Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет10/116
Дата06.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#81594
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   116
Байланысты:
5ddcb76d5d423 1574745965

Резистор
. Резистор — электр кедергісін қолдануға арналған 
электр тізбегінің элементі. Резистордың негізгі параметрі – кедергі, 
кедергінің бірлігі — ом (Ом). 
Резистор параметрі: 

таралудың шекті қуаттылығы (0,125-ден 100 Вт-қа дейін); 

нақтылық класы (0,1-ден 20 %-ға дейін); 

кедергінің температуралық коэффициенті: 


TKR =
ΔR
RΔt

 
 
Мұндағы: 
AR
— 
At
температура өзгерген кездегі кедергінің өзгерісі
;

паразитті сыйымдылық және индуктивтілік; 

шудың жылылық коэффициенті; 

резистордың габариттік өлшемі; 

резистор массасы. 
Резистордың мақсатына қарай оларды жалпы мақсаттағы және 
арнайы (прецизиялық, жоғары прецизиялық, жоғары жиілікті, жоғары 
вольтты, жоғары мегаомды) резистор болып бөлінеді. 
Жалпы қолданыстағы резисторлар 
түрлі жүктеме, жұтқыш және 
қорек тізбегіндегі бөлгіштер ретінде, импульстер қалыптасу тізбегінде 
сүзгі, шунт элементтері ретінде пайдаланылады.
Прецизиялық және жоғары прецизиялық резисторлар 
пайдалану 
кезінде параметрлерінің жоғары тұрақтылығымен және үлкн 
нақтылықпен дайындалуымен (0,0005-ден 0,5%-ға дейінгі шекте)
 
сипатталады

Олар негізінен өлшеу құралдарында, есепті шешуші 
құрылғыларда, есептеуіш техникада және автоматика жүйелерінде 
қолданылады.
Жоғары жиілікті резисторлар 
шағын меншікті индуктивтілікпен 
және шағын сыйымдылықпен сипатталады, жоғары жиілікті 
тізбектерде, 
кабельдерде 
радиоэлектронды 
аппаратура 
толқындарында біріктіргіш жүктеме, аттенюатор, бағыттағыш 
тармақтағыштар, антенна эквиваленттері ретінде пайдаланылады. 
Сымсыз жоғары жиілікті резисторлар жүздеген мегагерц және одан да 
көп жиілікте, ал жоғары жиілікті сымды резисторлар жүздеген 
килогерцке дейінгі жиілікте жұмыс істеуге қабілетті.
Жоғары вольтты резисторлар 
жоғары жұмыс кернеулеріне 
(бірліктен ондаған киловольтқа дейінгі) есептелген. Олар кернеуді 
бөлгіш, ұшқынды сөндіргіш, жұтқыш ретінде зарядты және разрядты 
жоғары вольтты тізбектерде қолданылады.
Жоғары мегаомды резисторлардың 
ондаған мегаомнан бірлік 
терраомға дейінгі номинальды кедергі диапазоны бар және шағын 
жұмыс кернеуіне (100...400 В) есептелген. Жоғары мегаомды 
резисторлар аз токты электр тізбектерінде, түнгі жарық құралдарында, 
дозиметрлерде және өлшеу аппаратураларында қолданылады.
Монтаж тәсіліне қарай аппаратурада тұрақты да, айнымалы да 
резисторлар баспалы және аспалы монтаж үшін, сондай-ақ 
микромодульдер мен микросхемалар немесе олармен үйкеліс үшін 
орындала алады. Аспалы монтажға арналған резистор шығыстары 
қатаң немесе жұмсақ, аксиалды не радиалды дөңгелек қималы сымнан 
немесе жапырақ тәріздес таспадан жасалуы мүмкін. Микросхемалар 
мен микромодульдер құрамында қолданылатын резисторларда, 


сондай-ақ ӨЖЖ-резисторларда шығыс ретінде олардың бетінің бөлігі 
пайдаланыла алады.
С ы р т қ ы ә с е р ф а к т о р л а р ы н а н қ о р ғ а у т ә с і л і н е
қ а р а й резисторлар конструктивті оқшауланған, оқшауланбаған, 
бітеуленген және вакуумды болып орындалған.
Оқшауланбаған резисторлар 
(жабынды және жабынсыз) өз 
корпусының аппаратура шассиіне тиюіне жол бермейді. Керісінше
оқшауланған резисторлар айтарлықтай жақсы оқшауланған жабынға 
(лак, компаунда, пластмасса) ие және корпусымен шассиге немесе 
аппаратураның ток жүргізетін бөлігіне тиюге жол береді. 
Бітеуленген резисторлар
корпусы бітелген құрылымды болады, ол 
қоршаған ортаның оның ішкі кеңістігіне әсер етуіне мүмкіндік 
бермейді.
Резисторлық элемент материалына байланысты резисторлар келесі 
топқа бөлінеді: сымды жоғары үлестік кедергісі бар талшықты не 
құйма сымнан жасалған резистор элементті; металл-фольгалы 
оқшауланған негізге салынған белгілі бір конфигурациялы фольгадан 
жасалған резистор элементті. 
Сымсыз резисторлар
жұқа қабықшалы (қабат қалыңдығы – 
нанометр), қалың қабықшалы (қабат қалыңдығы – миллиметр үлесі), 
көлемді (қабат қалыңдығы – милиметр бірлігі). 
Жұқа қабықшалы резисторлар
диэлектрик пен металдан не металл 
оксидінің жұқа қабықшасынан, немесе металл құймасынан жасалған 
микрокомпозицияланған қабат түріндегі резистор элементті металл 
диэлектрикті, металл оксидті және металданған; пиролитті көміртек 
немесе бор органикалық қосылысты қабықшадан тұратын көміртекті, 
бор көміртекті өткізгіш элемент болып бөлінеді. 
Қалың қабықшаларға резисторларға лак-күйе, керметті немесе 
пластмасса өткізгіш негізіндегі резисторлар жатады. Қалың 
қабықшалы резисторлардың резисторлы қабаттары графит не күл, 
металл не органикалық не бейорганикалық байланыстырғышты 
(смола, әйнек сыр), толықтырғышты, пластификаторлы және 
қатайтқыш металл оксиді секілді өткізгіш құрамдастардың 
механикалық араласуынан алынатын бірнеше фазадан тұратын 
гетерогенді жүйені (композицияны) білдіреді. Лайықты термоөңдеу 
жүргізгеннен кейін қажетті резисторлық параметрлер кешенімен 
гетерогенді монолитті қабат пайда болады.
Көлемді резисторлар
органикалық және бейорганикалық 
байланыстырушы диэлектрик болуы мүмкін.
Қазіргі электроникада беткі монтаж танымал болып табылады, 
себебі оның бірқатар артықшылықтары бар. Беткі монтаж кезінде 
қолданылатын құрамдастардың бірі болып чип-резистор табылады. 
Чип-резистордың басты артықшылығы – шағын габаритті. Осының 
арқасында 
ауданның 
бір 
бірлігіне 
аспалы 
резисторларды 


1.3-сурет. Резисторды 
принципиальды 
электр 
схемасында 
белгілеу 
пайдаланғанға қарағанда айтарлықтай көп чип-құрамдастар орналаса 
алады. Мұндай орналастыру нәтижесінде монтаж тығыздығы артады 
да, электронды құрылғы шағын болады. Сонымен қатар, чип-
резисторлар басқа резисторлардан едәуір жеңілдігімен ерекшеленеді, 
сондықтан аппаратураның соңғы массасы бірнеше есе аз болады.
Чип-резисторлар
көптеген 
есептеу 
техникасының 
құрылғыларында, 
шағын 
көлемді 
құрылғыларда 
кеңінен 
қолданылады. Олардың көлемі өте кіші болады. Резистордың 
майысқақ шығысы болмайды, резистор монтажы оның металданған 
бүйірін тақтаға резистордың типті өлшемі астынан екі байланыс 
алаңымен дәнекерлеу арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, 0603 типті 
өлшемді резистордың келесідей параметрлері болады: ұзындығы — 
1,6 мм, ені — 0,8 мм, биіктігі — 0,45 мм. Чип-резисторлар 10 МОм-ға 
дейінгі номиналда шығарылады. Чип-резисторлардың нақтылығы 0,5-
тен 5 %-ға дейін. 
Резистор принципиальды электр схемасында тікбұрыш түрінде 
белгіленеді (1.3-сурет). 
Резисторды таңбалау екі тәсілмен жүргізіледі: түрлі-түсті 
жолақпен және әріптік-сандық кодпен. Түрлі-түсті жолақты 
пайдаланған кезде кестелер кедергі номиналын анықтауға, ал түс 
кедергі ретін анықтауға қызмет етеді. Отандық резисторларды 
пайдалану кезінде келесі жүйе қолданылады. Е әрпі ом кедергіні 
белгілейді, К әрпі килоом кедергіні, М әрпі мегаом кедергіні 
белгілейді. Егер сан әріпке дейін тұрса, ол кедергінің тұтас бөлігін 
білдіреді, сан әріптен кейін тұрса, кедергінің бөлшекті бөлігін 
білдіреді. Мысалы: Е10 (R = 0,1 Ом), 10Е (R = 
10 Ом), 5Е1 (R =
5,1 Ом); К22 (R = 220 Ом), 1К3


(R = 1,3 кОм), 10К (R = 10 кОм); М20 (R = 200 кОм), 2М2 (R = 2,2 
мОм). 
Чип-резисторлар жүйелік тақтада және компьютердің сыртқы 
құрылғысында қолданылады. Корпусында номинал белгісі берілген. 
Бастапқы екі сан номиналды білдіреді. Үшінші және төртінші сан нөл 
санын білдіреді. Мысалы: 103 = 10000 Ом = = 10 кОм, 5 102 = 5 100 
Ом = 5,1 кОм. 
Чип-резисторларды қолдану схеманы миниатюрлеуге және оны 
өндіріс кезінде барынша технологияландыруға мүмкіндік береді, 
мұндай резисторлар үшін тақтада саңылау жасау қажет етілмейді, 
оларды тақтаға салынған байланыс алаңына дәнекерлейді. 1.4-суретте 
чип-резистор қолданылған компьютердің қатты дискісінің электронды 
бөлігінің баспа тақтасы көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет