7 . 2 - к е с т е
Шығыс
Атауы
MX7523
MX7524
01
OUT1
Алғашқы
инверсті ток шығысы
02
OUT2
Екінші инверсті емес ток шығысы
03
GND
Жалпы қорек шығысы
04
DB7
Деректердің үлкен жетінші биті
05
DB6
Деректердің алтыншы биті
06
DB5
Деректердің бесінші биті
07
DB4
Деректердің төртінші биті
08
DB3
Деректердің үшінші биті
09
DB2
Деректердің екінші биті
10
DB1
Деректердің
бірінші биті
11
DB0
Деректердің кіші нөлдік биті
12
CS/
Пайдаланылмайды
Кристалдарды
таңдау
13
WR/
Пайдаланылмайды
Жазбаларды
стробтау
14
Vdd
Қорек кернеуі
15
Vref
Тірек кернеу
16
Rfb
Кері байланыс резисторы
Барлық микросхемалар тірек кернеуінің сыртқы көзін пайдалана
алады, ал MAX503 және MAX530 микросхемаларда сонымен бірге
тірек кернеуінің орнатылған көзі болады.
Бірінші цифрлық-аналогты түрлендіргіш MX7523 жоғары
өнімділікті, CMOS (КМОЖ) технологиясы бойынша орындалған.
Бұл микросхема танымал AD7523 микросхемасымен ұқсас.
Микросхема кіріс кодын буферлемейді, сәйкесінше ол жазбаны
стробтау сигналына ие болмайды. Кодтың кез келген өзгерісі 8-
битті кіріс шинасына сол сәтте (150 нс ішінде)шығыс
тогының
орнатылуын тудырады. Микросхема 200кГц-ға дейінгі жиілікте
жұмыс істей алады. Микросхема шығыстарының бақылануы 7.2-
кестеде берілген.
Екінші микросхема MX7524 сипаттамасы жағынан MX7523
микросхемасына ұқсас, тек оның код сақтауға арналған кіріс буфері
болады. Сәйкесінше, басқарудың екі кірісі: CS іріктеу және WR
e(f)
жазба кірісі болады. Шығыс тогын орнату уақыты бұл микросхема
үшін үлкен және 400 нс-ті құрайды, оның шығыстарын бақылау да
7.2-кестеде берілген.
Үшінші микросхема MX7528 токты шығысты қосарланған
цифрлық-аналогты түрлендіргіш болып табылады және құрылымы
жағынан MX7524 микросхемасына ұқсас. Оның шығыс тогын
орнату уақыты да 400 нс-ті құрайды.
MAX505 және MAX506
микросхемалары қарастырылып
отырған цифрлық-аналогты түрлендіргіштер тобының арасында
айтарлықтай қызығушылыққа ие, себебі олардың әрқайсысы
корпустарында кернеу шығысы бар төрт тәуелсіз каналға ие.
MAX505 микросхемасы әр канал үшін тіректі кернеудің тәуелсіз
кірісіне ие, ал MAX506 микросхемасы тіректі кернеудің бір ортақ
кірісіне ие. Шығыс кодын орнату уақыты 6 мкс-тен артпайды.
Екі цифрлық-аналогты түрлендіргіштер де +5 В бірполярлы
қоректік кернеуден де, +5 В екіполярлы кернеуден де жұмыс істеуге
мүмкіндік береді. Микросхеманың қоректің
бірполярлық көзінен
қоректенуі кезінде қоректің теріс көзінің шығысы V
SS
(3) аналогты
AGND (және сандық DGND) ортақ жетекті шығысымен жалғанған
болуы керек. MAX505 микросхемаларының ерекшеліктері болып
деректерді қосарлы буферлеу және барлық аналогты шығыстарда
шығыс кернеуін ауыстыру сәтін сырттай синхрондауға мүмкіндік
табылады. Ол үшін LDAC (белсенді төмен) кірісі қарастырылған.
Егер бұл кірісте «0» кернеуі орнатылған болса, онда кіріс код
алдымен кіріс регистрге түседі де,
содан кейін бірден сәйкес
каналдың шығыс регистріне түседі. Бұл кірісте («0»-ден «1»ге
ауысу) кернеудің оңтайлы түсуі кезінде шығыс регистрлер алғашқы
регистр кодтарының мәнін жадта сақтайды. Осы кіріске қысқа теріс
импульс кезектілігін беріп барлық шығыстағы ақпарат ауысуын
синхрондауға болады.
MAXIM фирмасымен барлығы 23 параллель толық разрядты
интерфейсті цифрлық-аналогты түрлендіргіштер шығарылады.
10, 12, 13 және 14 разрядты микросхемалар шығарылады. Бұл
кезде 12 разрядты микросхемалар ішінде каналдар саны 1 не 2 ні
құрауы мүмкін, 13 және 14-разрядты микросхемаларда да канал
саны 1-ден 8-ге дейін, ал 10 разрядтты микросхемалар тек бір
каналды болып шығарылады.
MX7520/ MX7530/MX7533 және MX7521/MX7531/MX7541(A)
сандық-аналогты түрлендіргіштердің микросхемалары CMOS
(КМОЖ) технологиясы бойынша орындалған,
қарапайым жоғары
өнімділікті 10- және 12 разрядты ЦАТ болып табылады. MX7545A
микросхемасы CMOS (КМОЖ) технологиясы бойынша орындалған
12-разрядты ЦАТ-тың буферленген нұсқасы болып табылады.
Буферлік регистрде кіріс кодын жазу үшін CS және WR кірістеріне
бір мезгілде «0»-ді беру керек. Шығыс токты орнату уақыты – 1
мкс.
Достарыңызбен бөлісу: