в 1.2-сурет. К22-5 конденсаторының габаритті өлшемдері
Конденсаторларды пайдалану кезінде процессордың қызуын ескеру
және конденсаторды қыздыратын шекті температураны таңдау керек.
Процессордың
қорек
тізбегінде
оксидті
конденсаторлар
пайдаланылады. Оксидті конденсаторға жоғары жиілікті құрамдастың
(ондаған мегагерцке дейінгі) енуін болдырмас үшін процессордың
шығынына тікелей жақындықта сыйымдылығы 0,033 мкФ болатын
корпуссыз керамикалық конденсатор орнатылады, ал төмен жиілікті
құрамдастан (жүздеген килогерцке дейінгі) кедергі ретінде
сыйымдылығы 3,3...4,7 мкФ болатын керамикалық конденсаторды
қосады
.
Конденсаторлар қызған кезде корпустың істен шығуы және
механикалық бұзылуы орын алады, бұл алдымен компьютердің
«тежелуіне», одан кейін оның жұмысқа қабілетсіздігіне әкеледі.
Жүйелік тақтада ажыратқыш және сүзгілеуші конденсаторлар
ретінде электролит конденсаторлар қолданылады. Ұзақ пайдалану
кезінде электролит құрғайды. Ақаулы конденсаторлар үрленіп,
«бөшке» тәріздес болуы мүмкін. Конденсатор корпусының жоғары
бетінде арнайы айқастырғыш бар. ол конденсатордың тақтадан
шығып кетуін болдырмауға арналған, ол қызған кезде консерві
банкасы сияқты ашылады.