Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет12/116
Дата06.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#81594
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   116
Байланысты:
5ddcb76d5d423 1574745965

Трансформатор.
Трансформатор 
жұмысының 
принципі өздігінен индукциялау құбылысына 
негізделген. Айнымалы токтың алғашқы 
орамдағы өзгерісі магнитті ағын (өздігінен индукциялау ағынының) 
өзгерісіне әкеледі, сәйкесінше, өздігінен индукциялаудың ағынын 
ажыратқыш та (барлық айналымның өздігінен индукциялау 
ағынының жиыны) өзгереді, өздігінен индукциялаудың электр 
қозғалтқыш күші (ЭҚК) туындайды. Екінші орам индуктивтіліктің 
белгілі бір мәнімен айналымды білдіреді, өздігінен икдукциялаудың 
өзара ЭҚК (бастапқы орамдағы ток өзгерісінің жылдамдығына 
пропорциональ) туындайды, манитті ағын құрылады, ол өз кезегінде 
екінші орамда токты тудырады. Өздігінен индукциялаудың ЭҚК 
трансформатордың бастапқы орам тогына қарсы: 
𝑒
𝐿
= −𝐿
𝑑𝑖
𝑑𝑡
Өздігінен индукциялаудың ЭҚК қалыптастыруда маңызды рөлді 
магнитті материалдағы (магнитті өткізгіш) өзекше алады. Магнитті 
өткізгішінің магнит өткізгіштігі шарғы индуктивтілігін арттыруға 
ықпал етеді. Магнитті өткізгіштері өзекті, қалқанды, сақиналы 
болады.
Қалқанды 
магнитті 
өткізгішті 
пайдалану 
кезінде 
трансформатордың барлық орамдарын бір шарғыға орналастырады, 
оны магнитті өткізгішінің ортаңғы өзегіне кигізеді. Өзекті магнитті 
өткізгішті пайдалану кезінде оның екі өзегінде екі шарғы орнатылады. 
Қуаты аз, күшті, төмен жиілікті трансформаторларда қалқанды 
өзекше пайдаланылады, себебі бір шарғыны қолдану құрылымды 
оңайлатып, магнитті өткізгіштің терезесін мыспен толтырудың 
максимальды коэффициентін алуға мүмкіндік береді. Өзекті 
құрылымды қуаттылығы орташа және үлкен трансформаторлар үшін 
қолданады, екі шарғының болуы жылу беру ауданын ұлғайтып, 
орамның жылу режимін жақсартады. Өзекті құрылымның 
артықшылығы – сыртқы әлсіз магнитті өрісінің болуы, себебі екі 
шарғының өрісі бір-біріне қарама-қарсы бағытталған. Ең кіші сыртқы 


өріс сақиналы өзекшелі трансформаторларды пайдалану кезінде 
болады.
Қалқанды және өзекті магнитті өткізгіштері құрылымы бойынша 
штампты және таспалы пластинадан жиналған болып бөлінеді. 
Таспалы магнитті өткізгішті трансформаторлық болатты бұрау және 
жабыстыру арқылы алуға болады. Шарғы орнатуға қажетті кесіндіден 
кейін С-тәріздес өзекшелерді жасайды да, олардан қалқанды және 
өзекті магнитті өткізгіштерін жинайды. Магнитті өткізгіште 
минималды магнитті емес саңылау жасау үшін өзекшенің бүйірін 
шарғыға орнатқан соң ферромагнитті материалдан тұратын пастамен 
желімдейді. Егер саңылау қажет болса, екі өзекше арасындағы жіктің 
орнына қажетті қалыңдықтағы қағаз не картоннан төсем салады. 
Өзекшелердің 
таспалы 
құрылымы 
дайындау 
үдерісін 
механикаландыруға мүмкіндік береді. Бұл кезде өзекшені шарғыға 
орнату үдерісінің еңбек сыйымдылығы төмендейді, ал материал 
қалдығы азаяды. Беріктелген болат қолданған кезде таспалы 
өзекшелерді пайдалану трансформатор көлемі мен массасын 
қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл штампталған өзекшелерде магнитті 
күшті желісінің бір бөлігі прокат бағытына перпендикуляр 
өтетіндіктен орын алады. Бұл кезде болат шығыны өте көп болады. 
Таспалы өзекшелерде өріс желісі магнитті өткізгішінің ұзына 
бойынша прокат бағыты бойымен орналасқан.
Өзекшенің параметрлері:

магнитті күшті желісінің орташа ұзындығы; 

магнитті өткізгіштің көлденең қимасының белсенді ауданы

терезе ауданы; 

магнитті өткізгіш массасы. 
Трансформаторлардың массасы мен құны материалдың магнитті 
өткізгіштігіне байланысты. Магнит өткізгіш материалын таңдау 
кезінде үстеме магниттеуді, трансформатор қуатын, оның мақсатын 
ескеру керек. Орамның қызуы тек трансформаторда таралатын 
жиынтық қуатқа тәуелді емес, оны өзекше мен орам арасында 
таратуға, жылу беру шарттарына, оқшаулау материалының жылу 
шығаруына және орамның радиал қалыңдығына да байланысты. 
Сондықтан да орам қызуы төмендейтін индукция мәні болат маркасы 
мен желі тогының жиілігіне ғана байланысты емес, екінші орамнан 
алынатын 
трансформатор 
қуатымен 
байланысты 
болатын 
трансформатор өлшеміне де тәуелді. Трансформатор қызу 
температурасы қолданыстағы оқшаулау материалының шекті мәнінен 
аспайтындай етіп құрылуы керек. Керісінше болса, оқшаулау 
материалы тез тозып, оның тесілуіне және трансформатордың 
уақытынан бұрын істен шығуына әкеледі. 
Оқшаулау келесі қасиеттерге ие болуы керек: қалыңдығы аз, 
жоғары тесерлік кернеулі, механикалық беріктігі, металл өткізгішпен 


жақсы ажыратылатыны, икемділігі, жоғары температура ұзақ әсер 
еткенде электр оқшаулағыш қасиеттерінің аз өзгеруі, лак мен 
қоспаларда ерімейтіндігі.
Трансформаторды есептеу кезінде өзекше материалының маркасы 
мен оның өлшемін, өткізгіш маркасын, оның диаметрін, орам 
айналысының санын, каркас пен орам құрылымын анықтайды. 
Байланыстыратын 
трансформаторлар 
пайдалы 
ақпарат 
тасымалдайтын электр сигналдары кернеуінің деңгейін өзгеруге 
арналған. Олар ең төмен шығын мен ең төмен сигнал қателігі кезінде 
сигнал көздерін жүктемемен байланыстыруға мүмкіндік береді. 
Байланыстыратын трансформаторлардың ассортименті көп. Солардың 
бір түрі – кіріс трансформаторлары. Кіріс трансформаторлары төмен 
шығыс кедергілі сигнал көзін (микрофон, дыбыс түсіргіш) 
күшейткіштің кіріс кедергісімен байланыстыруға арналған. Кіріс 
сигналдарының деңгейі салыстырмалы түрде үлкен болмағандықтан, 
бұл трансформаторлар сыртқы магнит өрісі әсерінен қорғалуы керек. 
Кіріс трансформаторларды қолдану құрылғының шу сипаттамасын 
барынша жақсартуға мүмкіндік береді. Гальвандық шешім бар кезде 
трансформатордың бастапқы және екінші орамдары арасында 
микрофонның әр түрін пайдалануға болады.
Трансформаторлар компьютер блоктарында қорек кернеуін алу 
үшін (жүйелік тақта, дискжетек, қатты диск, кулерлер үшін), 
теледидарда түрлі модульдерге (кадрлық және жолдық орам, 
радиоканал модулі, түрлі-түстілік модулі, кинескоп тақтасы) арналған 
екінші кернеуге қолжеткізу үшін пайдаланылады.
Трансформаторларды сонымен бірге шығыс каскадтарында төмен 
жиілікті дыбыс күшейткіштернде де қолданады.


1.6-сурет. 
Диодты 
принципиалды электр 
схемасында белгілеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет