ТРАНЗИСТОРЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІ МЕН СИПАТТАМАЛАРЫ Т р а н з и с т о р — сигналдардың қуатын және басқа да бірқатар
функцияларын (генерациялау, қайта қосу) күшейтуге арналған
жартылай өткізгішті құрал. Биполярлық және өрістік транзисторлар
кеңінен пайдаланылады.
Биполярлық транзисторлар негізгі қолдану салаларына сай келесі
топтарға бөлінеді: күшейтпелі (өте жоғары жиілікті, жоғары вольтты,
жоғары жиілікті сызықты), генераторлы (жоғары жиілікті, өте жоғары
жиілікті, өте жоғары жиілікті байланыс тізбегімен), қайта қосылатын
(қайта қосылатын жоғары вольтты) және импульсты (импульсты
жоғары вольтты).
Өзінің негізгі қолданыс мақсаты бойынша транзисторлар
күшейтпелі, генераторлы және қайта қосылатын болып бөлінеді.
Көрсетілген әр топ параметрлерінің спецификалық жүйесімен
және
транзисторды
радиоэлектронды
аппаратурада
қолдану
ерекшеліктерінен шығатын анықтамалық тәуелділікпен сипатталады.
Биполярлық транзисторлар екі
р —л-ауысуға ие. Транзистор 1.7-
суретте көрсетілген. Транзистор түрлі электр өткізгіштікті аймақ
құрылған германий мен кремнийден жасалған пластинаны білдіреді.
Транзистор үші электродтан тұрады: эмиттер, коллектор, база. База
аймағы электронды және тесік электр өткізгіштен тұрады. Сондықтан
транзисторды құрылымына қарай екі типке бөледі:
л —
p —
л және
p —
л — р. Транзистордың шартты-графикалық бейнесі 1.7-суретте
берілген.
Транзистор үш негізгі режимде жұмыс істей алады: белсенді,
төмен, қаныққан. Белсенді режим көптеген күшейткіштер мен
генераторларда пайдаланылады. Бұл режимде эмиттерлі ауысу ашық,
яғни оған тура кернеу түседі, ал коллеторлық жабық. Төмен режимде
екі
р —л-ауысу да жабық күйде болады. Қаныққан режимде екі ауысу
да ашық күйде болады. Төмен және қаныққан режимдер
транзистордың импульсты жұмысына сай келеді.
Транзисторлы жүйелерде әдетте екі тізбек құрылады:
1)
Транзистор жұмысын басқару үшін кіріс;
2)
Күшейтілген тербелісті алатын шығыс.
Күшейтілген тербеліс көзі кіріс тізбекте қосылады, ал шығыс
тізбекте жүктеу қосылады.