу жөніндегі шебер» 
мамандығы бойынша орта кәсіптік білім берудің ФМБС-ға сай


құрастырылған. Оқулықта элементті база, электронды құрылғы 
әрекетінің 
принципі, 
электронды 
құрылғының 
негізгі 
сипаттамалары мен арнайы бағдарламаларда үлгіленуі жөніндегі 
материал жүйеленген.
Оқулық үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда электронды 
техника 
элементтерінің 
жіктелімі, 
олардың 
сипаттамасы, 
таңбалануы және құрылымдау нұсқалары, сондай-ақ қарапайым 
құрылғыларды Micro-Cap бағдарламасында үлгілеу берілген. 
Екінші тарау логикалық элементтерге, цифрлық құрылғыларға және 
аналогты сигналды дискретизациялау принциптеріне, жадының 
жартылай өткізгіш типтеріне арналған. Үшінші тарау цифрлық-
аналогты және аналогты-цифрлық түрлендіргіштер туралы базалық 
білімді, электрониканың түрлі схемаларын қолдану және үлгілеу 
мәселелерін қамтиды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет