ДИОДТАР Д и о д — сызықты емес вольт-ампер сипаттамасына ие, бір
p —
л-ауысымы бар құрал. Диодтар көптеген белгілері бойынша топтарға
бөлінеді:
■
материал түріне қарай (Ge — германий, Si — кремний);
■
жиілік диапазонына қарай (төмен, орташа, жоғары, өте жоғары
жиілікті);
■
орындайтын қызметіне қарай (түзеткіш, детекторлық, импульсты,
тұрақтандырғыш, арнайы);
■
құрылымына қарай (қадауышты, ернеулі, таблеткалы, модульды).
Диодты принципиалды электр схемасында белгілеу 1.6-суретте
көрсетілген.
Функционалдық мақсатына қарай диодтарды қарастырайық.
Түзеткіш диодтар айнымалы тоқты тұрақты токқа түзету үшін
пайдаланылады, килогерц жиілік бірлігінде жұмыс істейді, оларды
тағы күшті деп те атайды. Түзеткіш диодтар аз қуатты, орташа және
үлкен қуатты (сәйкесінше шекті тура тогы 300 мА дейін, 10 А дейін,
10 А дан көп) болуы да мүмкін. Оларды көбіне кремнийден
дайындайды.
Детекторлық диодтар модульденген тербелістерді орташа,
жоғары және өте жоғары жиіліктерде детекторлау үшін
пайдаланылады. Олар радиоқабылдағыштар мен теледидарлардың
ажырамас бөлігі болып табылады. Детекторлық диодтар әдетте аз
қуатты болады.
Импульсты диодтар испультардың аз ұзақтылығында және
айнымалы үдерістер (микросекундтар мен микросекунд бөліктері)
кезінде схемада тірек элементтер ретінде пайдалануға арналған. Олар
жоғары жылдам әсерлі болуы керек, себебі бір логикалық қалыптан
екіншісіне ауысу үшін қолданылады. Импульсты диодтар берілген
араласу кернеуі кезінде шығыстар арасындағы сыйымдылық ретінде
өлшенетін кедергілі сыйымдылықдың аз
мәнімен сипатталады.
Тұрақтандырғыш диодтар (стабилитрондар)
электронды
тұрақтандырғыштарда
кернеуді
тұрақтандыруға арналған. Стаблитрондар кері
тармақта вольт-ампер сипаттамасында жұмыс
істейді. Стаблитрондар аз, орташа және үлкен
қуатты болады.
Тұрақтандыру үшін ВАХ тура тармағы
пайдаланылатын диод стабистор деп аталады.
Стабисторлардың тұрақтандыру кернеуі 0,7В-